Міне, осы жерде досымыз Филиптің ауа-райы тамаша күні Твиттерді аралап жүргенін көруге болады. Филип өзінің Твиттерін қатты ұнатады. Ой! бір келеңсіз жағдай пайда болды! Филип өзінің Твиттердегі бйініне сурет ендіруді ұмытқандығы салдарынан, оның бейінін қарағанда тек қана жағыз шағын жұмыртқаны көретін болды. Алайда, бейінді жөнге келтіру өте оңай. Жәй ғана "Бейінді толықтыру" белгішесін басса болды. Әлгі жұмыртқаны алмастыру үшін оның компьютеріндегі камераны қолданып суретке түсіріп көрейікші. Қане, ноутбукке қарап күлімсірей қойыңыз! Біз сурет көркем көрінуі үшін оның көлемін және орнын белгілеп береміз. Тамаша! Ендігі қадам - негізгі сүретті енгізу. Біз бір файлды жүктей аламыз, немесе қалаған файлды оң жақтағы басты тақырып жолына тасымалдауға болады. Бұл әрекет бейіндік суретке де қатысты. Егер көрініс көңіліңізден шығып жатса, “Apply” түймешігін басыңыз. Ал мына жерді жеке басыңызға қатысты мәліметтермен - жасыңыз, тұрғылықты жеріңіз және вебсайтыңыз туралы мәліметтермен толықтыруға болады. Сонда жұрт сіз туралы көп мағлұмат ала алады. “Save changes” түймешігін бассаңыз болды, сіздің бейініңіз пайдалануға дайын! БАПТАУ режимінде ӘРЛЕУ белгішесін бассаңыз, фонға арналған суретті ауыстыруға немесе жүктеуге болады. Жәй ғана пайдаланғыңыз келген файлды таңдаңыз да енгізілген өзгерісті сақтап қойыңыз. Ой, бульдогтар шықты! Егер жолда кетіп бара жатқан болсаңыз, аталған өзгерістерді Твиттердің ресми қосымшасын ашып, ME белгішесін басу арқылы сақтауға болады. Жәй ғана БАПТАУ құралына өтіп, “Бейінді өңдеу” түймешігін таңдаңыз. Енді өз бейініңізді және бейіндегі негізгі суретті қалаған уақытта өзгерте аласыз. Бұл ерекшеліктерді біздің инженерлеріміз бен дизайнерлеріміз сіздің игілігіңіз үшін енгізді. Олар сіздің бейініңізді жетілдіретініңізге үміт артады! Бәріміз бірауыздан сізге “Твиттерде жұмысыңыз жемісті болсын!” деп тілейміз!