Return to Video

TED: көпшілік алдында керемет сөйлеу құпиясы

  • 0:00 - 0:03
    Кейбіреулер TED баяндаманың арнайы
    формуласы бар деп ойлайды:
  • 0:03 - 0:05
    "Дөңгелек, қызыл кілемше үстінде сөйлеу."
  • 0:05 - 0:07
    "Бала қиялыңмен бөлісу."
  • 0:07 - 0:09
    "Жеке құпияны жариялау."
  • 0:09 - 0:11
    "Соңында, әрекет жасауға жігерлендіру."
  • 0:11 - 0:13
    Жоқ.
  • 0:13 - 0:15
    TED баяндама бұлай болмайды.
  • 0:15 - 0:17
    Негізі, бұл әдістерді асыра пайдалану,
  • 0:17 - 0:21
    жәй ғана дайын нәрсені қайталау немесе
    эмоциялық басқару болмақ.
  • 0:21 - 0:25
    Бірақ, барлық үздік TED баяндамалардың
    ортақ бір нәрсесі бар
  • 0:25 - 0:27
    және сол жайлы сіздермен
    бөліспекпін.
  • 0:28 - 0:30
    Себебі, соңғы 12 жылда,
    осы секілді
  • 0:30 - 0:35
    жүздеген керемет TED баяндамашыларды
    тыңдауға жақсы мүмкіндік болды.
  • 0:35 - 0:37
    Оларға баяндамасын уақытылы дайындауға
    көмектестім
  • 0:37 - 0:39
    және олардан тікелей
  • 0:39 - 0:41
    баяндаманы үздік ететін
    дүниені үйрендім.
  • 0:41 - 0:44
    Бірақ баяндамашылардың ойлары мен
    баяндамалары
  • 0:44 - 0:45
    әртүрлі болса да,
  • 0:45 - 0:49
    барлығына ортақ, ерекше бір әдісі бар.
  • 0:49 - 0:51
    Бұл нәрсе:
  • 0:51 - 0:54
    Баяндамашы ретінді ең бірінші-
  • 0:54 - 0:58
    таныс емес және әдемі идеяны
  • 0:58 - 1:03
    тыңдаушыларға ерекше сый ретінде жеткізе
    білу керек.
  • 1:04 - 1:05
    Толығырақ түсіндірейін.
  • 1:05 - 1:07
    Бұл - Хэйли.
  • 1:07 - 1:09
    Ол көпшілік алдында TED баяндама
    жасамақшы
  • 1:09 - 1:10
    және ол қорқып тұр.
  • 1:10 - 1:12
    (Бейне) Жүргізуші: Хэйли Ван Дейк
  • 1:12 - 1:15
    (Қол соғу)
  • 1:19 - 1:20
    Алдағы 18 минут ішінде,
  • 1:20 - 1:24
    бұрын соңды бірін-бірі
    танымайтын 1200 адам
  • 1:24 - 1:29
    Хэйлидің миымен өзара
    синхронизациялана, яғни идеяны
  • 1:29 - 1:30
    түсіне бастағандарын байқайды.
  • 1:30 - 1:33
    Дәлірек айтсам, тыңдаушыларда бірдей
    ми толқындары түзеледі.
  • 1:33 - 1:36
    Бұл барлығы бірдей бір сезімді сезінеді
    дегенді білдірмейді.
  • 1:36 - 1:39
    Бұл жерде таңғажайып нәрсе орын алуда.
  • 1:39 - 1:42
    Дәл осы кезде Хэйлидің миында не болып
    жатқанын көрейік.
  • 1:42 - 1:46
    Мүмкін еместей шатасып, бір-бірімен
    байланысқан миллиардтаған нейрондар.
  • 1:46 - 1:48
    Бірақ, мына жерге қараңыз --
  • 1:48 - 1:51
    бірнеше миллионы өзара байланысқан
    күйде
  • 1:51 - 1:54
    жалғыз бір идеяны ұсынады.
  • 1:55 - 1:59
    Таңқаларлығы, дәл осы байланысқан
    нейрондар үлгісі тыңдаушылардың миында да,
  • 1:59 - 2:02
    дәл сол сәтте пайда болады.
  • 2:02 - 2:04
    Дәл солай, аздаған минут ішінде,
  • 2:04 - 2:06
    миллиондаған нейроннан тұратын идеа үлгісі
  • 2:06 - 2:09
    сөйлеушінің дауысын естумен
    және бейнесін қараумен
  • 2:09 - 2:12
    1200 адамның миына телепортталады.
  • 2:13 - 2:15
    Бірақ тоқтаңыз - идея дегеніміз не?
  • 2:16 - 2:19
    Идеяны әлемді түсінуге және басқаруға
    көмектесетін
  • 2:19 - 2:22
    ақпарат бөлігі деп түсінсеңіз болады.
  • 2:22 - 2:24
    Идея әр түрлі формада және көлемде,
  • 2:24 - 2:26
    комплексті және аналитикалық,
  • 2:26 - 2:29
    қарапайым және эстетикалық түрлері де бар.
  • 2:29 - 2:31
    TED сахнасынан бірнеше мысалды
    қарастырайық.
  • 2:32 - 2:36
    Сэр Кен Робинсон- шығармашылық
    балаларымыздың болашағының кілті.
  • 2:36 - 2:38
    (Бейне) Сэр Кен Робинсон:
    Пайымдауымша, қазіргі таңда
  • 2:38 - 2:42
    шығармашылық - білім берудегі сауаттылық
    секілді маңызды
  • 2:42 - 2:44
    және осы дәрежеде шығармашылыққа
    көңіл бөлу тиіспіз.
  • 2:44 - 2:47
    Крис Андерсон: Элора Харди -
    бамбуктан құралған ғимараттар керемет
  • 2:47 - 2:50
    (Бейне) Элора Харди:
    Бұл айналамызда өсуде,
  • 2:50 - 2:54
    мықты, әдемі және сейсмикалық төзімді.
  • 2:54 - 2:58
    ЧА: Чимаманда Адичи -
    адамдар сәйкестіктен де артық.
  • 2:58 - 3:01
    (Бейне) Чимаманда Адичи:
    Жалғыз уақиға стереотиптерді жасайды,
  • 3:01 - 3:05
    және стереотиптер мәселесі шындыққа
    жанаспауымен қатар,
  • 3:05 - 3:07
    бұл мәселе толықтай ашылмайды.
  • 3:08 - 3:10
    KА: Миыңыз толықтай идеяға толды
  • 3:10 - 3:11
    және бұл кездейсоқ емес.
  • 3:11 - 3:13
    Олар ұқыпты байланысқан.
  • 3:13 - 3:16
    Олар біріге отырып
    таңғажайып күрделі құрылымды құрайды
  • 3:16 - 3:19
    бұл - жеке дүниетанымыңыз.
  • 3:19 - 3:21
    Бұл - миыңыздың операциялық жүйесі.
  • 3:21 - 3:23
    Бұл әлемді қалай бағдарлауыңыз .
  • 3:23 - 3:27
    Әрі бұл миллиондаған жеке идеялардан
    құралған.
  • 3:27 - 3:30
    Сонымен, мысалы, дүниетанымыңыздың
    бір кіші бөлігі ретінде,
  • 3:30 - 3:33
    мысықтар сүйкімді деген идеяны
    алайық,
  • 3:33 - 3:35
    енді осы мысықтарды көрген кезде,
  • 3:35 - 3:37
    ойлағаныңыздай әсер аласыз.
  • 3:37 - 3:39
    Бірақ, дүниетанымыңыздың
    өзге бір бөлігінде
  • 3:39 - 3:41
    барыс қауіпті деген ойдасыз,
  • 3:41 - 3:43
    осы жануарды көргенде,
  • 3:43 - 3:45
    әсеріңіз аздап өзгеше болмақ.
  • 3:46 - 3:47
    Сонымен, бұл өте айқын
  • 3:47 - 3:51
    не үшін дүниетанымыңызды құратын идеялар
    маңызды.
  • 3:51 - 3:54
    Олардың мүмкіндігінше нұсқаулық
    ретінде сенімдісі қажет,
  • 3:54 - 3:58
    қорқынышты-ақ, бірақ таңғажайып әлем
    сонда.
  • 3:58 - 4:02
    Сонымен, әр түрлі адамдардың дүниетанымы
    едәуір өзгеше болуы мүмкін.
  • 4:02 - 4:03
    Мысалы,
  • 4:03 - 4:07
    Мына бейнені көргенде дүниетанымыңыз не
    деп үн қатады:
  • 4:08 - 4:11
    (Бейне) Далиа Могахед: Мені көргенде
    мен жайлы не ойлайсыздар?
  • 4:11 - 4:15
    "Иманды әйел", "эксперт", мүмкін тіпті
    "қарындас" ?
  • 4:16 - 4:20
    Немесе, "қаналған",
    "радикальды сенім иесі",
  • 4:20 - 4:21
    "террорист"?
  • 4:22 - 4:23
    КА: Жауабыңызға қарамастан,
  • 4:23 - 4:27
    әр түрлі ойлайтын миллиондаған
    адамдардан сан түрлі жауап алуға болады.
  • 4:27 - 4:29
    Міне, сондықтан да идеялар өте маңызды.
  • 4:29 - 4:33
    Егер дұрыс ақпарат берілсе,
    кейбіреулердің әлем жайлы түсінігін
  • 4:33 - 4:35
    мәңгілікке өзгертуге болады,
  • 4:35 - 4:39
    олардың қазіргі және болашақтағы
    әрекеттерін қалыптастырады.
  • 4:40 - 4:43
    Идеялар мәдениетті қалыптастыруда өте
    қуатты күш.
  • 4:44 - 4:45
    Егер келіссеңіз,
  • 4:45 - 4:47
    баяндамашы ретінде бірінші міндетіңіз,
  • 4:47 - 4:49
    тыңдаушылардың ойына идеяңызды жеткізу,
  • 4:50 - 4:53
    бұл тапсырманы орындауға көмектесетін
    төрт кеңеске тоқталайық.
  • 4:53 - 4:57
    Бірінші, баяндамаңызды маңызды
    бір ғана идеямен шектеңіз.
  • 4:57 - 4:59
    Идеялар күрделі дүние;
  • 4:59 - 5:02
    баяндамаңызды қайта қарап, қысқартып,
    осылайша
  • 5:02 - 5:05
    жалғыз идеяға бар ынта-жігеріңізбен
    мән беріңіз,
  • 5:05 - 5:09
    және осы бір дүниені лайықты түрде
    түсіндіріп беруге тырысыңыз.
  • 5:09 - 5:13
    Мән-мағынасын беріңіз, мысалдармен
    бөлісіңіз, барынша айқындаңыз.
  • 5:13 - 5:14
    Бір идеяны таңдаңыз,
  • 5:14 - 5:17
    және оны толық баяндаманы қамтитындай
    сызық етіңіз,
  • 5:17 - 5:21
    яғни әрбір айтқаныңыз алдыңғылармен
    байланысуы керек.
  • 5:21 - 5:25
    Екінші, тыңдаушыларға маңызын
    ұқтырыңыз.
  • 5:26 - 5:30
    Аудиторияңыздың ақыл-ойында идеяңыздың
    бөлшектерін құрмас бұрын,
  • 5:30 - 5:32
    олардың құпталуы үшін тыңдаушылардың
    рұқсаты қажет.
  • 5:32 - 5:34
    Рұқсат алудың басты құралы не?
  • 5:34 - 5:36
    Әуестік.
  • 5:36 - 5:38
    Әуестікті аудитрияңызбен араластырыңыз.
  • 5:38 - 5:40
    Кейбір нәрселер не үшін мағына бермейтінін
  • 5:40 - 5:44
    және түсіндіруді қажет ететінін білу үшін
    қызықтыратын, өршітетін сұрақтар қойыңыз.
  • 5:45 - 5:49
    Егер әлдібереулердің дүниетанымында
    кемшілікті айқындай алсаңыз,
  • 5:49 - 5:52
    олар осы олқылықты толықтыруды қажет
    екенін сезеді.
  • 5:52 - 5:54
    Осылайша олардың ықыласын шақырған соң,
  • 5:54 - 5:57
    идеяңызды құрастыру әлдеқайда жеңілірек
    болмақ.
  • 5:58 - 6:01
    Үшінші, идеяңызды бөлшектеп жеткізіңіз,
  • 6:01 - 6:05
    яғни аудиторияңыз түсіне алатындай етіңіз.
  • 6:05 - 6:07
    Тілдің күшін пайдаланып,
  • 6:07 - 6:10
    тыңдаушылардың санасында қалыптасқан
    түсінікпен бірге
  • 6:10 - 6:11
    идеяңызды ұштастырасыз,
  • 6:11 - 6:14
    бірақ өзіңіздің емес, олардың тілінде.
  • 6:14 - 6:15
    Олар қайда
    сол жерден бастайсыз
  • 6:15 - 6:19
    Көбінесе баяндаушылар қолданатын терминдер
    мен түсініктер тыңдаушылар үшін
  • 6:19 - 6:22
    мүлдем таныс емес екенін
    ұмытып кетіп жатады.
  • 6:22 - 6:27
    Енді, метафоралар идея бөліктерінің
    бір-біріне сәйкестігін көрсетуде маңызды,
  • 6:27 - 6:30
    себебі, тыңдаушының идеяны осыған дейін
    түсінгендігіне негізделе отырып,
  • 6:30 - 6:34
    қалаған идеяның бейнесін жеткізеді.
  • 6:34 - 6:36
    Мысалы, Дженнифер Кан
  • 6:36 - 6:40
    CRISPR деген жаңа керемет биотехнологияны
    түсіндіргісі келеді,
  • 6:40 - 6:42
    ол, "Бұл дегеніміз, бірінші рет
  • 6:42 - 6:45
    ДНҚ-ны өңдейтін мәтіндік процессорге ие
    болдыңыз делік.
  • 6:45 - 6:50
    CRISPR гендік ақпараттарды оп-оңай
    қиюға және қоюға мүмкіндік береді."
  • 6:50 - 6:54
    Енді, осы секілді анық түсіндірме арқылы
    қанағаттырарлық сәттер,
  • 6:54 - 6:57
    санамызда өз орнын табады.
  • 6:57 - 7:01
    Баяндамаңызды сенімді достарыңызға
    тексерту және
  • 7:01 - 7:03
    қай бөлім оларды шатастырады, осыны
    білу өте маңызды.
  • 7:03 - 7:06
    Төртінші, бұл соңғы кеңес:
  • 7:06 - 7:09
    Идеяңызды бөлісуге тұрарлықтай етіңіз.
  • 7:09 - 7:12
    Бұл дегеніміз, өзіңізге сұрақ қойыңыз:
  • 7:12 - 7:14
    "Бұл идеяның кімге пайдасы бар?"
  • 7:14 - 7:17
    Және мен сізге шынайы жауап беруге
    тиіспін.
  • 7:17 - 7:20
    Егер идея тек сізді және ұйымыңызға
    пайдалы болса,
  • 7:20 - 7:24
    онда кешіріңіз, бұл идея таратуға
    тұрарлық емес.
  • 7:24 - 7:26
    Көрермен шындықты сіз арқылы көреді.
  • 7:26 - 7:29
    Бірақ егер идеяңыз өзге біреудің күнін
    жақсартуға
  • 7:29 - 7:30
    немесе келешегін жақсыға өзгертуге
  • 7:30 - 7:33
    немесе ерекше дүние жасауға
    жігерлендіруге
  • 7:33 - 7:36
    әлеуеті барына сенсеңіз,
  • 7:36 - 7:40
    онда шынайы үлкен баяндама жасау үшін
    негізгі ингредиентке иесіз,
  • 7:40 - 7:43
    бұл өз кезегінде көрермендер мен
    бізге сыйлық болып табылады.
Title:
TED: көпшілік алдында керемет сөйлеу құпиясы
Speaker:
Крис Андерсон
Description:

Керемет баяндама жасаудың арнайы формуласы жоқ, бірақ барлығына ортақ құпия жайттар бар. TED жетекшісі Крис Андерсон осы құпияны қолдану үшін қажет төрт әдіспен бөліспек. Таратуға тұрарлық идеяңызда бұл бар ма екен?

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
07:55

Kazakh subtitles

Revisions