TED: көпшілік алдында керемет сөйлеу құпиясы
-
0:00 - 0:03Кейбіреулер TED баяндаманың арнайы
формуласы бар деп ойлайды: -
0:03 - 0:05"Дөңгелек, қызыл кілемше үстінде сөйлеу."
-
0:05 - 0:07"Бала қиялыңмен бөлісу."
-
0:07 - 0:09"Жеке құпияны жариялау."
-
0:09 - 0:11"Соңында, әрекет жасауға жігерлендіру."
-
0:11 - 0:13Жоқ.
-
0:13 - 0:15TED баяндама бұлай болмайды.
-
0:15 - 0:17Негізі, бұл әдістерді асыра пайдалану,
-
0:17 - 0:21жәй ғана дайын нәрсені қайталау немесе
эмоциялық басқару болмақ. -
0:21 - 0:25Бірақ, барлық үздік TED баяндамалардың
ортақ бір нәрсесі бар -
0:25 - 0:27және сол жайлы сіздермен
бөліспекпін. -
0:28 - 0:30Себебі, соңғы 12 жылда,
осы секілді -
0:30 - 0:35жүздеген керемет TED баяндамашыларды
тыңдауға жақсы мүмкіндік болды. -
0:35 - 0:37Оларға баяндамасын уақытылы дайындауға
көмектестім -
0:37 - 0:39және олардан тікелей
-
0:39 - 0:41баяндаманы үздік ететін
дүниені үйрендім. -
0:41 - 0:44Бірақ баяндамашылардың ойлары мен
баяндамалары -
0:44 - 0:45әртүрлі болса да,
-
0:45 - 0:49барлығына ортақ, ерекше бір әдісі бар.
-
0:49 - 0:51Бұл нәрсе:
-
0:51 - 0:54Баяндамашы ретінді ең бірінші-
-
0:54 - 0:58таныс емес және әдемі идеяны
-
0:58 - 1:03тыңдаушыларға ерекше сый ретінде жеткізе
білу керек. -
1:04 - 1:05Толығырақ түсіндірейін.
-
1:05 - 1:07Бұл - Хэйли.
-
1:07 - 1:09Ол көпшілік алдында TED баяндама
жасамақшы -
1:09 - 1:10және ол қорқып тұр.
-
1:10 - 1:12(Бейне) Жүргізуші: Хэйли Ван Дейк
-
1:12 - 1:15(Қол соғу)
-
1:19 - 1:20Алдағы 18 минут ішінде,
-
1:20 - 1:24бұрын соңды бірін-бірі
танымайтын 1200 адам -
1:24 - 1:29Хэйлидің миымен өзара
синхронизациялана, яғни идеяны -
1:29 - 1:30түсіне бастағандарын байқайды.
-
1:30 - 1:33Дәлірек айтсам, тыңдаушыларда бірдей
ми толқындары түзеледі. -
1:33 - 1:36Бұл барлығы бірдей бір сезімді сезінеді
дегенді білдірмейді. -
1:36 - 1:39Бұл жерде таңғажайып нәрсе орын алуда.
-
1:39 - 1:42Дәл осы кезде Хэйлидің миында не болып
жатқанын көрейік. -
1:42 - 1:46Мүмкін еместей шатасып, бір-бірімен
байланысқан миллиардтаған нейрондар. -
1:46 - 1:48Бірақ, мына жерге қараңыз --
-
1:48 - 1:51бірнеше миллионы өзара байланысқан
күйде -
1:51 - 1:54жалғыз бір идеяны ұсынады.
-
1:55 - 1:59Таңқаларлығы, дәл осы байланысқан
нейрондар үлгісі тыңдаушылардың миында да, -
1:59 - 2:02дәл сол сәтте пайда болады.
-
2:02 - 2:04Дәл солай, аздаған минут ішінде,
-
2:04 - 2:06миллиондаған нейроннан тұратын идеа үлгісі
-
2:06 - 2:09сөйлеушінің дауысын естумен
және бейнесін қараумен -
2:09 - 2:121200 адамның миына телепортталады.
-
2:13 - 2:15Бірақ тоқтаңыз - идея дегеніміз не?
-
2:16 - 2:19Идеяны әлемді түсінуге және басқаруға
көмектесетін -
2:19 - 2:22ақпарат бөлігі деп түсінсеңіз болады.
-
2:22 - 2:24Идея әр түрлі формада және көлемде,
-
2:24 - 2:26комплексті және аналитикалық,
-
2:26 - 2:29қарапайым және эстетикалық түрлері де бар.
-
2:29 - 2:31TED сахнасынан бірнеше мысалды
қарастырайық. -
2:32 - 2:36Сэр Кен Робинсон- шығармашылық
балаларымыздың болашағының кілті. -
2:36 - 2:38(Бейне) Сэр Кен Робинсон:
Пайымдауымша, қазіргі таңда -
2:38 - 2:42шығармашылық - білім берудегі сауаттылық
секілді маңызды -
2:42 - 2:44және осы дәрежеде шығармашылыққа
көңіл бөлу тиіспіз. -
2:44 - 2:47Крис Андерсон: Элора Харди -
бамбуктан құралған ғимараттар керемет -
2:47 - 2:50(Бейне) Элора Харди:
Бұл айналамызда өсуде, -
2:50 - 2:54мықты, әдемі және сейсмикалық төзімді.
-
2:54 - 2:58ЧА: Чимаманда Адичи -
адамдар сәйкестіктен де артық. -
2:58 - 3:01(Бейне) Чимаманда Адичи:
Жалғыз уақиға стереотиптерді жасайды, -
3:01 - 3:05және стереотиптер мәселесі шындыққа
жанаспауымен қатар, -
3:05 - 3:07бұл мәселе толықтай ашылмайды.
-
3:08 - 3:10KА: Миыңыз толықтай идеяға толды
-
3:10 - 3:11және бұл кездейсоқ емес.
-
3:11 - 3:13Олар ұқыпты байланысқан.
-
3:13 - 3:16Олар біріге отырып
таңғажайып күрделі құрылымды құрайды -
3:16 - 3:19бұл - жеке дүниетанымыңыз.
-
3:19 - 3:21Бұл - миыңыздың операциялық жүйесі.
-
3:21 - 3:23Бұл әлемді қалай бағдарлауыңыз .
-
3:23 - 3:27Әрі бұл миллиондаған жеке идеялардан
құралған. -
3:27 - 3:30Сонымен, мысалы, дүниетанымыңыздың
бір кіші бөлігі ретінде, -
3:30 - 3:33мысықтар сүйкімді деген идеяны
алайық, -
3:33 - 3:35енді осы мысықтарды көрген кезде,
-
3:35 - 3:37ойлағаныңыздай әсер аласыз.
-
3:37 - 3:39Бірақ, дүниетанымыңыздың
өзге бір бөлігінде -
3:39 - 3:41барыс қауіпті деген ойдасыз,
-
3:41 - 3:43осы жануарды көргенде,
-
3:43 - 3:45әсеріңіз аздап өзгеше болмақ.
-
3:46 - 3:47Сонымен, бұл өте айқын
-
3:47 - 3:51не үшін дүниетанымыңызды құратын идеялар
маңызды. -
3:51 - 3:54Олардың мүмкіндігінше нұсқаулық
ретінде сенімдісі қажет, -
3:54 - 3:58қорқынышты-ақ, бірақ таңғажайып әлем
сонда. -
3:58 - 4:02Сонымен, әр түрлі адамдардың дүниетанымы
едәуір өзгеше болуы мүмкін. -
4:02 - 4:03Мысалы,
-
4:03 - 4:07Мына бейнені көргенде дүниетанымыңыз не
деп үн қатады: -
4:08 - 4:11(Бейне) Далиа Могахед: Мені көргенде
мен жайлы не ойлайсыздар? -
4:11 - 4:15"Иманды әйел", "эксперт", мүмкін тіпті
"қарындас" ? -
4:16 - 4:20Немесе, "қаналған",
"радикальды сенім иесі", -
4:20 - 4:21"террорист"?
-
4:22 - 4:23КА: Жауабыңызға қарамастан,
-
4:23 - 4:27әр түрлі ойлайтын миллиондаған
адамдардан сан түрлі жауап алуға болады. -
4:27 - 4:29Міне, сондықтан да идеялар өте маңызды.
-
4:29 - 4:33Егер дұрыс ақпарат берілсе,
кейбіреулердің әлем жайлы түсінігін -
4:33 - 4:35мәңгілікке өзгертуге болады,
-
4:35 - 4:39олардың қазіргі және болашақтағы
әрекеттерін қалыптастырады. -
4:40 - 4:43Идеялар мәдениетті қалыптастыруда өте
қуатты күш. -
4:44 - 4:45Егер келіссеңіз,
-
4:45 - 4:47баяндамашы ретінде бірінші міндетіңіз,
-
4:47 - 4:49тыңдаушылардың ойына идеяңызды жеткізу,
-
4:50 - 4:53бұл тапсырманы орындауға көмектесетін
төрт кеңеске тоқталайық. -
4:53 - 4:57Бірінші, баяндамаңызды маңызды
бір ғана идеямен шектеңіз. -
4:57 - 4:59Идеялар күрделі дүние;
-
4:59 - 5:02баяндамаңызды қайта қарап, қысқартып,
осылайша -
5:02 - 5:05жалғыз идеяға бар ынта-жігеріңізбен
мән беріңіз, -
5:05 - 5:09және осы бір дүниені лайықты түрде
түсіндіріп беруге тырысыңыз. -
5:09 - 5:13Мән-мағынасын беріңіз, мысалдармен
бөлісіңіз, барынша айқындаңыз. -
5:13 - 5:14Бір идеяны таңдаңыз,
-
5:14 - 5:17және оны толық баяндаманы қамтитындай
сызық етіңіз, -
5:17 - 5:21яғни әрбір айтқаныңыз алдыңғылармен
байланысуы керек. -
5:21 - 5:25Екінші, тыңдаушыларға маңызын
ұқтырыңыз. -
5:26 - 5:30Аудиторияңыздың ақыл-ойында идеяңыздың
бөлшектерін құрмас бұрын, -
5:30 - 5:32олардың құпталуы үшін тыңдаушылардың
рұқсаты қажет. -
5:32 - 5:34Рұқсат алудың басты құралы не?
-
5:34 - 5:36Әуестік.
-
5:36 - 5:38Әуестікті аудитрияңызбен араластырыңыз.
-
5:38 - 5:40Кейбір нәрселер не үшін мағына бермейтінін
-
5:40 - 5:44және түсіндіруді қажет ететінін білу үшін
қызықтыратын, өршітетін сұрақтар қойыңыз. -
5:45 - 5:49Егер әлдібереулердің дүниетанымында
кемшілікті айқындай алсаңыз, -
5:49 - 5:52олар осы олқылықты толықтыруды қажет
екенін сезеді. -
5:52 - 5:54Осылайша олардың ықыласын шақырған соң,
-
5:54 - 5:57идеяңызды құрастыру әлдеқайда жеңілірек
болмақ. -
5:58 - 6:01Үшінші, идеяңызды бөлшектеп жеткізіңіз,
-
6:01 - 6:05яғни аудиторияңыз түсіне алатындай етіңіз.
-
6:05 - 6:07Тілдің күшін пайдаланып,
-
6:07 - 6:10тыңдаушылардың санасында қалыптасқан
түсінікпен бірге -
6:10 - 6:11идеяңызды ұштастырасыз,
-
6:11 - 6:14бірақ өзіңіздің емес, олардың тілінде.
-
6:14 - 6:15Олар қайда
сол жерден бастайсыз -
6:15 - 6:19Көбінесе баяндаушылар қолданатын терминдер
мен түсініктер тыңдаушылар үшін -
6:19 - 6:22мүлдем таныс емес екенін
ұмытып кетіп жатады. -
6:22 - 6:27Енді, метафоралар идея бөліктерінің
бір-біріне сәйкестігін көрсетуде маңызды, -
6:27 - 6:30себебі, тыңдаушының идеяны осыған дейін
түсінгендігіне негізделе отырып, -
6:30 - 6:34қалаған идеяның бейнесін жеткізеді.
-
6:34 - 6:36Мысалы, Дженнифер Кан
-
6:36 - 6:40CRISPR деген жаңа керемет биотехнологияны
түсіндіргісі келеді, -
6:40 - 6:42ол, "Бұл дегеніміз, бірінші рет
-
6:42 - 6:45ДНҚ-ны өңдейтін мәтіндік процессорге ие
болдыңыз делік. -
6:45 - 6:50CRISPR гендік ақпараттарды оп-оңай
қиюға және қоюға мүмкіндік береді." -
6:50 - 6:54Енді, осы секілді анық түсіндірме арқылы
қанағаттырарлық сәттер, -
6:54 - 6:57санамызда өз орнын табады.
-
6:57 - 7:01Баяндамаңызды сенімді достарыңызға
тексерту және -
7:01 - 7:03қай бөлім оларды шатастырады, осыны
білу өте маңызды. -
7:03 - 7:06Төртінші, бұл соңғы кеңес:
-
7:06 - 7:09Идеяңызды бөлісуге тұрарлықтай етіңіз.
-
7:09 - 7:12Бұл дегеніміз, өзіңізге сұрақ қойыңыз:
-
7:12 - 7:14"Бұл идеяның кімге пайдасы бар?"
-
7:14 - 7:17Және мен сізге шынайы жауап беруге
тиіспін. -
7:17 - 7:20Егер идея тек сізді және ұйымыңызға
пайдалы болса, -
7:20 - 7:24онда кешіріңіз, бұл идея таратуға
тұрарлық емес. -
7:24 - 7:26Көрермен шындықты сіз арқылы көреді.
-
7:26 - 7:29Бірақ егер идеяңыз өзге біреудің күнін
жақсартуға -
7:29 - 7:30немесе келешегін жақсыға өзгертуге
-
7:30 - 7:33немесе ерекше дүние жасауға
жігерлендіруге -
7:33 - 7:36әлеуеті барына сенсеңіз,
-
7:36 - 7:40онда шынайы үлкен баяндама жасау үшін
негізгі ингредиентке иесіз, -
7:40 - 7:43бұл өз кезегінде көрермендер мен
бізге сыйлық болып табылады.
- Title:
- TED: көпшілік алдында керемет сөйлеу құпиясы
- Speaker:
- Крис Андерсон
- Description:
-
Керемет баяндама жасаудың арнайы формуласы жоқ, бірақ барлығына ортақ құпия жайттар бар. TED жетекшісі Крис Андерсон осы құпияны қолдану үшін қажет төрт әдіспен бөліспек. Таратуға тұрарлық идеяңызда бұл бар ма екен?
- Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 07:55
TED Translators admin approved Kazakh subtitles for TED's secret to great public speaking | ||
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for TED's secret to great public speaking | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for TED's secret to great public speaking | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for TED's secret to great public speaking | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for TED's secret to great public speaking | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for TED's secret to great public speaking | ||
Nursultan Aubakirov edited Kazakh subtitles for TED's secret to great public speaking | ||
Nursultan Aubakirov edited Kazakh subtitles for TED's secret to great public speaking |