Return to Video

Әлемнің әр түкпірінен келген кітаптарды оқыған бір жылым

  • 0:01 - 0:04
    Кітап сөресінде қандай кітаптар бар
    екеніне қарап адам туралы
  • 0:04 - 0:06
    біраз нәрсе айтуға болатыны
    туралы жиі естиміз.
  • 0:08 - 0:10
    Кітап сөрем мен туралы не айтар екен?
  • 0:10 - 0:14
    Біраз жыл бұрын осы сұрақты
    өзіме қойған кезде,
  • 0:14 - 0:16
    мазамды қашырған бір жаңалық аштым.
  • 0:17 - 0:20
    Мен өзімді жоғары мәдениетті
    адам деп ойлайтынмын,
  • 0:20 - 0:23
    космополит адам.
  • 0:23 - 0:26
    Бірақ менің кітап сөрем басқа
    нәрселерден хабардар етті.
  • 0:26 - 0:28
    Кітап мұқабаларының бәрінде
  • 0:28 - 0:31
    Британ және Солтүстік Америка авторлары
    болатын және
  • 0:31 - 0:34
    ол жерде бірде бір аударма кітабы жоқ еді.
  • 0:34 - 0:38
    Оқитын кітаптарым туралы бұл жаңалық
  • 0:38 - 0:40
    мені біраз есеңгіретіп тастады.
  • 0:40 - 0:44
    Мен бұл туралы ойлағанда,
    шынымен ұялған сезімде болдым.
  • 0:44 - 0:47
    Мен ағылшын тілінен басқа тілдерде
    жазатын жазушылардың
  • 0:47 - 0:50
    керемет шығармалары бар екені
    туралы білетінмін.
  • 0:50 - 0:54
    Менің оқудағы әдеттерім
    басқа кітаптарды ашуға мүмкіндік
  • 0:54 - 0:56
    бермейтіні туралы ойлау тым өкінішті еді.
  • 0:56 - 0:59
    Сөйтіп мен өзіме әлемдік
  • 0:59 - 1:02
    кітап оқу жедел курсын жаздырып
    алуды шештім.
  • 1:03 - 1:06
    Ұлы Британия үшін 2012 жыл
    халықаралық жыл болды;
  • 1:06 - 1:08
    бұл Лондон Олимпиадасы жылы еді.
  • 1:08 - 1:12
    Мен осы уақытта
  • 1:12 - 1:15
    дүние жүзінің әр елінде шыққан
    новеллалар мен қысқа әңгімелер
  • 1:15 - 1:20
    жинақтарын оқуға немесе
    естеліктерді оқуға бел будым.
  • 1:21 - 1:22
    Және мен оны жүзеге асырдым.
  • 1:22 - 1:24
    Бұл өте қызық болды,
  • 1:24 - 1:26
    мен керемет нәрселерге қанықтым,
  • 1:26 - 1:28
    кейбір ерекше байланыстар жасадым,
  • 1:28 - 1:30
    солар туралы сіздермен бөліскім келеді.
  • 1:30 - 1:33
    Бірақ басында сәл қиындық болды.
  • 1:34 - 1:39
    Мен дүние жүзіндегі елдерді
    санамалаған түрлі тізімдерді
  • 1:39 - 1:41
    жобамда қолдану үшін көрдім,
  • 1:41 - 1:44
    соңында БҰҰ жасаған тізімге
    тоқталдым,
  • 1:44 - 1:45
    оған Тайванды қостым,
  • 1:45 - 1:49
    соңында 196 елі бар тізім шықты.
  • 1:49 - 1:52
    Мен кітап оқу мен блог жүргізуді
    жоспарладым,
  • 1:52 - 1:54
    аптасына 5 күн жұмыс істей жүріп
  • 1:54 - 1:57
    аптасына 4 кітап оқу,
  • 1:57 - 2:01
    сонан соң мен тағы бір фактіні
    байқадым, әр елден
  • 2:01 - 2:04
    ағылшын тіліндегі кітаптарды
    қалай алатынымды білмедім.
  • 2:05 - 2:08
    Тек қана шамамен
    Британияда шығатын
  • 2:08 - 2:11
    басылымдардың 4,5 %
    аударма екен,
  • 2:11 - 2:15
    бұл статистика, басқа да ағылшын
    тілді елдерде де осындай.
  • 2:15 - 2:18
    Дегенмен аударылып басылатын
    кітаптардың үлесі
  • 2:18 - 2:20
    басқа елдерде жоғарырақ екен.
  • 2:21 - 2:24
    4,5 % бастауға жеткілікті болғанымен
  • 2:24 - 2:26
    бұл не көрсететініне мән берейікші,
  • 2:26 - 2:29
    яғни бұл кітаптардың көбі
  • 2:29 - 2:31
    баспа желілері мықты
    елдерден
  • 2:31 - 2:35
    және кәсіби мамандар осы кітаптарды
    ағылшын тілді
  • 2:35 - 2:37
    баспаларға сатуға жұмыс істейді.
  • 2:38 - 2:42
    Мысалы, француз тілінен 100-ден
    аса кітап аударылып
  • 2:42 - 2:44
    жыл сайын Британияда
    басылып шығады,
  • 2:44 - 2:49
    бірақ оның басым бөлігі Франция
    немесе Швейцариядан.
  • 2:49 - 2:52
    Ал француз тілінде сөйлейтін Африкаға
  • 2:52 - 2:54
    көңіл бөлінуі екіталай.
  • 2:54 - 2:58
    Нәтижесінде өте көп ұлттың
  • 2:58 - 3:01
    әдебиеті ағылшын тілінде жоқ
  • 3:01 - 3:02
    немесе жоқтың қасы.
  • 3:03 - 3:06
    Бұл кітаптар оқырманға көрінбейді,
    яғни
  • 3:06 - 3:09
    ең көп кітап басылып шығатын тіл
    оқырмандарына жетпейді.
  • 3:10 - 3:12
    Бірақ мәселе кітап оқуға дейін
    жеткенде
  • 3:12 - 3:14
    мен үшін ең үлкен проблема -
  • 3:14 - 3:17
    қай жерден бастайтынымды
    білмеу еді.
  • 3:17 - 3:21
    Өмірімді негізінен Британ және
    Солтүстік Америка
  • 3:21 - 3:22
    кітаптарын оқумен өткізген мен
  • 3:22 - 3:26
    қалай бастау және іздеу
    керектігін және
  • 3:26 - 3:29
    айналадағы әлемнен қалай таңдау
    керектігін білмедім.
  • 3:29 - 3:32
    Мен сіздерге Швейцария кітаптарын
    қалай таңдауды айта алмаймын.
  • 3:32 - 3:35
    Намибияда шыққан жақсы новелла
    туралы білмеймін.
  • 3:35 - 3:37
    Жасыратыны жоқ,
  • 3:37 - 3:40
    мен тоғышар әдеби ксенофоб едім.
  • 3:41 - 3:43
    Қалай мен жер бетінде Бүкіл
    әлемді оқи алар едім?
  • 3:44 - 3:46
    Мен көмек сұрауға бел будым.
  • 3:46 - 3:49
    2011 жылдың қазанында мен
    блогымды тіркедім,
  • 3:49 - 3:51
    ayearofreadingtheworld.com,
  • 3:51 - 3:53
    блогымда онлайн қысқаша
    жазба жарияладым.
  • 3:54 - 3:55
    Мен өзім туралы және
  • 3:55 - 3:57
    оқыған кітаптарымның
    тым біржақты екенін,
  • 3:57 - 3:59
    қызығушылық танытқандар
    оқитын кітапты
  • 3:59 - 4:02
    ұсынып, әлемнің қай жерінде
    болса да хат жазуларына
  • 4:02 - 4:03
    болатынын жаздым.
  • 4:04 - 4:08
    Қазір біреу қызыға ма
    жоқ па білмеймін,
  • 4:08 - 4:11
    бірақ мен онлайн жазба
    жариялағаннан бірнеше сағат
  • 4:11 - 4:14
    өткеннен кейін адамдар маған
    хабарласа бастады.
  • 4:14 - 4:16
    Алдымен достарым мен әріптестерім болды.
  • 4:16 - 4:18
    Сонан соң достарымның достары.
  • 4:18 - 4:21
    Соңында - танымайтын адамдар.
  • 4:21 - 4:24
    Онлайнға хабарлама салғаннан
    4 күн өткенде,
  • 4:24 - 4:28
    маған Куала Лумпурдан Рафидах
    есімді әйелден хат келді.
  • 4:28 - 4:31
    Ол менің жобамның аты
    ұнағанын айтты,
  • 4:31 - 4:34
    ол жергілікті ағылшын тіліндегі
    кітаптар сататын дүкеннен
  • 4:34 - 4:37
    маған Малайзия кітабын сатып алып
    жіберуге бола ма деп сұрады.
  • 4:38 - 4:40
    Мен бар ықыласыммен келістім,
  • 4:40 - 4:41
    бір-екі аптадан кейін маған
  • 4:41 - 4:46
    1 емес 2 кітаптан тұратын
    сәлемдеме келді,
  • 4:47 - 4:50
    Малайзиядан Рафидахтың таңдауы,
  • 4:51 - 4:55
    және тағы бір кітап
    Сингапурдан еді.
  • 4:56 - 4:59
    Мені таңқалдырғаны
  • 4:59 - 5:02
    6000 миль қашықтықтағы
    танымайтын адам
  • 5:02 - 5:04
    біреуге көмектесу үшін
    сонша қашықтықтан
  • 5:04 - 5:06
    ешқашан кездестірмейтін
    адамға хабарласқаны.
  • 5:07 - 5:11
    Рафидахтың мейірімі осы
    жылдың үлгілі әрекеті еді.
  • 5:11 - 5:15
    Уақыт пен адамдар маған
    қайта-қайта көмектесті.
  • 5:15 - 5:18
    Кейбіреулер менің атымнан зерттеу
    жүргізіпті,
  • 5:18 - 5:21
    басқалары демалыстары мен
    сапарларында
  • 5:21 - 5:23
    мен үшін кітап дүкендеріне
    барған.
  • 5:24 - 5:27
    Егер сіз әлем кітаптарын
    оқығыңыз келсе,
  • 5:27 - 5:30
    егер сіз оларды бар жүрегіңізбен
    ашқыңыз келсе,
  • 5:30 - 5:32
    әлем сізге көмектеседі.
  • 5:33 - 5:34
    Кезек кішкентай
  • 5:34 - 5:38
    немесе ағылшын тілінде әдебиеті
    жоқ елдерге келгенде,
  • 5:38 - 5:40
    адамдар одан да зорына барды.
  • 5:41 - 5:44
    Кітаптар көбінесе қызық
    қайнаркөздерден келетін еді.
  • 5:45 - 5:48
    Панамадан кітабым, мысалы,
  • 5:48 - 5:51
    Панама каналының Туиттердегі
    парақшасындағы әңгімеден келді.
  • 5:51 - 5:55
    Иә, Панама каналының туиттерде
    аккаунты бар.
  • 5:56 - 5:58
    Мен оларға жобам туралы жаздым,
  • 5:58 - 6:02
    олар маған мына кітаптың
    ұнауы мүмкін екенін айтты,
  • 6:02 - 6:04
    ол панамалық автор
    Хуан Давид Морган еді.
  • 6:05 - 6:07
    Мен Морганның уеб-сайтын
    тауып, хабар жібердім,
  • 6:07 - 6:10
    одан испан тілінде шыққан
    шығармасы
  • 6:10 - 6:12
    ағылшын тіліне аударылған ба
    деп сұрадым.
  • 6:12 - 6:15
    Ол бірде-бір шығармасы
    аударылмағанын айтты,
  • 6:15 - 6:17
    бірақ оның басылмаған аудармасы
    бар екен,
  • 6:17 - 6:19
    "The Golden Horse" деген кітабы.
  • 6:20 - 6:21
    Ол пошта арқылы жіберді,
  • 6:21 - 6:24
    сөйтіп маған осы кітапты
    ағылшын тілінде оқитын
  • 6:24 - 6:26
    бірінші оқырман
    болу мүмкіндігі туды.
  • 6:27 - 6:30
    Морган менімен кітабын осылай
    бөліскен
  • 6:30 - 6:32
    жалғыз адам болған жоқ.
  • 6:32 - 6:34
    Швециядан Палауға дейін
  • 6:34 - 6:38
    жазушылар мен аудармашылар
    өздерінің кітаптарын және
  • 6:38 - 6:40
    басылып шықпаған
    қолжазбаларын
  • 6:40 - 6:42
    жіберетін, оларды ағылшын
    баспагерлері көрмес еді,
  • 6:42 - 6:44
    немесе енді қолжетімсіз еді,
  • 6:45 - 6:49
    бұл маған керемет әлеммен
    байланысу артықшылығын берді.
  • 6:50 - 6:51
    Мысалы, мен
  • 6:51 - 6:56
    Солтүстік Африка патшасы
    Нгунгунхан туралы оқыдым,
  • 6:56 - 6:58
    ол ХІХ ғасырда Португалияға
    қарсы шыққан еді;
  • 6:59 - 7:02
    сонымен бірге Түркменстандағы
    Каспий теңізінің
  • 7:02 - 7:05
    жағалауындағы қашық ауылдағы
    үйлену салттары туралы оқыдым.
  • 7:07 - 7:10
    Брижит Джонсқа Кувейт жауабын көрдім.
  • 7:10 - 7:12
    (Күлкі)
  • 7:13 - 7:17
    Анголадағы ағаштағы
    оргия туралы оқыдым.
  • 7:21 - 7:23
    Бірақ ең керемет мысал
  • 7:23 - 7:25
    адамдардың маған дүние
    жүзі кітаптарын
  • 7:25 - 7:27
    оқуға көмектесу үшін
    дайындығы,
  • 7:27 - 7:30
    іздеулерімнің соңы
  • 7:30 - 7:33
    португалша сөйлейтін кішкене
    елден кітап табу болатын,
  • 7:33 - 7:37
    кітап Африканың Сао Том және
    Принсип аралынан еді.
  • 7:37 - 7:41
    Қазір бірнеше ай өткесін
    қолдан келгеннің бәрі
  • 7:41 - 7:44
    істеліп, ағылшын тіліне аударылған
    кітап табылмағанда,
  • 7:44 - 7:47
    маған берілген жалғыз мүмкіндік
  • 7:47 - 7:50
    басынан аударылған кітапты
    алу болатын.
  • 7:50 - 7:52
    Енді маған көмектесетін
  • 7:52 - 7:54
    біреу барына сенімсіз
    болдым және
  • 7:54 - 7:57
    өз уақыттарын бөлмейді
    деп ойладым.
  • 7:58 - 8:02
    Бірақ Twitter мен Facebook-тегі
    португалша
  • 8:02 - 8:04
    сөйлейтіндерге
    хабарлаған апта ішінде
  • 8:04 - 8:07
    маған жобаға қатысқандардан да
    көп адам хабарласты, ішінде
  • 8:07 - 8:12
    өз саласының танымал адамы
    Маргарет Джил Коста да бар,
  • 8:12 - 8:17
    ол Нобель сыйлығының иегері
    Джозе Сарамагоны аударған.
  • 8:18 - 8:20
    Менің тоғыз ерікті аудармашыммен
  • 8:20 - 8:23
    мен Сао Томеан авторының
    кітабын тауып
  • 8:23 - 8:26
    онлайн арқылы жеткілікті
    көшірмесін сатып алдым.
  • 8:26 - 8:27
    Мынау солардың біреуі.
  • 8:27 - 8:31
    Мен тоғыз еріктіге көшірмесін
    жібердім.
  • 8:31 - 8:34
    Олар осы жинақтан қысқа
    әңгімелерді алды,
  • 8:34 - 8:38
    аудармасын маған қайта жіберу
    үшін, бас алмастан аударды,
  • 8:38 - 8:41
    сөйтіп алты апта ішінде
    мен оқитын кітапты алдым.
  • 8:42 - 8:47
    Осылай мен жыл бойы
    оқитындарымды тапқанда,
  • 8:47 - 8:51
    менің шектеулерім
  • 8:51 - 8:53
    маған үлкен мүмкіндік ашты.
  • 8:54 - 8:56
    Сао Том мен Принсипке келгенде
  • 8:56 - 8:59
    бұл тек қана жаңа нәрсемен танысу
    ғана емес, сонымен бірге
  • 9:00 - 9:02
    жаңа әңгімелер жинағын ашу,
  • 9:02 - 9:05
    оған қоса бір топ адамды
    бірлестіру және
  • 9:05 - 9:08
    олардың бірігіп шығармашылықпен
    айналысуына мүмкіндік жасау.
  • 9:09 - 9:13
    Менің әлсіздігім жобаның
    сәттілігіне айналды.
  • 9:14 - 9:17
    Осы жылы оқыған кітаптарым
    менің көзімді көп нәрсеге ашты.
  • 9:18 - 9:20
    Кітап оқығаннан рахаттанатындар
  • 9:20 - 9:24
    кітаптардың сізді өзіңізден басқа
    жаққа алып кететін
  • 9:24 - 9:26
    ерекше күші бар екенін біледі,
  • 9:26 - 9:28
    аз уақытқа болса да,
  • 9:28 - 9:30
    әлемге басқа көздермен
    қарайсыз.
  • 9:30 - 9:33
    Бұл ыңғайсыз тәжірибе болар еді,
  • 9:33 - 9:35
    әсіресе, сіз кітап оқып жатсаңыз
    және
  • 9:35 - 9:38
    бұл кітап сіздің құндылықтарыңызға
    сай келмейтін мәдениеттен болса.
  • 9:39 - 9:41
    Бірақ ол пайдалы
    да болуы мүмкін.
  • 9:41 - 9:45
    Таңсық идеялармен күресу ойыңызды
    айқындауға көмектесері сөзсіз.
  • 9:46 - 9:48
    Сонымен бірге ол
  • 9:48 - 9:51
    сіздің әлемді қабылдаудағы
    ақтаңдақтарды да көрсетеді,
  • 9:51 - 9:54
    Мен кішкентайымнан оқып
    өскен ағылшын тіліндегі
  • 9:54 - 9:56
    әдебиетке қарап, мысалы,
  • 9:56 - 9:59
    әлем ұсынып отырған байлықпен
    салыстырғанда
  • 9:59 - 10:02
    олардың біразының шеңбері тар
    болғанын көрдім.
  • 10:03 - 10:05
    Кітапты парақтаған сайын,
  • 10:05 - 10:08
    басқа нәрселер бола бастады.
  • 10:08 - 10:09
    Күннен күнге
  • 10:09 - 10:14
    жыл басындағы елдердің ұзын
    тізімі өзгере бастады,
  • 10:14 - 10:18
    құрғақ академиялық атаудан
  • 10:18 - 10:21
    тірі жанды атуаларға дейін.
  • 10:21 - 10:24
    Қазір мен бұл мүмкін екеніне
    сен алмаймын,
  • 10:24 - 10:28
    бір кітап оқу арқылы ел туралы
    жалпы мағлұмат алу.
  • 10:29 - 10:33
    Осы жылы оқыған кітаптарым
  • 10:33 - 10:36
    мені бұрынғыға қарағанда
    шынайы етті,
  • 10:36 - 10:42
    керемет планетамыздағы қиындыққа,
    байлыққа, әртүрлілікке басқаша қарадым.
  • 10:43 - 10:45
    Бұл әлем оқиғасы сияқты еді,
  • 10:45 - 10:49
    онда адамдар маған оқуға көмектесу
    үшін алысқа кетіп,
  • 10:49 - 10:50
    мұны маған шынайы етті.
  • 10:52 - 10:55
    Осы күндері мен кітап сөреме қарағанда
  • 10:55 - 10:58
    немесе электронды оқу құралымдағы
    шығармаларды көргенде,
  • 10:58 - 11:00
    олар маған басқа оқиғаны көрсетеді.
  • 11:01 - 11:04
    Бұл - біздерді байланыстыратын
    кітаптың күші, ол
  • 11:04 - 11:09
    саяси, географиялық, мәдени,
    әлеуметтік, діни бөлінуден ада.
  • 11:09 - 11:14
    Бұл адамдардың бірге жұмыс
    істеуінің әлеуеті туралы ертегі.
  • 11:14 - 11:16
    Бұл - өсиет,
  • 11:16 - 11:20
    біз ерекше уақытта өмір сүрудеміз,
    интернетке рақмет,
  • 11:20 - 11:22
    бұрынғыға қарағанда оңайырақ
    танысамыз,
  • 11:22 - 11:27
    танымайтын адамдармен әңгіме,
    көзқарас, кітаппен бөлісеміз,
  • 11:27 - 11:31
    бірақ планетаның басқа жағындағы ол
    адаммен ешқашан кездеспеуіміз мүмкін.
  • 11:32 - 11:35
    Мен оқып жатқан әңгіме қайтып
    келер деп үміттенемін.
  • 11:35 - 11:38
    Маған көптеген адамдар қосылады
    деп сенемін.
  • 11:38 - 11:41
    Егер біз көбірек оқысақ,
  • 11:41 - 11:43
    баспагерлерді көп кітап аударуға
    итермелер едік және
  • 11:43 - 11:45
    біз бәріміз байырақ болар едік.
  • 11:46 - 11:47
    Рақмет!
  • 11:47 - 11:51
    (Қошемет)
Title:
Әлемнің әр түкпірінен келген кітаптарды оқыған бір жылым
Speaker:
Анн Морган
Description:

Анн Морган кітап сөресіндегі мәдени біржақтылықты көргенге дейін, өзін кітапты көп оқыған адам деп есептейтін. Ағылшын және америка авторларының кітаптарының ішінде басқа тілде жазатын авторлардың шығармалары жоқтың қасы еді. Сондықтан ол алдына үлкен мақсат қойды: бір жыл ішінде дүниежүзінің әр елінен бір кітаптан оқып шығу. Енді ол басқа адамдарды да шығармалардың аудармаларын оқуға шақырады, сонда баспагерлер де әдебиет жаухарларын аударуға және әкелуге ниетті болады. Оның кітап оқудағы саяхатының интербелсенді картасын мына жерден көріңіздер: go.ted.com/readtheworld

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
12:03

Kazakh subtitles

Revisions