Бұл әйелдер үшін оқу - ерлікпен тең
-
0:00 - 0:03Арабтың әйел фотогрофы ретінде
-
0:03 - 0:08жеке тәжірибелерімдегі жобаларым үшін
молынан шабыт алдым. -
0:08 - 0:10Жарқын өмірге қарсы кедергілерді
-
0:10 - 0:13бұзуға мүмкіндік берген
білімнен туындаған құмарлық -
0:13 - 0:18"Оқимын, Жазамын" деген жобама
түрткі болды. -
0:18 - 0:19Тәжірибемнің итермелеуімен
-
0:19 - 0:23басында жоғары білімге қол жеткізуге
рұқсатым болмағандықтан -
0:23 - 0:27білім алу кезіндегі өмірлерін өзгерткен
-
0:27 - 0:30өзге әйелдердің құжат
тарихтарын зерттеуге бел буып, -
0:30 - 0:34олар тап болған кедергілерін әшкерелеп,
ойландым. -
0:34 - 0:37Экономикалық және әлеуметтік
факторларға байланысты -
0:37 - 0:40Араб елдері арасындағы
айырмашылықтарды ескере отырып, -
0:40 - 0:44әйелдердің біліміне қатысты
біраз тақырыпты қамтыдым, -
0:44 - 0:48Бұл ауылдық өлкелердегі ұлғайып жатқан
әйелдердің сауатсыздығы; -
0:48 - 0:52білім беру реформалары; шеттетілген
студенттер бағдарламасы; -
0:52 - 0:55университет студенттері арасындағы
саяси белсенділіктер кіргізілді. -
0:56 - 0:58Мен осы жұмысты бастаған кезде
-
0:58 - 1:01әйелдерді бұған қатысуға
көндіру әрдайым оңай болған жоқ. -
1:01 - 1:03Олардың оқиғалары
басқа әйелдердің өмірлеріне -
1:03 - 1:07қалай әсер ете алатынын,
өз қоғамына қалай үлгі бола алатынын -
1:07 - 1:11түсіндіргеннен кейін ғана
кейбірі келісімін берді. -
1:11 - 1:14Бірлескен, әрі рефлекстік
тәсілдемеге талпына отырып, -
1:14 - 1:17мен олардан өздерінің
басылған суреттеріне -
1:17 - 1:19өз сөздері мен ойларын жазуын өтіндім.
-
1:19 - 1:22Кейін бұл суреттер
кейбір сынып бөлмелеріне таратылды, -
1:22 - 1:25әрі сондай білім мен жағдайды
басынан өткізген -
1:25 - 1:29басқа қыз-келіншектерді шабыттандырып,
ынталандыруға қызмет етті. -
1:30 - 1:33Йемен мұғалімі Аиша
-
1:33 - 1:36"Мен тәуелсіз болуға және барлық
жағынан ер адамдарға сүйенбеу -
1:36 - 1:39үшін білімге ұмтылдым", - деп жазды.
-
1:40 - 1:43Мысырлық Умм Эль-Саад менің алғашқы
сұхбаттасушымның бірі болды. -
1:43 - 1:47Алғаш кездескенімізде ол
өз есімін ғана жаза алатын еді. -
1:47 - 1:49Ол Қаир маңындағы
жергілікті ҮЕҰ жүргізген -
1:49 - 1:52тоғыз айлық сауаттылық
бағдарламасына қатысты. -
1:52 - 1:54Айлар өткен соң, оның күйеуі
-
1:54 - 1:57сауатты әйелі күйеуінің телефонындағы
-
1:57 - 1:59СМС-терді оқи алатындығын білгеннен кейін
-
1:59 - 2:02сыныптан шығарып алам деп қорқытты
деп қалжыңдайды. -
2:02 - 2:03(Күлу)
-
2:03 - 2:05Тілді алмайтын Умм Эль-Саад.
-
2:05 - 2:09Әрине, Умм Эль-Саадтың
бұл бағдарламаға қатысу себебі олай емес. -
2:09 - 2:13Өзінің күнделікті қарапайым тірліктерін,
онсыз да өз міндетіміз ретінде қабылдайтын -
2:13 - 2:17базарда ақша санаудан бастап балалардың
үй жұмыстарына көмектесуге дейінгі -
2:17 - 2:20шағын тірліктерді қалай бақылауда
ұстауға талпынатынын байқадым. -
2:20 - 2:23Кедейлігі мен әйел білімін бағаламайтын
-
2:23 - 2:25қоғамның ойлау үрдісіне қарамастан
-
2:25 - 2:28Умм Эль-Саад Мысырлық
сыныптастарымен бірге -
2:28 - 2:31оқу мен жазып үйренуге
аса құлшыныспен ұмтылды. -
2:32 - 2:35Тунисте Асманы кездестірдім,
-
2:35 - 2:38сұхбаттасқан төрт белсенді
әйелдің бірі. -
2:38 - 2:41Зайырлы биоинженерия студенттері
әлеуметтік желілерде өте белсенді. -
2:42 - 2:48Араб Көктемі деп аталып кеткен,
жоғары бағалайтын мемлекетіне қатысты ол: -
2:48 - 2:51"Мен әрқашан жаңа бактерияны
табуды армандадым" - деді. -
2:51 - 2:55Енді көтерілістен кейін бізде әрбір
күн сайын жаңа бір күн бар. -
2:55 - 2:59Асма басқа әйелдер үшін
негізгі кедергі болған -
2:59 - 3:02өңірдегі діндегі фундаментализмнің
өсуіне сілтеме болды. -
3:03 - 3:08Мен кездестірген барлық әйелдердің ішінен
йемендік Файза маған қатты әсер етті. -
3:08 - 3:13Файза тұрмысқа шыққан кезде сегіз жасында
мектепті тастап кетуге мәжбүр болады. -
3:13 - 3:16Бұл неке бір жылға созылды.
-
3:16 - 3:20Ол 14 жасында 60 жастағы кісінің
үшінші әйелі болды, -
3:20 - 3:25уақыт өткен соң 18 жасында
ажырасып, үш баланың анасы атанды. -
3:25 - 3:27Кедейлігіне қарамастан,
-
3:27 - 3:33ультра-консервативті қоғамдағы ажырасушы
ретіндегі әлеуметтік күйіне қарамастан, -
3:33 - 3:37мектепке қайтып келуіне қарсы
ата-анасына қарамастан, -
3:37 - 3:42Файза өмірін қолға алудың жалғыз жолы
тек білім арқылы ғана болатынын білді. -
3:42 - 3:43Ол қазір 26 жаста.
-
3:43 - 3:46Ол университеттегі іскерлік оқуын
қаржыландыру үшін -
3:46 - 3:49жергілікті ҮЕҰ грантын алды.
-
3:49 - 3:52Оның мақсаты - жұмыс тауып, үй жалдап,
-
3:52 - 3:54балаларын қайтарып алу.
-
3:55 - 3:59Араб елдерінде үлкен өзгеріс болып жатыр,
-
3:59 - 4:02әрі әйелдерге тап болған
күрестер өлшеусіз үлкен. -
4:02 - 4:04Суретіме түскен әйелдер секілді
-
4:04 - 4:09мен де бүгінгідей фотограф болу үшін
көп кедергілерден өттім, -
4:09 - 4:13кездестірген көп адамдарым маған не істей
алатынымды және алмайтынымды айтты. -
4:13 - 4:19Умм-эль-Саад, Асма, Файза және Араб
әлемінің көптеген әйелдері -
4:19 - 4:23білім алуға қарсы тұрған кедергілерді
жеңуге болатынын көрсетті, -
4:23 - 4:26жарқын болашаққа жетудің құралы
білім екенін олар білді. -
4:27 - 4:30Сонымен мен ойымды Ясминнің
сөзімен аяқтағым келіп тұр, -
4:30 - 4:33Тунисте сұхбаттасқан
төрт белсенді әйелдің бірі. -
4:33 - 4:35Ясмин:
-
4:35 - 4:37"Сеніміңді зертте.
-
4:37 - 4:41Өз қалауыңдағы адам бол,
олардың қалауындағы емес. -
4:41 - 4:45Олардың құлдығына бағынба, өйткені
анаң сені еркін қылып туды" - деп жазды. -
4:45 - 4:47Рақмет.
-
4:47 - 4:51(Қошемет)
- Title:
- Бұл әйелдер үшін оқу - ерлікпен тең
- Speaker:
- Лаура Бошнак
- Description:
-
Әлемнің кейбір жерлерінде әйелдердің жарты бөлігі оқу-жазу білмейді. Бұның түрлі себептері бар. Көп жағдайда әкелер, күйеулер, тіпті аналар сауаттылыққа аса мән бермейді. Фотогроф, әрі TED қызметкері Лаура Бошнак Йемен, Мысыр, Тунис елдеріне сапар шегіп, өз қоғамдарындағы әділетсіздікке қарсы тұрған оқушылар, саяси қайраткерлер, 60-тан асқан қарт аналардың ерлігіне тәнті болып қайтты.
- Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 05:05
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for For these women, reading is a daring act | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for For these women, reading is a daring act | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for For these women, reading is a daring act | ||
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for For these women, reading is a daring act | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for For these women, reading is a daring act | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for For these women, reading is a daring act | ||
Sandibek Rysbay accepted Kazakh subtitles for For these women, reading is a daring act | ||
Sandibek Rysbay edited Kazakh subtitles for For these women, reading is a daring act |