0:00:00.703,0:00:03.515 Бұл - соғыс туралы оқиға. 0:00:03.515,0:00:06.781 Сіз күнделікті өміріңізбен өмір сүріп жатырсыз: 0:00:06.781,0:00:09.297 қонаққа баруды жоспарлап қойдыңыз, 0:00:09.297,0:00:11.681 балаларыңызды мектепке апарасыз, 0:00:11.681,0:00:14.394 тіс дәрігеріне жазылып қойдыңыз. 0:00:14.394,0:00:18.020 Сонан кейін телефоныңыз, теледидарыңыз істемей қалды, 0:00:18.020,0:00:21.957 көше толған әскери адамдар, 0:00:21.957,0:00:24.273 жолдар жабылып қалған. 0:00:24.273,0:00:28.750 Cіздің өміріңіз тоқтап қалғандай. 0:00:28.750,0:00:30.955 Тоқтап тұр. 0:00:30.955,0:00:33.513 Мен досымның оқиғасын ұрлап алғым кеп отыр, 0:00:33.513,0:00:36.491 Босниялық досым, оның басынан өткен оқиғасы, 0:00:36.491,0:00:40.868 өйткені бұл сіздерге оның не сезінгенін көрсете алады деп ойлаймын. 0:00:40.868,0:00:44.962 1992 жылдың сәуір айында ол жұмысқа бара жатқан еді, 0:00:44.962,0:00:48.110 қысқа белдемшесі мен биік өкшелі аяқкиімі бар. Ол банкте жұмыс істейтін. 0:00:48.110,0:00:51.634 Ол жас ана еді. Ол қонаққа барғанды жақсы көретін еді. 0:00:51.634,0:00:53.468 Тамаша адам. 0:00:53.468,0:00:56.775 Күтпеген жерден ол танкті көреді, 0:00:56.775,0:00:59.981 танк Сараевоның негізгі көшелерінің бірімен төмен қарай 0:00:59.981,0:01:03.533 жолында кездескеннің бәрін жайпап келе жатты. 0:01:03.533,0:01:07.564 Ол «түсім шығар» деп ойлады, бірақ олай болмады. 0:01:07.564,0:01:10.309 Ол қаша жөнелді, сол жерде болсақ әрбіреуіміз солай істер едік. 0:01:10.309,0:01:14.326 Ол қоқыс жәшігінің артына барып тығылды, 0:01:14.326,0:01:16.925 өзінің қысқа белдемшесі мен биік өкшелі аяқкиімімен. 0:01:16.925,0:01:21.144 Сол жерде тығылып отырып ол өзін күлкілі сезінді, 0:01:21.144,0:01:23.840 бірақ ол әскерилер отырған танк пен 0:01:23.840,0:01:26.200 айналадағы адамдарды, хаосты көріп 0:01:26.200,0:01:30.827 былай деп ойлады «Мен өзімді қиял ғажайып еліндегі 0:01:30.827,0:01:33.162 қоянмен қоса төмен қарай 0:01:33.162,0:01:36.230 хаосқа түсіп бара жатқан Алиса сияқты сезіндім 0:01:36.230,0:01:41.631 және менің өмірім бұрынғыдай болмайтын еді.» 0:01:41.631,0:01:45.418 Бір-екі аптадан кейін менің досым құжынаған халықтың ішінде 0:01:45.418,0:01:50.368 кішкентай ұлымен бірге жүрді 0:01:50.368,0:01:52.904 ол автобустағы танымайтын адамға ұлын берді, 0:01:52.904,0:01:55.928 бұл балаларды аман сақтап қалу үшін Сараеводан 0:01:55.928,0:01:59.093 кетіп бара жатқан соңғы автобус еді. 0:01:59.093,0:02:03.203 Оның есінде ол анасымен бірге таласып 0:02:03.203,0:02:06.629 «Менің баламды ал! Менің баламды ал!» деген толған адамның ішінде 0:02:06.629,0:02:12.682 ол да баласын терезе арқылы біреуге ұстатты. 0:02:12.682,0:02:15.550 Және ол баласын бірнеше жыл бойы көрмеді. 0:02:15.550,0:02:19.269 Қоршау үш жарым жылға созылды, 0:02:19.269,0:02:21.558 бұл қоршау сусыз, тамақсыз, 0:02:21.558,0:02:26.847 электр шамынсыз, жылусыз өтті, 0:02:26.847,0:02:32.202 Еуропаның қақ ортасында, 20 ғасырдың соңында. 0:02:32.202,0:02:36.004 Мен сол жерде болған журналистердің бірімін, 0:02:36.004,0:02:38.423 қоршауды көрген және 0:02:38.423,0:02:41.461 мен сол жерде болғанымның артықшылығы 0:02:41.461,0:02:43.651 ол маған бәрін үйретті, 0:02:43.651,0:02:47.780 тек қана репортер болуды емес, адам болуды. 0:02:47.780,0:02:50.135 Мен қайғыға ортақтасудың не екенін білдім. 0:02:50.135,0:02:53.946 Мен қарапайым адамдарды, қаһарман болуға лайық адамдарды көрдім. 0:02:53.946,0:02:58.317 Мен бөлісу туралы білдім. Мен жолдастықтың не екенін үйрендім. 0:02:58.317,0:03:01.228 Бәрінен бұрын мен жақсы көрудің, махаббаттың не екенін үйрендім. 0:03:01.228,0:03:06.507 Тіпті ең қорқынышты қираулар мен өлім, 0:03:06.507,0:03:09.643 хаостың өзінде де қарапайым адамдар өз көршілеріне көмектескенін көрдім, 0:03:09.643,0:03:12.287 олар тамақтарымен бөлісті, балаларын тәрбиеледі, 0:03:12.287,0:03:15.539 өз өміріне қауіп төнсе де жолда оқ тиіп 0:03:15.539,0:03:18.396 жатқандарды сүйреп апаруға тырысты, 0:03:18.396,0:03:21.647 жараланғандарды таксиге отырғызып 0:03:21.647,0:03:24.268 ауруханаға апарысты. 0:03:24.268,0:03:27.487 Мен өзім туралы көп нәрсе білдім. 0:03:27.487,0:03:30.512 Қаһармандарымның бірі - Марта Геллхорн: 0:03:30.512,0:03:35.710 "Сіз тек қана бір соғысты жақсы көре аласыз. Қалғанының бәрі жауапкершілік". 0:03:35.710,0:03:39.246 Бұдан кейін де мен өте көп соғысты көрдім, 0:03:39.246,0:03:41.875 тіпті санынан да шатастым, 0:03:41.875,0:03:44.958 бірақ еш жерде дәл Сараеводағыдай болған жоқ. 0:03:44.958,0:03:48.913 Былтыр сәуір айында мен бір қызық кезге қайтқандай болдым - 0:03:48.913,0:03:52.687 мен оны сыныптастардың ессіз кездесуі деп атар едім. 0:03:52.687,0:03:57.030 Бұл не болып еді, бұл қамаудың 20 жылдығы еді, 0:03:57.030,0:03:59.502 Сараевоның қоршауда қалғанының басталған күні, 0:03:59.502,0:04:03.942 мен "жылдығы" деген сөзді жақсы көрмеймін, өйткені бұл сөз мейрам, қонақтық сияқты, 0:04:03.942,0:04:05.345 бірақ бұл мейрам емес еді. 0:04:05.345,0:04:09.333 Бұл соғыс кезінде сол жерде жұмыс істеген журналистердің көңілсіз жиыны еді, 0:04:09.333,0:04:12.724 сонымен бірге гуманитарлық көмек көрсеткендермен, 0:04:12.724,0:04:17.193 әрине, Сараевоның батыр, батыл азаматтары болды. 0:04:17.193,0:04:19.612 Мені ең таңқалдырғаны, 0:04:19.612,0:04:21.353 менің жүрегімді жаралағаны 0:04:21.353,0:04:23.523 Cараевоның басты көшесімен төмен қарай келе жатып көрген көрініс, 0:04:23.523,0:04:27.598 осы көшеде 20 жыл бұрын менің досым Аида танкті көрген еді, 0:04:27.598,0:04:34.295 осы көшенің бойында 12.000 қызыл орындық тұрды, 0:04:34.295,0:04:35.921 бос орындық 0:04:35.921,0:04:38.190 оның әрбіреуі қамау кезінде 0:04:38.190,0:04:41.907 қайтыс болған бір адамды бейнелеп тұрды, 0:04:41.907,0:04:46.194 тек Сараевода қайтыс болған адамдарды, бүкіл Боснияда емес, 0:04:46.194,0:04:48.781 бұл көрініс қаланың бір шетінен 0:04:48.781,0:04:51.055 екінші шетіне дейін жалғасып жатты, 0:04:51.055,0:04:54.558 әсіресе ең өкініштісі, көңіліме кірбің түсіргені 0:04:54.558,0:04:57.414 балаларға арналған кішкентай орындықтар еді. 0:04:57.414,0:05:00.541 Мен қазір Сирия туралы хабар таратамын, 0:05:00.541,0:05:03.731 мен бұл туралы жаза бастадым, 0:05:03.731,0:05:05.987 өйткені бұл істелуі тиіс. 0:05:05.987,0:05:08.992 Ол жерде болып жатқан оқиғалар туралы айтуымыз керек деп ойлаймын. 0:05:08.992,0:05:12.962 Мен Боснияда болған соғыстың үлгісін осы жерде де көріп отырмын. 0:05:12.962,0:05:15.191 Мен Дамаскіге бірінші рет келген кезде, 0:05:15.191,0:05:17.593 ақылға қонбайтын мынадай сәтті көрдім, 0:05:17.593,0:05:21.153 адамдар соғыстың болатынына сенбейтін сияқты 0:05:21.153,0:05:23.088 және бұл Босниядағыдай болды, 0:05:23.088,0:05:25.902 мен көрген басқа да соғыс болып жатқан елдердегі сияқты. 0:05:25.902,0:05:28.445 Адамдар бұған сенгісі келмейді, 0:05:28.445,0:05:31.912 сондықтан олар кетпейді, кетулеріне мүмкіндік болған кезде де кетпейді. 0:05:31.912,0:05:33.582 Олар ақшаларын алмайды. 0:05:33.582,0:05:37.477 Олар үйлерінде қалғысы келгендіктен еш жаққа кетпейді. 0:05:37.477,0:05:41.516 Содан кейін соғыс пен хоас келеді. 0:05:41.516,0:05:45.319 Руанда - менің жиі баратын жерлерімнің бірі. 0:05:45.319,0:05:51.473 1994 жылы мен аз уақытқа Сараевоны тастап Руандаға кеттім, сол жақтағы геноцид туралы хабарлап тұру үшін. 0:05:51.473,0:05:56.322 1994 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында 0:05:56.322,0:06:00.523 бір миллион адам өлтірілді. 0:06:00.523,0:06:05.750 Егер мені 12 мың орындық 0:06:05.750,0:06:07.822 қаншалықты күйзелтсе, 0:06:07.822,0:06:11.453 бір сәт ойланып көріңіздерші, бір миллион адам. 0:06:11.453,0:06:13.990 Кішкене мысал келтірейін, есімде 0:06:13.990,0:06:19.071 мен жолдың бойында төмен қарап тұрмын, көзімнің жеткен жеріне дейін, 0:06:19.071,0:06:25.160 шамамен жарты шақырым болар, адамдардың өлі денелері менің бойымнан екі еседей болып 0:06:25.160,0:06:26.884 үйіліп жатыр еді. 0:06:26.884,0:06:30.219 Және де бұл өлген адамдардың шағын ғана пайызы еді. 0:06:30.219,0:06:32.188 Ол жерде соңғы демі таусылып жатқан кезде балаларын 0:06:32.188,0:06:35.529 ұстаған аналар да болды. 0:06:35.529,0:06:38.859 Сонымен біз соғыстан көп нәрсені үйрендік, 0:06:38.859,0:06:41.211 мен Руанданы атап өткенім, 0:06:41.211,0:06:45.329 ол Оңтүстік Африка сияқты бір жер, 0:06:45.329,0:06:49.311 онда 20 жыл бойы айығу жүріп жатыр. 0:06:49.311,0:06:52.779 Парламенттегілердің елу алты пайызы әйелдер, 0:06:52.779,0:06:55.231 бұл таңғажайып нәрсе, 0:06:55.231,0:06:59.257 сонымен қатар ол жерде ұлттық конституция 0:06:59.257,0:07:02.430 бойынша Хуту немесе Тутси деп айтуыңызға тиым салынған. 0:07:02.430,0:07:06.299 Сізге этникалық нышандары арқылы ешкімді теңдестіруге рұқсат етілмейді, 0:07:06.299,0:07:10.845 бұл қырғынның басталуына итермелеген себептердің бірі болғандықтан. 0:07:10.845,0:07:13.952 Менің досымның айтып берген әдемі оқиғасы бар, 0:07:13.952,0:07:15.435 мен оны тамаша оқиға деп есептеймін. 0:07:15.435,0:07:20.352 Бір топ балалар, хуту мен тутси балалары араласқан топ еді, 0:07:20.352,0:07:23.066 сонымен бірге осы балаларды асырап алған бір топ әйел, 0:07:23.066,0:07:27.000 олар бір қатарға тізіліп тұрып бір-бірін алды. 0:07:27.000,0:07:30.166 Ешқандай өтемақы болған жоқ, сен хутусың, сен тутсисің, 0:07:30.166,0:07:33.081 сіз мүмкін менің анамды, 0:07:33.081,0:07:34.927 бәлкім әкемді өлтірдіңіз деген жоқ. 0:07:34.927,0:07:40.233 Олар ымыраға келді, татуласты, 0:07:40.233,0:07:43.817 мен бұл әрекетті керемет деп есептеймін. 0:07:43.817,0:07:46.659 Адамдар менен сіз неге соғыс болып жатқан жерге 0:07:46.659,0:07:48.871 баруды жалғастырасыз деп сұрағанда, 0:07:48.871,0:07:50.340 менің айтарым осы. 0:07:50.340,0:07:53.731 Мен Сирияға қайтып келгеннен кейінгі аптада 0:07:53.731,0:07:57.692 көргенім адам сенбейтіндей батыр азаматтар, 0:07:57.692,0:07:59.965 олардың кейбіреуі демократия үшін, біз күнделікті өмірде 0:07:59.965,0:08:03.982 сөзсіз болуға тиіс дейтін нәрселер үшін күресіп жүр. 0:08:03.982,0:08:07.220 Осы үшін де мен жұмысымды істеймін. 0:08:07.220,0:08:11.688 2004 жылы менің кішкентай ұлым дүниеге келді, 0:08:11.688,0:08:14.883 мен оны ғажап бала деймін, 0:08:14.883,0:08:17.929 өйткені қаншама өлім, 0:08:17.929,0:08:22.106 бүліншілік, қирау, хаос пен қараңғылықты көргеннен кейін 0:08:22.106,0:08:25.965 менің өмірімде үміт сәулесі дүниеге келді. 0:08:25.965,0:08:30.162 Мен оны Лука деп атадым, яғни " жарық әкелуші", 0:08:30.162,0:08:35.085 өйткені ол менің өміріме сәулесін төкті. 0:08:35.085,0:08:38.536 Менің ол туралы айтып отырғанымның себебі, ол төрт айлық болған кезде 0:08:38.536,0:08:43.208 менің редакторым маған Бағдатқа баруың керек деді, 0:08:43.208,0:08:46.540 мен ол жерде Саддам режимі туралы жазуым керек еді, 0:08:46.540,0:08:49.419 Бағдат құлағаннан кейін де сонда болдым, 0:08:49.419,0:08:52.513 көзіме жас үйіріліп ұшақта отырғаным, 0:08:52.513,0:08:55.499 баламнан жыраққа кеткеніме еңіреп жылап отырғаным есімде. 0:08:55.499,0:08:57.732 Мен сол жерде болған кезде 0:08:57.732,0:09:00.467 менің танысым ирақтың танымал саясаткері 0:09:00.467,0:09:02.941 маған былай деді: «Сіз мұнда не істеп жүрсіз? 0:09:02.941,0:09:04.782 Сіз неге үйде, Лукамен бірге емессіз?» 0:09:04.782,0:09:08.567 Мен оған «Мен мұны көруім керек» деп жауап бердім. Бұл 2004 жыл еді, 0:09:08.567,0:09:12.954 Ирақтағы ең қанды кезең еді, 0:09:12.954,0:09:16.194 «мен мұны көруім керек, не болып жатқанын, 0:09:16.194,0:09:17.059 мен бұл туралы хабарлап тұруым керек». 0:09:17.059,0:09:20.623 Ол маған: "Үйіңізге қайтыңыз, 0:09:20.623,0:09:23.909 егер сіз оның бірінші тісін, 0:09:23.909,0:09:26.907 оның бірінші қадамын көрмей қалсаңыз, сіз өзіңізді ешқашан кешірмейсіз. 0:09:26.907,0:09:30.770 Соғыс, басқа да соғыстар тағы болады» деді. 0:09:30.770,0:09:35.111 Өкінішке қарай, соғыс бола береді. 0:09:35.111,0:09:38.965 Мен өзімді алдап келемін, мен журналист, 0:09:38.965,0:09:40.731 репортер, жазушы ретінде 0:09:40.731,0:09:45.569 оны тоқтатуға не істей аламын. Мен тоқтата алмаймын. 0:09:45.569,0:09:48.116 Мен Кофи Аннан емеспін. Ол да соғысты тоқтата алмайды. 0:09:48.116,0:09:51.093 Ол Сириямен келіссөздер жүргізуге тырысты, дегенмен ешнәрсе істей алмады. 0:09:51.093,0:09:55.089 Мен БҰҰ резолюциясына қарсы шығатын адам емеспін. 0:09:55.089,0:09:57.372 Мен тіпті гуманитарлық көмек көрсететін дәрігер де емеспін, 0:09:57.372,0:10:00.198 мен көмек беретін уақытты да айта алмаймын, 0:10:00.198,0:10:03.469 менің көз алдымда адамдар өліп жатты, мен оларды құтқара алмадым. 0:10:03.469,0:10:07.304 Мен тек қана куәгермін. 0:10:07.304,0:10:12.358 Менің рөлім болған нәрсені адамдарға айтып беру. 0:10:12.358,0:10:15.591 Менің әріптесім мұны әлемнің қараңғылық басқан бөліктеріне 0:10:15.591,0:10:18.353 сәуле шашу деп сипаттады. 0:10:18.353,0:10:21.000 Мен осыны істеуге тырысып жүрмін. 0:10:21.000,0:10:24.036 Менің жолым ылғи бола бермейді, 0:10:24.036,0:10:26.577 кейде бұл өте қиын, 0:10:26.577,0:10:28.783 өйткені сіз тұңғиыққа жазып жатқаныңызды сезесіз, 0:10:28.783,0:10:31.112 немесе мұның бәрі ешкімді қызықтырмайды, мазаламайды. 0:10:31.112,0:10:33.361 Сирияны кім уайымдап жатыр? Кім Боснияның қамын ойлап жатыр? 0:10:33.361,0:10:35.374 Конго, 0:10:35.374,0:10:37.648 Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне 0:10:37.648,0:10:39.763 туралы кім уайымдайды? 0:10:39.763,0:10:43.736 Бұл - мен өмір бойы ұмытпайтын жердің атаулары. 0:10:43.736,0:10:46.989 Бұл - менің кәсібім, куәгер болу, 0:10:46.989,0:10:50.171 осыны істеп жүрген репортерлердің 0:10:50.171,0:10:52.712 жұмысының мәні осы. 0:10:52.712,0:10:56.303 Менің қолымнан келетіні тек қана үміттену, 0:10:56.303,0:10:58.911 саясаткерлер мен саясатты жасаушылар үшін емес, 0:10:58.911,0:11:01.308 олар менің сөзімді оқи отырып 0:11:01.308,0:11:03.773 бірнәрсе істейтін болар деген үміт, 0:11:03.773,0:11:06.933 мен өзімді алдап отырған жоқпын. 0:11:06.933,0:11:11.150 Бірақ маған үміт беретіні, егер сіздер менің айтқандарымды 0:11:11.150,0:11:14.703 немесе соның ішіндегі бір оқиғаны таңертеңгілік ас ішіп отырып естеріңізге түсірсеңіздер, 0:11:14.703,0:11:17.385 егер сіздер Сараевода болған жағдайды 0:11:17.385,0:11:20.876 немесе Руанда туралы еске алсаңыздар 0:11:20.876,0:11:23.449 мен жұмысымды жақсы атқарғаным деп ойлаймын. 0:11:23.449,0:11:25.487 Көп рақмет. 0:11:25.487,0:11:32.717 (Қол шапалақтау)