-
Міне, осы жерде досымыз Филиптің ауа-райы тамаша күні Твиттерді аралап жүргенін көруге болады.
-
Филип өзінің Твиттерін қатты ұнатады.
-
Ой! бір келеңсіз жағдай пайда болды!
-
Филип өзінің Твиттердегі бйініне сурет ендіруді ұмытқандығы салдарынан,
-
оның бейінін қарағанда тек қана жағыз шағын жұмыртқаны көретін болды.
-
Алайда, бейінді жөнге келтіру өте оңай.
-
Жәй ғана "Бейінді толықтыру" белгішесін басса болды.
-
Әлгі жұмыртқаны алмастыру үшін оның компьютеріндегі камераны қолданып суретке түсіріп көрейікші.
-
Қане, ноутбукке қарап күлімсірей қойыңыз!
-
Біз сурет көркем көрінуі үшін оның көлемін және орнын белгілеп береміз.
-
Тамаша!
-
Ендігі қадам - негізгі сүретті енгізу.
-
Біз бір файлды жүктей аламыз, немесе
-
қалаған файлды оң жақтағы басты тақырып жолына тасымалдауға болады.
-
Бұл әрекет бейіндік суретке де қатысты.
-
Егер көрініс көңіліңізден шығып жатса, “Apply” түймешігін басыңыз.
-
Ал мына жерді жеке басыңызға қатысты мәліметтермен - жасыңыз, тұрғылықты жеріңіз және вебсайтыңыз туралы мәліметтермен толықтыруға болады.
-
Сонда жұрт сіз туралы көп мағлұмат ала алады.
-
“Save changes” түймешігін бассаңыз болды, сіздің бейініңіз пайдалануға дайын!
-
БАПТАУ режимінде ӘРЛЕУ белгішесін бассаңыз, фонға арналған суретті ауыстыруға немесе жүктеуге болады.
-
Жәй ғана пайдаланғыңыз келген файлды таңдаңыз да енгізілген өзгерісті сақтап қойыңыз.
-
Ой, бульдогтар шықты!
-
Егер жолда кетіп бара жатқан болсаңыз, аталған өзгерістерді Твиттердің ресми қосымшасын ашып, ME белгішесін басу арқылы сақтауға болады.
-
Жәй ғана БАПТАУ құралына өтіп, “Бейінді өңдеу” түймешігін таңдаңыз.
-
Енді өз бейініңізді және бейіндегі негізгі суретті қалаған уақытта өзгерте аласыз.
-
Бұл ерекшеліктерді біздің инженерлеріміз бен дизайнерлеріміз сіздің игілігіңіз үшін енгізді.
-
Олар сіздің бейініңізді жетілдіретініңізге үміт артады!
-
Бәріміз бірауыздан сізге “Твиттерде жұмысыңыз жемісті болсын!” деп тілейміз!