Return to Video

Әйелдің ар-намысы - адам құқығының "төресі"

  • 0:00 - 0:02
    Жағдайға байланысты
  • 0:02 - 0:05
    Ақүйден кеткен соң
    жұмыс табуға тырыстым.
  • 0:05 - 0:10
    Осы туралы "New Yorker"
    журналынан күлкілі сурет көрдім.
  • 0:10 - 0:12
    Кішкентай бала әкесіне:
  • 0:12 - 0:16
    "Әке, мен өскенде бұрынғы
    президент болғым келеді" дейді.
  • 0:16 - 0:17
    (Күлкі)
  • 0:17 - 0:21
    Президент болған кезде
    үлкен сүйіспеншілікке кенелдім.
  • 0:21 - 0:24
    Өйткені әлемдегі санаулы адамға берілген
  • 0:24 - 0:26
    мүмкіндікке ие болдым.
  • 0:26 - 0:30
    Әлемнің әртүрлі адамдарын таныдым.
  • 0:30 - 0:34
    АҚШ-тың 50 штатын аралап,
  • 0:34 - 0:38
    әйелім екеуміз әлемнің
    145 елінде болдық.
  • 0:38 - 0:43
    Картер орталығының
    әлемнің 80 елінде бағдарламасы бар.
  • 0:43 - 0:45
    Сапар барысында
  • 0:45 - 0:47
    мемлекет басшыларымен кездесіп,
  • 0:47 - 0:51
    Африканың шалғай аймағының
    тұрғындарымен де сұхбаттастық.
  • 0:51 - 0:55
    Картер орталығында
    негізгі жұмысымыз
  • 0:55 - 0:57
    адам құқықтарын
    насихаттау.
  • 0:57 - 1:02
    Әлемді аралап шыққан
    адам ретінде білерім
  • 1:02 - 1:06
    адам құқықтары
    ішінде ең өзектісі
  • 1:06 - 1:11
    әйелдерге қатысты
    зорлық-зомбылық болып отыр.
  • 1:11 - 1:15
    (Қол шапалақтау)
  • 1:15 - 1:20
    Менің білуімше бұған бірнеше себеп бар.
  • 1:20 - 1:25
    Біріншіден, дәстүрлі
    діни кітаптарды дұрыс түсіндірмеу.
  • 1:25 - 1:29
    Інжіл, Құран
    тағы басқа киелі кітаптар
  • 1:29 - 1:36
    қазіргі кезде үлкен беделге
    еркектер тарапынан
  • 1:36 - 1:39
    шіркеу, мешіт,
    синагогада дұрыс уағыздалмайды.
  • 1:39 - 1:43
    Әрі олар бұл заңдылықтарды
  • 1:43 - 1:47
    әйелдер екінші дәрежеде
    тұратындай етіп көрсетеді.
  • 1:47 - 1:50
    Құдайдың алдында
    еркектермен салыстырады.
  • 1:51 - 1:55
    Бұл күрделі мәселе
    жеткілікті көтерілмей келеді.
  • 1:55 - 1:57
    Осыдан бірнеше жыл бұрын
    2000 жылдары
  • 1:57 - 2:00
    баптис болдым.
    70 жылдай Оңтүстік Баптисі едім.
  • 2:00 - 2:03
    Әлі күнге дейін
    Жексенбілік мектепте сабақ беремін.
  • 2:03 - 2:05
    Сабағымды жалғастырар едім
  • 2:05 - 2:09
    Бірақ Оңтүстік Баптистері
    2000 жылдары
  • 2:09 - 2:12
    әйел дәрежесі
    еркектен
  • 2:12 - 2:14
    төменірек болсын
    деген шешімге келді.
  • 2:14 - 2:17
    Cөйтіп діни өкім бойынша
  • 2:17 - 2:23
    әйелдер шіркеуде
    діни басшы бола алмайтын болды
  • 2:23 - 2:25
    немесе әскерде пастор болмайды.
  • 2:25 - 2:28
    Сыныпта сабақ беріп жатса,
  • 2:28 - 2:30
    Оңтүстік Баптист мектебінде,
  • 2:30 - 2:34
    бөлмеде ер бала болса,
    сабақ бере алмайды.
  • 2:34 - 2:36
    Өйткені Інжілде
  • 2:36 - 2:39
    бұл туралы 3000-нан астам үкім бар
  • 2:39 - 2:41
    ”Әйел еркекті үйрете алмайды“ депті.
  • 2:41 - 2:44
    Бірақ бұл сөздер дұрыс
    тәржімаланбаған
  • 2:44 - 2:47
    еркек мәртебесінің
    ыңғайына қарай аударылған.
  • 2:47 - 2:49
    Бұл мәселе барлық жерде бар
  • 2:49 - 2:54
    себебі еркектер
    ”артықшылыққа“ ие.
  • 2:54 - 3:00
    Озбыр еркек немесе
    жұмыс беруші
  • 3:00 - 3:04
    өзін ақтау үшін
    әйел дәрежесі төмен дейді.
  • 3:04 - 3:06
    ”Өзіммен тең көрудің қажеті қанша“
  • 3:06 - 3:10
    ”Олардың жалақысы төмен болуы тиіс“
  • 3:10 - 3:12
    Тағы бір маңызды мәселе
  • 3:12 - 3:16
    бұл зорлық-зомбылықтың артуы
  • 3:16 - 3:21
    әрі бүкіл әлем бойынша кең тарап барады.
  • 3:21 - 3:24
    Мәселен, Америка Құрама
    Штаттарында
  • 3:24 - 3:28
    кедейлерді жәбірлеу
    көбейді
  • 3:28 - 3:33
    көбінесе қара және аз ұлт өкілдері
    түрмеге түсіп жатыр.
  • 3:33 - 3:36
    Джорджия әкімі болғанда
  • 3:36 - 3:39
    әрбір 1000 америкалықтың біреуі
    түрмеде болды
  • 3:39 - 3:44
    Қазір әрбір мыңнан
    7.3 адам түрмеде.
  • 3:44 - 3:46
    7 есе артып кетті.
  • 3:46 - 3:48
    Ақ Үйден кеткелі бері
  • 3:48 - 3:51
    түрмедегі қара нәсілді
    әйелдердің саны
  • 3:51 - 3:54
    800% -ға өсті.
  • 3:54 - 3:56
    Жер бетінде біздің
    елде ғана
  • 3:56 - 4:00
    өлім үкімі дамып
    отыр.
  • 4:00 - 4:04
    Адам құқықтары тапталған
    елдер ішінде
  • 4:04 - 4:07
    алдыңғы қатарда тұрмыз.
  • 4:08 - 4:10
    Қазір Калифорнияда тұрмыз
  • 4:10 - 4:13
    Калифорния, төрт миллиард
    долларды
  • 4:13 - 4:18
    13 адам өлім жазасын
    кесу үшін жұмсады.
  • 4:18 - 4:23
    Калифорния 307 миллион
    долларды
  • 4:23 - 4:26
    бір адамды
    өлтіру үшін жұмсаған.
  • 4:26 - 4:29
    Осы аптада Небраска
    өлім жазасын жойды,
  • 4:29 - 4:34
    себебі тым қымбат. (Қол шапалақтау)
  • 4:35 - 4:39
    Кедей әрі әлсіздерді
    зорлық-зомбылыққа жығу
  • 4:39 - 4:43
    әйелдердің зардап шегуіне
    әсер етіп отыр.
  • 4:43 - 4:48
    Мені алаңдататын
    кейбіреуіне тоқталайын.
  • 4:48 - 4:52
    Уақытым тығыз болғандықтан
    қысқаша тоқталайын.
  • 4:52 - 4:56
    Біреуі жыныстық органдарды зақымдау.
  • 4:56 - 5:00
    Көптеген америкалықтар біле бермейді
  • 5:00 - 5:04
    Бірақ кейбір елдерде
  • 5:04 - 5:09
    дүниеге қыз келсе,
  • 5:09 - 5:15
    көп кешікпей кесуші келіп,
    жыныстық мүшесін кесіп тастайды.
  • 5:15 - 5:19
    Ашық пышақпен
    стерилденбеген жерде
  • 5:19 - 5:23
    жыныс органдарының
    бетін алады.
  • 5:23 - 5:28
    Кейбір жағдайларда
    тігіп тастап,
  • 5:28 - 5:31
    кіші дәрет пен етеккір үшін
    ғана қалдырады.
  • 5:31 - 5:35
    Кейін үйленетін кезде
    әлгі кесуші қайта келіп,
  • 5:35 - 5:37
    ұрпақ көтеру үшін
    тігісін сөгеді.
  • 5:37 - 5:41
    Көп елде заңға қайшы болғанымен
    жиі ұшырасатын жайт.
  • 5:41 - 5:43
    Мысалы, Мысырдағы
  • 5:43 - 5:47
    әйелдердің 91 пайызы
  • 5:47 - 5:50
    осындай тәсілмен "зарарсызданған".
  • 5:50 - 5:53
    Кейбір елдерде,
    әйелдердің 98 пайызында
  • 5:53 - 5:57
    естияр жасқа жеткенше
    кесіп алып тастаған.
  • 5:57 - 6:00
    Сол елде тұратын
  • 6:00 - 6:04
    барлық әйел үшін қорқынышты.
  • 6:04 - 6:07
    Тағы бір өте маңызды нәрсе
    намыс үшін өлтіру.
  • 6:07 - 6:11
    Құрандағы киелі сөзді
    дұрыс түсінбей
  • 6:11 - 6:13
    киелі кітапта ол туралы
    мүлдем айтылмаған.
  • 6:13 - 6:18
    Қызы зорланса,
  • 6:18 - 6:19
    ол қызды өлтіріп тастайды.
  • 6:19 - 6:23
    Немесе, әкесі қаламаған еркекке
    тұрмысқа шықса, өлтіріп тастайды.
  • 6:23 - 6:26
    Бұл тіпті орынсыз
    киім кисе де болуы мүмкін.
  • 6:26 - 6:29
    Әрі осының бәрін
    оның отбасы істейді.
  • 6:29 - 6:31
    Сөйтіп отбасы
    кісі өлтірушіге айналады.
  • 6:31 - 6:36
    "ұятсыз" қыз осылайша
    отбасын жаман атты қылады.
  • 6:36 - 6:39
    Бірікке Ұлттар Ұйымының
    Мысырда жасаған зерттеуі
  • 6:39 - 6:43
    қаза тапқан қыздың
    өлімі 70 %- жағдайда
  • 6:43 - 6:49
    әкесі, ағасы немесе
    көкесі тарапынан болған.
  • 6:49 - 6:52
    Қалған 25% -ын
    әйелдер орындаған
  • 6:52 - 6:54
    Әйелдерге қатысы бар
    келесі жайт
  • 6:54 - 6:57
    құлдық мәселесі.
  • 6:57 - 6:59
    Немесе адам саудасы.
  • 6:59 - 7:04
    12.5 млн. адам Африкаға
    құлдыққа сатылған.
  • 7:04 - 7:08
    Бұл шамамен 19 және
    18 ғасырларда болды.
  • 7:08 - 7:12
    Қазір 30 миллион адам
    құлдықта жүр.
  • 7:12 - 7:17
    Америка үкіметі Конгрестен
    мандат алып,
  • 7:17 - 7:20
    жыл сайын есеп беріп тұрады.
  • 7:20 - 7:24
    Үкіметтің хабарлауынша,
    800 мың адам жыл сайын
  • 7:24 - 7:28
    құлдыққа сатылып отыр.
  • 7:28 - 7:31
    Оның 80 пайызы әйел,
  • 7:31 - 7:33
    олар жыныстық
    қатынас жасау үшін құл болуда.
  • 7:33 - 7:36
    Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарында
  • 7:36 - 7:39
    60,000 адам
    құлдықта өмір сүріп отыр.
  • 7:39 - 7:42
    Джорджияның Атланта қаласында
    Картер орталығы орналасқан
  • 7:42 - 7:45
    Сол жердегі Эрмори Университетінде
    сабақ беремін.
  • 7:45 - 7:50
    Ол қалада ай сайын,
    200-300 әйел құлдыққа түседі.
  • 7:51 - 7:54
    Еліміз осы жайттан
    бірінші орында тұр.
  • 7:54 - 7:56
    Атланта әуежайы
    әлемдегі ең мазасызы.
  • 7:56 - 8:01
    Оңтүстік жарты шардан
    келушілердің саны көп
  • 8:01 - 8:04
    Егер бордел иесі
  • 8:04 - 8:07
    қоңыр немесе қара
    қыз қаласа
  • 8:07 - 8:10
    1000 долларға
    таба алады.
  • 8:10 - 8:14
    Ақ қыздар
    жоғары тұрады.
  • 8:14 - 8:17
    Америкадағы және Атлантадағы
    бордель иесі
  • 8:17 - 8:22
    орташа есеппен бір құлдан
    $ 35,000 табады.
  • 8:22 - 8:27
    Атлантадағы құлдық сауда
    есірткі саудасынан жоғары.
  • 8:27 - 8:31
    Бұл шешімін таппаған күрделі мәселе
    жезөкшелікті тудырады.
  • 8:31 - 8:35
    Өйткені Америкада
    жезөкшелер заңды емес
  • 8:35 - 8:38
    Жергілікті билік біле бермейді.
  • 8:38 - 8:42
    Жергілікті полиция,
    полиция бастығы біле бермейді.
  • 8:42 - 8:44
    Бұл өз кезегінде үлкен
    мәселеге алып келеді.
  • 8:44 - 8:49
    Әйелдер жыныстық құмарлық
    үшін тауарға айналуда.
  • 8:49 - 8:51
    Барлық елде
    солай болып отыр.
  • 8:51 - 8:53
    Бұл орайда Швеция
    үлгісі жақсы.
  • 8:53 - 8:57
    15-20 жыл бұрын Швеция
    заңға өзгерту енгізді.
  • 8:57 - 8:59
    әйелдер жыныстық құлдыққа
    түссе
  • 8:59 - 9:02
    заң алдында жауапты емес.
  • 9:02 - 9:08
    Бордель иелері, әйелдерді
    "тұтынғандар" заңға тартылады.
  • 9:08 - 9:12
    және (қол шапалақ)
    жезөкшелік саны азайды.
  • 9:12 - 9:15
    Америкада керісінше
    тәсіл бар.
  • 9:15 - 9:22
    Бір еркек тұтқынға түссе
  • 9:22 - 9:27
    онымен бірге 25 әйел қоса
    тұтқындалады.
  • 9:27 - 9:31
    Канада, Исландия және Франция
  • 9:31 - 9:35
    швед моделін қабылдады.
  • 9:35 - 9:37
    Біз де осы үлгіге
    көшсек жақсы болар еді.
  • 9:37 - 9:41
    Әлемді аузына қаратып отырған
    екі жүйеміз бар:
  • 9:41 - 9:45
    Әскер және университет жүйесі.
  • 9:45 - 9:49
    Әскердегі жыныстық шабуыл
    туралы тексеріп жатыр.
  • 9:49 - 9:53
    Мен көрген соңғы есепте,
    26000 зорлау оқиғасы тіркелген.
  • 9:53 - 9:56
    Ол әскерде болған
  • 9:56 - 9:57
    26000.
  • 9:57 - 10:02
    Соның ішінде тек 3000 адам
    жауапкершілікке тартылды
  • 10:02 - 10:07
    Себебі, бұл атқарушы командир
  • 10:07 - 10:11
    сүңгуір қайық немесе
    кемедегі
  • 10:11 - 10:13
    командир тәрізді
  • 10:13 - 10:17
    зорлық жасағанды
    заңға тарту, я тартпау
  • 10:17 - 10:20
    туралы шешім шығара алады.
  • 10:20 - 10:23
    Нәтижесінде олар
    көпшілік
  • 10:23 - 10:26
    жыныстық зорлық болып
    жатқанын білдіртпеуге тырысады.
  • 10:26 - 10:28
    Олар тоқтатқан жоқ.
  • 10:28 - 10:31
    Сондықтан заңды өзгерту қажет.
  • 10:31 - 10:35
    Америка университетіндегі төрт
    қыздың біреуі
  • 10:35 - 10:37
    оқу бітіргенше зорлықтың
    құрбанына айналады.
  • 10:37 - 10:40
    Бұл көпшілік тарапынан
    енді айтылып жатыр.
  • 10:40 - 10:42
    Бұған менің кітабым
    себеп болды.
  • 10:42 - 10:46
    Сөйтіп, Америкадағы 89
    университет
  • 10:46 - 10:49
    Білім министрлігі тарапынан
    жабылмақ.
  • 10:49 - 10:54
    Себебі оқу басшылығы
    қыздарды
  • 10:54 - 10:55
    зорлық-зомбылықтан
    қорғамай отыр.
  • 10:55 - 10:59
    Құқық қорғау департаменті
    қылмыскерлердің жартысы
  • 10:59 - 11:03
    айуандық әрекетін
    кампуста бірнеше рет жасаған
  • 11:03 - 11:05
    себебі кампустан тысқары
    жерде болса,
  • 11:05 - 11:08
    бірден жазаға ілігер еді.
  • 11:08 - 11:12
    Кампус ішінде болса,
    ақталып шыға алады.
  • 11:12 - 11:14
    Заңмен қудаланбайды.
  • 11:14 - 11:18
    Бұл айналамызда
    болып жатқан жайттар.
  • 11:18 - 11:23
    Әйелдер мен қыздардың
    құқығына қатысты келесі жайт
  • 11:23 - 11:28
    еңбекақыдағы әділетсіздік.
  • 11:28 - 11:30
    (қол шапалақтау)
  • 11:30 - 11:37
    Бұл да қате түсіндіріліп жүр.
  • 11:37 - 11:40
    Америкадағы тұрақты
    жұмысы бар әйел 23% аз алады.
  • 11:40 - 11:43
    Президент кезімде
    бұл 39% еді.
  • 11:43 - 11:47
    Сондықтан менің кезімде
    біраз оң өзгеріс болды.
  • 11:47 - 11:53
    (Күлкі) (Қол шапалақтау)
  • 11:53 - 11:57
    Бірақ соңғы 15 жылда
    ілгерілеушілік жоқ
  • 11:57 - 11:59
    23%~24% арасында
    айырма бар.
  • 11:59 - 12:02
    Соңғы 15 жылдың ішінде.
  • 12:02 - 12:04
    Мұндай құбылыстар
    елеусіз болып жатыр.
  • 12:04 - 12:07
    Әлемдегі ең үздік 500 компанияны
    алып қарасаңыз
  • 12:07 - 12:10
    23 компания басшысы әйел.
  • 12:10 - 12:12
    500 - дің ішінен алып қарағанда
  • 12:12 - 12:15
    Әрі осы басшы әйелдер
  • 12:15 - 12:17
    өзге басшыларға қарағанда
  • 12:17 - 12:20
    аз айлық табады.
  • 12:20 - 12:22
    Көз алдымызда осылай болып жатыр.
  • 12:22 - 12:25
    Тағы бір мәселе
  • 12:25 - 12:29
    Біз соғысты жақсы көреміз
  • 12:29 - 12:33
    Екінші дүниежүзілік соғыстан бастап
  • 12:33 - 12:35
    25 елде соғыс жүргізіліп келеді.
  • 12:35 - 12:38
    Кейде, жер соғыста
  • 12:38 - 12:40
    Кейде, аспанда
  • 12:40 - 12:42
    бомба лақтырылатын
  • 12:42 - 12:46
    Қазір адамды тікелей көздейтін
    арнайы дрондар да бар.
  • 12:46 - 12:48
    Екінші дүниежүзілік соғыстан бері
  • 12:48 - 12:51
    25 елмен соғысыппыз.
  • 12:51 - 12:53
    Солардың ішінде төрт
    жылда
  • 12:53 - 12:55
    қайсы екенін айтпайын,
  • 12:55 - 13:01
    бомба тастап, ракета жармадық
    (Қол шапалақтау)
  • 13:01 - 13:02
    Оқты отқа лақтырмадық.
  • 13:02 - 13:07
    Түптеп келгенде
    мұндай зорлық
  • 13:07 - 13:09
    киелі кітаптарды
    дұрыс түсінбегеннен болып жатыр.
  • 13:09 - 13:15
    Нәтижесінде әйелдер мен
    қыздар қорлық көруде.
  • 13:15 - 13:18
    Мен айтпай кеткен тағы бір себеп бар:
  • 13:18 - 13:24
    "Еркектер бұл туралы бас қатырмайды"
  • 13:24 - 13:27
    (Қол шапалақтау)
    Бұл - шындық.
  • 13:27 - 13:32
    Көптеген еркек
    әйелді балағаттауға қарсымын дейді.
  • 13:32 - 13:36
    Бірақ үнсіз өздерінің
    үстемдігін қабылдайды.
  • 13:36 - 13:40
    Мен бала болған кезден
    бері сондай.
  • 13:40 - 13:42
    Теңдік арасында айырма бар
  • 13:42 - 13:47
    Нәсілдік кемсітушілік
    100 жыл өмір сүрді
  • 13:47 - 13:51
    1865 жылдан бастап
  • 13:51 - 13:53
    1960 жылға дейін жалғасты.
  • 13:53 - 13:56
    Линдон Джонсон
  • 13:56 - 13:58
    нәсілдік теңдікті жариялады
  • 13:58 - 14:01
    Бірақ ол уақытқа дейін
    көптеген ақ нәсілділер
  • 14:01 - 14:04
    нәсілдік кемсітушілікке қарсы
    болды.
  • 14:04 - 14:06
    Бірақ үндемеді.
  • 14:06 - 14:12
    Себебі, олар жұмыстарындағы
    артықшылықтарды пайдаланды
  • 14:12 - 14:15
    Сот орындаушысы бола алды.
  • 14:15 - 14:17
    Жақсы мектеп, тағысын тағы.
  • 14:17 - 14:19
    Қазір де тура сол
    қайталанып отыр.
  • 14:19 - 14:23
    Себебі, еркектерге бәрібір.
  • 14:23 - 14:29
    "Әйелдерді кемсітуге қарсымын"
    дегені сөз жүзінде қалып отыр.
  • 14:29 - 14:33
    Себебі үстемдігіне риза.
  • 14:33 - 14:35
    Университет жүйесін басқарып отырған
  • 14:35 - 14:38
    еркектердің көпшілігі үшін
  • 14:38 - 14:41
    әскербасшы,
  • 14:41 - 14:44
    үкімет басшы,
  • 14:44 - 14:50
    дін басшы
    еркектерге бәрібір.
  • 14:50 - 14:53
    Сонда біз не істеуіміз керек?
  • 14:53 - 14:56
    Менің ойымша біз дәл қазір
  • 14:56 - 15:00
    біз тәрізді қуатты елде тұратын
  • 15:00 - 15:03
    әйелдерге,
  • 15:03 - 15:08
    Еуропа және тағы сол тәрізді
    адам құқығы мен сөз бостандығы
  • 15:08 - 15:13
    қорғалған елде
  • 15:13 - 15:16
    жауапкершілікті өз
    мойнымызға алып
  • 15:16 - 15:20
    әйелдер мен қыздарға қатысты
    зорлық-зомбылықты
  • 15:20 - 15:22
    әлем бойынша доғару керек.
  • 15:22 - 15:25
    Мысырдағы келіншектер
  • 15:25 - 15:27
    өз қыздарын
    зорлық-зомбылықтан
  • 15:27 - 15:30
    арашалауы керек.
  • 15:30 - 15:32
    Тарқатып айтпасам да
    түсінікті.
  • 15:32 - 15:34
    Осы конференция соңында
  • 15:34 - 15:39
    әрбір әйел өз
    күйеуіне айтары болуы керек:
  • 15:39 - 15:43
    кампустағы зорлық,
  • 15:43 - 15:45
    жұмыс орнындағы кемсітушілік
  • 15:45 - 15:50
    болмас үшін
    қызы мен немересін қорғауы тиіс.
  • 15:50 - 15:56
    Он екі немерем, төрт балам,
    он шөберем бар.
  • 15:56 - 15:58
    Олар туралы көп ойланамын.
  • 15:58 - 16:01
    Олар Мысырда тумаса да
    Америкада кездесуі мүмкін
  • 16:01 - 16:04
    құқық бұзушылықтарға,
  • 16:04 - 16:07
    әділетсіздіктерге ұшырасар еді.
  • 16:07 - 16:09
    Әйелдер мен қыздардың
  • 16:09 - 16:13
    құқықтарын қорғауда
  • 16:13 - 16:14
    мүддеміз бір деп үміттенемін.
  • 16:14 - 16:17
    Рахмет.
  • 16:17 - 16:21
    (қол шапалақтау)
Title:
Әйелдің ар-намысы - адам құқығының "төресі"
Speaker:
Джими Картер
Description:

Американың бұрынғы президенті Джимми Картер әйел құқығын аяқ асты ету дамыған әрі дамушы елдерде әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанының үш себебін баяндайды. "Еркектерге бәрібір болуы" осы себептердің бірі деп санайды.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
16:36

Kazakh subtitles

Revisions