Соғыста көргендерім
-
0:01 - 0:04Бұл - соғыс туралы оқиға.
-
0:04 - 0:07Сіз күнделікті өміріңізбен өмір сүріп жатырсыз:
-
0:07 - 0:09қонаққа баруды жоспарлап қойдыңыз,
-
0:09 - 0:12балаларыңызды мектепке апарасыз,
-
0:12 - 0:14тіс дәрігеріне жазылып қойдыңыз.
-
0:14 - 0:18Сонан кейін телефоныңыз, теледидарыңыз істемей қалды,
-
0:18 - 0:22көше толған әскери адамдар,
-
0:22 - 0:24жолдар жабылып қалған.
-
0:24 - 0:29Cіздің өміріңіз тоқтап қалғандай.
-
0:29 - 0:31Тоқтап тұр.
-
0:31 - 0:34Мен досымның оқиғасын ұрлап алғым кеп отыр,
-
0:34 - 0:36Босниялық досым, оның басынан өткен оқиғасы,
-
0:36 - 0:41өйткені бұл сіздерге оның не сезінгенін көрсете алады деп ойлаймын.
-
0:41 - 0:451992 жылдың сәуір айында ол жұмысқа бара жатқан еді,
-
0:45 - 0:48қысқа белдемшесі мен биік өкшелі аяқкиімі бар. Ол банкте жұмыс істейтін.
-
0:48 - 0:52Ол жас ана еді. Ол қонаққа барғанды жақсы көретін еді.
-
0:52 - 0:53Тамаша адам.
-
0:53 - 0:57Күтпеген жерден ол танкті көреді,
-
0:57 - 1:00танк Сараевоның негізгі көшелерінің бірімен төмен қарай
-
1:00 - 1:04жолында кездескеннің бәрін жайпап келе жатты.
-
1:04 - 1:08Ол «түсім шығар» деп ойлады, бірақ олай болмады.
-
1:08 - 1:10Ол қаша жөнелді, сол жерде болсақ әрбіреуіміз солай істер едік.
-
1:10 - 1:14Ол қоқыс жәшігінің артына барып тығылды,
-
1:14 - 1:17өзінің қысқа белдемшесі мен биік өкшелі аяқкиімімен.
-
1:17 - 1:21Сол жерде тығылып отырып ол өзін күлкілі сезінді,
-
1:21 - 1:24бірақ ол әскерилер отырған танк пен
-
1:24 - 1:26айналадағы адамдарды, хаосты көріп
-
1:26 - 1:31былай деп ойлады «Мен өзімді қиял ғажайып еліндегі
-
1:31 - 1:33қоянмен қоса төмен қарай
-
1:33 - 1:36хаосқа түсіп бара жатқан Алиса сияқты сезіндім
-
1:36 - 1:42және менің өмірім бұрынғыдай болмайтын еді.»
-
1:42 - 1:45Бір-екі аптадан кейін менің досым құжынаған халықтың ішінде
-
1:45 - 1:50кішкентай ұлымен бірге жүрді
-
1:50 - 1:53ол автобустағы танымайтын адамға ұлын берді,
-
1:53 - 1:56бұл балаларды аман сақтап қалу үшін Сараеводан
-
1:56 - 1:59кетіп бара жатқан соңғы автобус еді.
-
1:59 - 2:03Оның есінде ол анасымен бірге таласып
-
2:03 - 2:07«Менің баламды ал! Менің баламды ал!» деген толған адамның ішінде
-
2:07 - 2:13ол да баласын терезе арқылы біреуге ұстатты.
-
2:13 - 2:16Және ол баласын бірнеше жыл бойы көрмеді.
-
2:16 - 2:19Қоршау үш жарым жылға созылды,
-
2:19 - 2:22бұл қоршау сусыз, тамақсыз,
-
2:22 - 2:27электр шамынсыз, жылусыз өтті,
-
2:27 - 2:32Еуропаның қақ ортасында, 20 ғасырдың соңында.
-
2:32 - 2:36Мен сол жерде болған журналистердің бірімін,
-
2:36 - 2:38қоршауды көрген және
-
2:38 - 2:41мен сол жерде болғанымның артықшылығы
-
2:41 - 2:44ол маған бәрін үйретті,
-
2:44 - 2:48тек қана репортер болуды емес, адам болуды.
-
2:48 - 2:50Мен қайғыға ортақтасудың не екенін білдім.
-
2:50 - 2:54Мен қарапайым адамдарды, қаһарман болуға лайық адамдарды көрдім.
-
2:54 - 2:58Мен бөлісу туралы білдім. Мен жолдастықтың не екенін үйрендім.
-
2:58 - 3:01Бәрінен бұрын мен жақсы көрудің, махаббаттың не екенін үйрендім.
-
3:01 - 3:07Тіпті ең қорқынышты қираулар мен өлім,
-
3:07 - 3:10хаостың өзінде де қарапайым адамдар өз көршілеріне көмектескенін көрдім,
-
3:10 - 3:12олар тамақтарымен бөлісті, балаларын тәрбиеледі,
-
3:12 - 3:16өз өміріне қауіп төнсе де жолда оқ тиіп
-
3:16 - 3:18жатқандарды сүйреп апаруға тырысты,
-
3:18 - 3:22жараланғандарды таксиге отырғызып
-
3:22 - 3:24ауруханаға апарысты.
-
3:24 - 3:27Мен өзім туралы көп нәрсе білдім.
-
3:27 - 3:31Қаһармандарымның бірі - Марта Геллхорн:
-
3:31 - 3:36"Сіз тек қана бір соғысты жақсы көре аласыз. Қалғанының бәрі жауапкершілік".
-
3:36 - 3:39Бұдан кейін де мен өте көп соғысты көрдім,
-
3:39 - 3:42тіпті санынан да шатастым,
-
3:42 - 3:45бірақ еш жерде дәл Сараеводағыдай болған жоқ.
-
3:45 - 3:49Былтыр сәуір айында мен бір қызық кезге қайтқандай болдым -
-
3:49 - 3:53мен оны сыныптастардың ессіз кездесуі деп атар едім.
-
3:53 - 3:57Бұл не болып еді, бұл қамаудың 20 жылдығы еді,
-
3:57 - 4:00Сараевоның қоршауда қалғанының басталған күні,
-
4:00 - 4:04мен "жылдығы" деген сөзді жақсы көрмеймін, өйткені бұл сөз мейрам, қонақтық сияқты,
-
4:04 - 4:05бірақ бұл мейрам емес еді.
-
4:05 - 4:09Бұл соғыс кезінде сол жерде жұмыс істеген журналистердің көңілсіз жиыны еді,
-
4:09 - 4:13сонымен бірге гуманитарлық көмек көрсеткендермен,
-
4:13 - 4:17әрине, Сараевоның батыр, батыл азаматтары болды.
-
4:17 - 4:20Мені ең таңқалдырғаны,
-
4:20 - 4:21менің жүрегімді жаралағаны
-
4:21 - 4:24Cараевоның басты көшесімен төмен қарай келе жатып көрген көрініс,
-
4:24 - 4:28осы көшеде 20 жыл бұрын менің досым Аида танкті көрген еді,
-
4:28 - 4:34осы көшенің бойында 12.000 қызыл орындық тұрды,
-
4:34 - 4:36бос орындық
-
4:36 - 4:38оның әрбіреуі қамау кезінде
-
4:38 - 4:42қайтыс болған бір адамды бейнелеп тұрды,
-
4:42 - 4:46тек Сараевода қайтыс болған адамдарды, бүкіл Боснияда емес,
-
4:46 - 4:49бұл көрініс қаланың бір шетінен
-
4:49 - 4:51екінші шетіне дейін жалғасып жатты,
-
4:51 - 4:55әсіресе ең өкініштісі, көңіліме кірбің түсіргені
-
4:55 - 4:57балаларға арналған кішкентай орындықтар еді.
-
4:57 - 5:01Мен қазір Сирия туралы хабар таратамын,
-
5:01 - 5:04мен бұл туралы жаза бастадым,
-
5:04 - 5:06өйткені бұл істелуі тиіс.
-
5:06 - 5:09Ол жерде болып жатқан оқиғалар туралы айтуымыз керек деп ойлаймын.
-
5:09 - 5:13Мен Боснияда болған соғыстың үлгісін осы жерде де көріп отырмын.
-
5:13 - 5:15Мен Дамаскіге бірінші рет келген кезде,
-
5:15 - 5:18ақылға қонбайтын мынадай сәтті көрдім,
-
5:18 - 5:21адамдар соғыстың болатынына сенбейтін сияқты
-
5:21 - 5:23және бұл Босниядағыдай болды,
-
5:23 - 5:26мен көрген басқа да соғыс болып жатқан елдердегі сияқты.
-
5:26 - 5:28Адамдар бұған сенгісі келмейді,
-
5:28 - 5:32сондықтан олар кетпейді, кетулеріне мүмкіндік болған кезде де кетпейді.
-
5:32 - 5:34Олар ақшаларын алмайды.
-
5:34 - 5:37Олар үйлерінде қалғысы келгендіктен еш жаққа кетпейді.
-
5:37 - 5:42Содан кейін соғыс пен хоас келеді.
-
5:42 - 5:45Руанда - менің жиі баратын жерлерімнің бірі.
-
5:45 - 5:511994 жылы мен аз уақытқа Сараевоны тастап Руандаға кеттім, сол жақтағы геноцид туралы хабарлап тұру үшін.
-
5:51 - 5:561994 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында
-
5:56 - 6:01бір миллион адам өлтірілді.
-
6:01 - 6:06Егер мені 12 мың орындық
-
6:06 - 6:08қаншалықты күйзелтсе,
-
6:08 - 6:11бір сәт ойланып көріңіздерші, бір миллион адам.
-
6:11 - 6:14Кішкене мысал келтірейін, есімде
-
6:14 - 6:19мен жолдың бойында төмен қарап тұрмын, көзімнің жеткен жеріне дейін,
-
6:19 - 6:25шамамен жарты шақырым болар, адамдардың өлі денелері менің бойымнан екі еседей болып
-
6:25 - 6:27үйіліп жатыр еді.
-
6:27 - 6:30Және де бұл өлген адамдардың шағын ғана пайызы еді.
-
6:30 - 6:32Ол жерде соңғы демі таусылып жатқан кезде балаларын
-
6:32 - 6:36ұстаған аналар да болды.
-
6:36 - 6:39Сонымен біз соғыстан көп нәрсені үйрендік,
-
6:39 - 6:41мен Руанданы атап өткенім,
-
6:41 - 6:45ол Оңтүстік Африка сияқты бір жер,
-
6:45 - 6:49онда 20 жыл бойы айығу жүріп жатыр.
-
6:49 - 6:53Парламенттегілердің елу алты пайызы әйелдер,
-
6:53 - 6:55бұл таңғажайып нәрсе,
-
6:55 - 6:59сонымен қатар ол жерде ұлттық конституция
-
6:59 - 7:02бойынша Хуту немесе Тутси деп айтуыңызға тиым салынған.
-
7:02 - 7:06Сізге этникалық нышандары арқылы ешкімді теңдестіруге рұқсат етілмейді,
-
7:06 - 7:11бұл қырғынның басталуына итермелеген себептердің бірі болғандықтан.
-
7:11 - 7:14Менің досымның айтып берген әдемі оқиғасы бар,
-
7:14 - 7:15мен оны тамаша оқиға деп есептеймін.
-
7:15 - 7:20Бір топ балалар, хуту мен тутси балалары араласқан топ еді,
-
7:20 - 7:23сонымен бірге осы балаларды асырап алған бір топ әйел,
-
7:23 - 7:27олар бір қатарға тізіліп тұрып бір-бірін алды.
-
7:27 - 7:30Ешқандай өтемақы болған жоқ, сен хутусың, сен тутсисің,
-
7:30 - 7:33сіз мүмкін менің анамды,
-
7:33 - 7:35бәлкім әкемді өлтірдіңіз деген жоқ.
-
7:35 - 7:40Олар ымыраға келді, татуласты,
-
7:40 - 7:44мен бұл әрекетті керемет деп есептеймін.
-
7:44 - 7:47Адамдар менен сіз неге соғыс болып жатқан жерге
-
7:47 - 7:49баруды жалғастырасыз деп сұрағанда,
-
7:49 - 7:50менің айтарым осы.
-
7:50 - 7:54Мен Сирияға қайтып келгеннен кейінгі аптада
-
7:54 - 7:58көргенім адам сенбейтіндей батыр азаматтар,
-
7:58 - 8:00олардың кейбіреуі демократия үшін, біз күнделікті өмірде
-
8:00 - 8:04сөзсіз болуға тиіс дейтін нәрселер үшін күресіп жүр.
-
8:04 - 8:07Осы үшін де мен жұмысымды істеймін.
-
8:07 - 8:122004 жылы менің кішкентай ұлым дүниеге келді,
-
8:12 - 8:15мен оны ғажап бала деймін,
-
8:15 - 8:18өйткені қаншама өлім,
-
8:18 - 8:22бүліншілік, қирау, хаос пен қараңғылықты көргеннен кейін
-
8:22 - 8:26менің өмірімде үміт сәулесі дүниеге келді.
-
8:26 - 8:30Мен оны Лука деп атадым, яғни " жарық әкелуші",
-
8:30 - 8:35өйткені ол менің өміріме сәулесін төкті.
-
8:35 - 8:39Менің ол туралы айтып отырғанымның себебі, ол төрт айлық болған кезде
-
8:39 - 8:43менің редакторым маған Бағдатқа баруың керек деді,
-
8:43 - 8:47мен ол жерде Саддам режимі туралы жазуым керек еді,
-
8:47 - 8:49Бағдат құлағаннан кейін де сонда болдым,
-
8:49 - 8:53көзіме жас үйіріліп ұшақта отырғаным,
-
8:53 - 8:55баламнан жыраққа кеткеніме еңіреп жылап отырғаным есімде.
-
8:55 - 8:58Мен сол жерде болған кезде
-
8:58 - 9:00менің танысым ирақтың танымал саясаткері
-
9:00 - 9:03маған былай деді: «Сіз мұнда не істеп жүрсіз?
-
9:03 - 9:05Сіз неге үйде, Лукамен бірге емессіз?»
-
9:05 - 9:09Мен оған «Мен мұны көруім керек» деп жауап бердім. Бұл 2004 жыл еді,
-
9:09 - 9:13Ирақтағы ең қанды кезең еді,
-
9:13 - 9:16«мен мұны көруім керек, не болып жатқанын,
-
9:16 - 9:17мен бұл туралы хабарлап тұруым керек».
-
9:17 - 9:21Ол маған: "Үйіңізге қайтыңыз,
-
9:21 - 9:24егер сіз оның бірінші тісін,
-
9:24 - 9:27оның бірінші қадамын көрмей қалсаңыз, сіз өзіңізді ешқашан кешірмейсіз.
-
9:27 - 9:31Соғыс, басқа да соғыстар тағы болады» деді.
-
9:31 - 9:35Өкінішке қарай, соғыс бола береді.
-
9:35 - 9:39Мен өзімді алдап келемін, мен журналист,
-
9:39 - 9:41репортер, жазушы ретінде
-
9:41 - 9:46оны тоқтатуға не істей аламын. Мен тоқтата алмаймын.
-
9:46 - 9:48Мен Кофи Аннан емеспін. Ол да соғысты тоқтата алмайды.
-
9:48 - 9:51Ол Сириямен келіссөздер жүргізуге тырысты, дегенмен ешнәрсе істей алмады.
-
9:51 - 9:55Мен БҰҰ резолюциясына қарсы шығатын адам емеспін.
-
9:55 - 9:57Мен тіпті гуманитарлық көмек көрсететін дәрігер де емеспін,
-
9:57 - 10:00мен көмек беретін уақытты да айта алмаймын,
-
10:00 - 10:03менің көз алдымда адамдар өліп жатты, мен оларды құтқара алмадым.
-
10:03 - 10:07Мен тек қана куәгермін.
-
10:07 - 10:12Менің рөлім болған нәрсені адамдарға айтып беру.
-
10:12 - 10:16Менің әріптесім мұны әлемнің қараңғылық басқан бөліктеріне
-
10:16 - 10:18сәуле шашу деп сипаттады.
-
10:18 - 10:21Мен осыны істеуге тырысып жүрмін.
-
10:21 - 10:24Менің жолым ылғи бола бермейді,
-
10:24 - 10:27кейде бұл өте қиын,
-
10:27 - 10:29өйткені сіз тұңғиыққа жазып жатқаныңызды сезесіз,
-
10:29 - 10:31немесе мұның бәрі ешкімді қызықтырмайды, мазаламайды.
-
10:31 - 10:33Сирияны кім уайымдап жатыр? Кім Боснияның қамын ойлап жатыр?
-
10:33 - 10:35Конго,
-
10:35 - 10:38Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне
-
10:38 - 10:40туралы кім уайымдайды?
-
10:40 - 10:44Бұл - мен өмір бойы ұмытпайтын жердің атаулары.
-
10:44 - 10:47Бұл - менің кәсібім, куәгер болу,
-
10:47 - 10:50осыны істеп жүрген репортерлердің
-
10:50 - 10:53жұмысының мәні осы.
-
10:53 - 10:56Менің қолымнан келетіні тек қана үміттену,
-
10:56 - 10:59саясаткерлер мен саясатты жасаушылар үшін емес,
-
10:59 - 11:01олар менің сөзімді оқи отырып
-
11:01 - 11:04бірнәрсе істейтін болар деген үміт,
-
11:04 - 11:07мен өзімді алдап отырған жоқпын.
-
11:07 - 11:11Бірақ маған үміт беретіні, егер сіздер менің айтқандарымды
-
11:11 - 11:15немесе соның ішіндегі бір оқиғаны таңертеңгілік ас ішіп отырып естеріңізге түсірсеңіздер,
-
11:15 - 11:17егер сіздер Сараевода болған жағдайды
-
11:17 - 11:21немесе Руанда туралы еске алсаңыздар
-
11:21 - 11:23мен жұмысымды жақсы атқарғаным деп ойлаймын.
-
11:23 - 11:25Көп рақмет.
-
11:25 - 11:33(Қол шапалақтау)
- Title:
- Соғыста көргендерім
- Speaker:
- Жанин ди Гиованни
- Description:
-
Репортер Жанин ди Гиованни әлемнің жан түршіктірер жерлерінде болып, Боснияда, Сиерра Леонда және Сирияда болған оқиғаларды сипаттады. Ол үлкен қақтығыс кезіндегі адамшылық сәттері туралы айтып берді және таныс көшелердің бомбалағаннан кейінгі адам шошытарлық түрін зерттеді.
- Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 11:53
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for What I saw in the war | ||
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for What I saw in the war | ||
Asqat Yerkimbay commented on Kazakh subtitles for What I saw in the war | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for What I saw in the war | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for What I saw in the war | ||
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for What I saw in the war | ||
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for What I saw in the war |
Asqat Yerkimbay
Керемет тақырыпты таңдапсың. Украинадағы жағдай тұсында біздікілердің көбісі ойланатын шығар.