Return to Video

Тест нәтижесін оңай шешуге емес, шеберлікке үйретейік

  • 0:01 - 0:04
    Бұл жерге бүгін мен
    2 идея айту үшін келдім,
  • 0:04 - 0:06
    олар Хан академиясындағы
    бақылауыма негізделген,
  • 0:06 - 0:10
    оқытудың негізгі өзегі,
    маңызды сәттері.
  • 0:10 - 0:12
    Бұл шеберлік және
  • 0:12 - 0:14
    ойлау идеялары.
  • 0:14 - 0:17
    Мен оны жиендерімнен
    кішкентай кезінен байқадым.
  • 0:17 - 0:19
    Олардың көбі басында
    математикадан қиналған еді,
  • 0:19 - 0:22
    өйткені оларда сабақта түсінбей
    қалған тақырыптары бар еді.
  • 0:22 - 0:25
    Олар алгебра сабағына барады,
  • 0:25 - 0:29
    оған дейінгі кезеңде кейбір
    тақырыптар игерілмей қалады,
  • 0:29 - 0:32
    сондықтан олар математикаға
    қабілетіміз жоқ деп ойлайды.
  • 0:32 - 0:34
    Немесе оларда есептеу
    болса,
  • 0:34 - 0:37
    алгебрадан олқылықтар
    болуы мүмкін.
  • 0:37 - 0:38
    Сол күндері мен
  • 0:38 - 0:42
    YouTube-қа видео жүктегенде
  • 0:42 - 0:45
    менің жиендерімнен басқа
    адамдар да көретін.
  • 0:45 - 0:47
    (Күлкі)
  • 0:47 - 0:51
    Басында олардың пікірлерінде
    жай ғана рақмет деген сөз болатын.
  • 0:51 - 0:53
    Мен бұл үлкен іс деп ойлайтынмын.
  • 0:53 - 0:56
    YouTube-та қанша уақыт
    өткізгендеріңізді білмейтін.
  • 0:56 - 0:58
    Пікірлердің көбі "Рақмет" емес.
  • 0:58 - 0:59
    (Күлкі)
  • 0:59 - 1:01
    Пікірлер дөрекі және өткір.
  • 1:01 - 1:03
    Бірақ кейін пікірлер
    көбейе бастады,
  • 1:03 - 1:08
    студенттер бірінен кейін бірі
    математиканы жақсы көрмейтіндерін айтты.
  • 1:08 - 1:11
    Олар математикадан күрделі
    тапсырмалар алғанда қиналып жүрді.
  • 1:11 - 1:12
    Алгебра сабағын,
  • 1:13 - 1:16
    игерілмей қалған білімдері көп
    болғандықтан меңгере алмайтын.
  • 1:16 - 1:18
    Математикаға қабілетіміз
    жоқ деп ойлайтын.
  • 1:18 - 1:19
    Кішкене өскеннен кейін
  • 1:19 - 1:22
    олар кішкене агенттік ашып,
    оқуды бастады.
  • 1:22 - 1:24
    Олар Хан академиясы сияқты
  • 1:24 - 1:27
    ресурстарды тапты, олар білімдерін
    толықтыра бастады, тұжырымдарды
  • 1:27 - 1:29
    түсінді, ойлау қабілеттері жетілді;
  • 1:29 - 1:33
    олар математиканы үйренуге
    қабілетті еді.
  • 1:33 - 1:37
    Өмірде әртүрлі нәрселерді меңгеруге
    болатын түрлі жолдар бар.
  • 1:37 - 1:39
    Бұл жол - жекпе-жек өнерін
    үйренген сияқты.
  • 1:39 - 1:43
    Жекпе-жек өнерінде сіз
    ақ белдік дағдысына дейін
  • 1:43 - 1:44
    жаттыға бересіз, қажет болса,
  • 1:44 - 1:46
    тек қана шеберлікке жеткенде
  • 1:46 - 1:48
    сіз сары белдік деңгейіне өтесіз.
  • 1:48 - 1:50
    Музыканы да үйрену жолы осы:
  • 1:50 - 1:52
    сіз негізгі бөлімді қайта-қайта
    ойнайсыз және
  • 1:52 - 1:54
    шеберлікке жеткенде,
    сіз одан да
  • 1:54 - 1:55
    қиынырақ
    бөліктерге өтесіз.
  • 1:55 - 1:57
    Бірақ біздің байқағанымыз
  • 1:57 - 2:01
    бұл дәстүрлі академиялық
    модельдің жолы емес екен,
  • 2:01 - 2:05
    көпшілігіміз өсіп шыққан
    академиялық үлгіде олай емес екен.
  • 2:05 - 2:06
    Дәстүрлі академиялық үлгіде
  • 2:06 - 2:09
    біз оқушыларды көбінесе
    жасына қарай топтастырамыз,
  • 2:09 - 2:10
    орта мектепте жасына және
  • 2:10 - 2:12
    жорамалдаған қабілетіне қарай,
  • 2:12 - 2:14
    біз олардың бәрін бір жерде
    бір жылдамдықпен бағамыз.
  • 2:15 - 2:16
    Көбінесе мынаны көресіз:
  • 2:16 - 2:19
    орта мектепте алгебраға
    дайындық кезеңіндеміз,
  • 2:19 - 2:21
    тақырыбымыз көрсеткіштер,
  • 2:21 - 2:23
    мұғалім көрсеткіштер туралы
    дәріс береді, сосын
  • 2:23 - 2:25
    сіз үйге барып, үй жұмысын жасайсыз.
  • 2:25 - 2:27
    Келесі күні үй жұмысы тексеріледі,
  • 2:27 - 2:30
    сосын тағы бір дәріс, үй
    жұмысы, дәріс, үй жұмысы.
  • 2:30 - 2:32
    Осылай 2 не 3 апта
    жалғасады,
  • 2:32 - 2:33
    сосын тест тапсырамыз.
  • 2:33 - 2:36
    Бұл тесте мен, мүмкін, 75%,
  • 2:37 - 2:38
    мүмкін 90 %,
  • 2:38 - 2:40
    мүмкін 95 % алармын.
  • 2:40 - 2:43
    Тест біліміміздегі
    игерілмеген нәрселерді анықтаса да,
  • 2:43 - 2:45
    мен материалдың 25 % білмеймін.
  • 2:45 - 2:48
    Тіпті А деңгейіндегі оқушы да
    5 % материалды білмейді.
  • 2:48 - 2:50
    Үйренбеген нәрсесін
    анықтасақ та,
  • 2:50 - 2:52
    бүкіл сынып келесі тақырыпқа
    көшеді,
  • 2:52 - 2:56
    тақырып одан да қиын және
    үйренбегендерімен байланысты болуы мүмкін.
  • 2:56 - 2:59
    Бұл логорифм не теріс
    көрсеткіштер болар.
  • 2:59 - 3:02
    Бұл үдеріс әлі де жалғасып
    жатыр және оның сондай оғаш
  • 3:02 - 3:03
    екенін бірден түсінесіз.
  • 3:03 - 3:06
    Мен іргелі мәселелердің
    25% білмеймін және
  • 3:06 - 3:08
    маған одан да қиынырақ
    тақырыптарды ұсынады.
  • 3:08 - 3:12
    Осындай жағдай айлар, жылдар
    бойы жалғасып жатады, мен алгебра
  • 3:12 - 3:15
    немесе тригонометрия үйренетін сыныпта
    болар едім, бірақ
  • 3:15 - 3:16
    мен тығырыққа тірелдім.
  • 3:16 - 3:19
    Бұл алгебраның негізінде
    қиын болғанына немесе
  • 3:19 - 3:23
    оқушылардың ақылды
    болмағанына байланысты емес.
  • 3:23 - 3:26
    Бұл теңдеудің көрсеткіштермен
    байланысты екенінде,
  • 3:26 - 3:29
    30 % меңгермеген білімім
    осы жерде өзін көрсетті.
  • 3:29 - 3:32
    Осылай мен жолдан шығып қаламын.
  • 3:32 - 3:36
    Бұның қаншалықты ақылға сыймайтынын
    көру үшін, осындай жолмен басқа
  • 3:36 - 3:39
    нәрселерді істейтінімізді көз
    алдыңызға елестетіңізші.
  • 3:39 - 3:41
    Айталық үй салуды.
  • 3:41 - 3:43
    (Күлкі)
  • 3:45 - 3:48
    Сонымен біз мердігерге келіп,
  • 3:48 - 3:51
    "Бізде фундамент құюға 2 апта
    уақыт бар. Қолдарыңыздан
  • 3:51 - 3:52
    келгенін жасаңыздар".
  • 3:52 - 3:55
    (Күлкі)
  • 3:55 - 3:57
    Сөйтіп олар қолынан келгенін жасайды.
  • 3:57 - 3:58
    Мүмкін, жаңбыр жауады.
  • 3:58 - 4:00
    Мүмкін кейбір қосымша
    материалдар жоқ.
  • 4:00 - 4:03
    Екі аптадан кейін тексеруші келіп
    жан-жағына қарайды да,
  • 4:03 - 4:06
    "Бетон әлі де кеппепті
  • 4:06 - 4:08
    мына жері толық аяқталмапты ...
  • 4:09 - 4:10
    80 % дайын деуге болады".
  • 4:10 - 4:11
    (Күлкі)
  • 4:11 - 4:14
    "Керемет! Бұл С деген баға.
    1-қабатты салайық",-дейсіз.
  • 4:14 - 4:15
    (Күлкі)
  • 4:15 - 4:16
    Ұқсас нәрсе.
  • 4:16 - 4:20
    Қолыңыздан келгенді істеуге,
    2 аптамыз бар, бұл - 75 %.
  • 4:20 - 4:21
    Керемет, бұл D+.
  • 4:21 - 4:23
    2-қабат, 3-қабат,
  • 4:23 - 4:25
    кенеттен 3-қабатты
    салып жатқанда
  • 4:25 - 4:27
    бүкіл құрылыс қирап қалады.
  • 4:27 - 4:30
    Осыған сіз білім саласындағыдай
    қарасаңыз немесе көпшіліктің
  • 4:30 - 4:31
    реакциясындай болса,
  • 4:31 - 4:34
    сіз нашар мердігер болды,
  • 4:34 - 4:37
    немесе жақсырақ тексеру, не жиірек
    тексеру керек еді дер едіңіз.
  • 4:37 - 4:39
    Бірақ шын мәнінде қираған нәрсе
    процесс еді.
  • 4:39 - 4:42
    Біз мүмкіндігінше жасандылықпен
    ұзақ уақыт ұстап тұрдық,
  • 4:42 - 4:44
    өзгергіш нәтижені қамтамасыз еттік,
  • 4:44 - 4:48
    өзімізге тексеру мен білімдегі
    олқылықтарды табу жұмысын алдық,
  • 4:48 - 4:50
    бірақ шыңына дейін шықтық.
  • 4:50 - 4:53
    Соңында шеберлікке үйрету
    қарама-қарсы нәрсе екенін ұқтық.
  • 4:53 - 4:55
    Жасанды түрде тежеу мен
    жазып алудан гөрі,
  • 4:55 - 4:57
    бір нәрсені ұзақ уақыт істесеңіз де,
  • 4:57 - 5:00
    нәтижесінде A, B, C, D, F
  • 5:00 - 5:01
    берсек те,
  • 5:02 - 5:03
    бұны керісінше жасау керек.
  • 5:04 - 5:06
    Ауыспалы шама қандай болса да,
  • 5:06 - 5:08
    студент шын мәнінде жұмыс
    істейді,
  • 5:08 - 5:11
    материалды қалай меңгергені
    жазылынып алынады.
  • 5:11 - 5:13
    Бұның маңыздылығын
    түсіну керек,
  • 5:13 - 5:16
    бұл тек қана студенттің жақсы
    көрсеткіштері ғана емес,
  • 5:17 - 5:19
    бұл оның дұрыс ойлауын
    жақсарта түседі.
  • 5:19 - 5:23
    Егер сіз жұмысыңызды 20 %
    қате істесеңіз,
  • 5:23 - 5:26
    ДНҚ-ңызда "С" бағасы бар
    деген сөз емес.
  • 5:26 - 5:29
    Бұл сіз осы бағытта жұмыс
    істеуіңіз керек деген сөз.
  • 5:29 - 5:31
    Сіз мықты болып,
    табандылық танытуыңыз керек;
  • 5:31 - 5:33
    сіз өз оқуыңызды қолыңызға алыңыз.
  • 5:34 - 5:37
    Қазір скептиктердің бәрі, әрине,
    бұның бәрі керемет,
  • 5:37 - 5:40
    философиялық тұрғыдан
    шеберлікке негізделген оқу және
  • 5:40 - 5:41
    оның бейімделумен байланысы,
  • 5:41 - 5:43
    оқуына жауапты студент
    болуы керемет дейді.
  • 5:43 - 5:46
    Осының маңыз зор болса да,
    практикалық тұрғыдан пайдасыз.
  • 5:46 - 5:50
    Осыны шын мәнінде орындау үшін,
    әрбір студенттің өз жолы болуы керек.
  • 5:50 - 5:51
    Дараланған білім болуы керек,
  • 5:51 - 5:55
    жеке үйретуші мен әр оқушыға
    арналған тапсырмалар парағы керек.
  • 5:55 - 5:56
    Бұл жаңа идея емес -
  • 5:56 - 5:59
    100 жыл бұрын Уинетка, Илииониста
    тәжірибе болды, шеберлікке
  • 5:59 - 6:02
    бағытталған оқу жақсы
    нәтиже көрсетті, бірақ оны
  • 6:02 - 6:05
    кең таратпайтындарын,
    ұйымдастыру қиын екенін айтты.
  • 6:05 - 6:08
    Мұғалім әр оқушыға тапсырмасы
    әртүрлі парақшалар беруі керек,
  • 6:08 - 6:09
    оны бағалауы да өзгеше.
  • 6:09 - 6:12
    Бірақ осы күні, бұл - орынсыз.
  • 6:12 - 6:13
    Бұны жасауға құралдар бар.
  • 6:13 - 6:16
    Студент сабақты қалаған кезде
    және жерінде көре алады.
  • 6:16 - 6:17
    Қалауы бойынша видеолар бар.
  • 6:17 - 6:19
    Оларға тәжірибе, кері байланыс керек пе?
  • 6:19 - 6:24
    Ол жерде бейімделген тапсырмалар
    студентерге қолжетімді.
  • 6:24 - 6:27
    Осылай болған кезде
    жақсы нәрселер көрініс табады.
  • 6:27 - 6:30
    Біріншіден, студенттер
    тұжырымдамаларды түсінеді,
  • 6:30 - 6:32
    сонымен қатар олардың
    ойлау қабілеті де өседі,
  • 6:32 - 6:34
    табандылық пен қайсарлық
    жетіліп,
  • 6:34 - 6:36
    өз оқуларын өз қолдарына алады.
  • 6:36 - 6:38
    Әртүрлі таңғажайып нәрселер
    бола бастауы мүмкін,
  • 6:38 - 6:40
    сіздің сыныбыңызда.
  • 6:40 - 6:42
    Дәрістерге өз ықыластарын
    бөлуден гөрі, олар
  • 6:42 - 6:44
    бір-бірімен араласа бастайды.
  • 6:44 - 6:46
    Олар материалды тереңірек
    түсіне бастайды.
  • 6:46 - 6:49
    Олар симуляция жасап,
    пікірталасқа қатысады.
  • 6:49 - 6:51
    Біз айтып жатқанымызды бағалау үшін
  • 6:51 - 6:55
    және жоғалтқанымызды түйсіну үшін
  • 6:55 - 6:58
    мен кішкене эксперимент
    жасағым келеді.
  • 6:59 - 7:04
    Егер біз 400 жылға кейін
    Батыс Еуропаға қайтсақ,
  • 7:04 - 7:07
    олар сол кездің өзінде
    сауаттылардың қатарында еді,
  • 7:07 - 7:11
    халықтың 15 % оқи алатынын
    көрер едіңіз.
  • 7:12 - 7:15
    Егер сіз оқи алатын адамнан
  • 7:15 - 7:17
    дін басылар мүшесінен
  • 7:17 - 7:21
    "Халықтың неше пайызы оқи
    алады деп ойлайсыз?" деп сұрасаңыз.
  • 7:21 - 7:24
    Олар "Жақсы, керемет білім
    жүйесінде,
  • 7:24 - 7:27
    мүмкін 20 не 30 %" деп айтулары
    мүмкін.
  • 7:27 - 7:29
    Егер біз осы күнге қайтып келсек,
  • 7:29 - 7:32
    бұл болжау пессимистік екенін
    көрер едік,
  • 7:32 - 7:36
    қазіргі халықтың 100 %
    оқи алады.
  • 7:36 - 7:39
    Осыған ұқсас сұрақты қойсақ:
  • 7:39 - 7:43
    "Сіздің ойыңызша халықтың
    қанша пайызы
  • 7:43 - 7:46
    шын мәнінде математиканы игерген,
  • 7:46 - 7:49
    немесе органикалық химияны,
  • 7:49 - 7:52
    немесе обырды зерттеу жұмыстарына
    өз үлесін қоса алады?"
  • 7:52 - 7:55
    Көбі былай дер еді: "Жақсы білім
    жүйесі болса,
  • 7:55 - 7:57
    мүмкін 20, 30 пайыз."
  • 7:58 - 7:59
    Бірақ бұл бағалау
  • 7:59 - 8:03
    біздің жеке тәжірибемізге
    негізделген,
  • 8:03 - 8:05
    өзіңізді немесе қасыңыздағы
    әріптесіңізді бақылау кезінде
  • 8:05 - 8:08
    туған ой, сіз бұған сыныптан
    сыныпқа өту барысында, барлық
  • 8:08 - 8:10
    олқылықтарды жинап жеттіңіз.
  • 8:10 - 8:11
    Тіпті сіз 95 пайыз алсаңыз,
  • 8:11 - 8:13
    қалған 5 пайыз нені білдіреді?
  • 8:13 - 8:16
    Ол жинақтала береді -
    сіз жоғары сыныпта болғанда,
  • 8:16 - 8:18
    сіз тығырыққа тіреліп:
  • 8:18 - 8:20
    "Мен обыр зерттеуші болғым келмейді;
  • 8:20 - 8:23
    физик те;
    математик те болмаймын."
  • 8:23 - 8:25
    Шын мәнінде осылай деп күдіктенемін,
  • 8:25 - 8:29
    бірақ егер сіз шеберлікке жету
    бағытында жаттықсаңыз,
  • 8:29 - 8:32
    егер сізге шынында өз оқуыңызды
    қолыңызға алуға рұқсат берсе,
  • 8:32 - 8:34
    қате жіберсеңіз, қабылдаңыз -
  • 8:34 - 8:36
    сәтсіздікті оқудың
    бір сәті деп қабылдаңыз,
  • 8:36 - 8:40
    сан, пайыз есептеуде шебер
    болуға көмектеседі,
  • 8:40 - 8:42
    немесе органикалық химияны түсінуге,
  • 8:42 - 8:45
    бұл 100 пайызға жақын.
  • 8:46 - 8:48
    Бұл тек қана "болғаны жақсы" емес,
  • 8:49 - 8:51
    меніңше бұл әлеуметтік императив.
  • 8:52 - 8:55
    Біз индустриалды заман деп
    аталатын кезеңнен
  • 8:55 - 8:59
    ақпараттық революцияға
    аяқ бастық.
  • 9:00 - 9:02
    Әрине кейбір нәрселердің
    болып жатқаны заңды.
  • 9:02 - 9:04
    Индустрия заманында
    қоғам пирамида сияқты.
  • 9:04 - 9:09
    Пирамиданың негізінде
    жұмысшылар тұрады.
  • 9:09 - 9:12
    Пирамиданың ортасында
    сізге ақпаратты өңдеу керек,
  • 9:12 - 9:14
    бюрократия классы,
  • 9:14 - 9:18
    пирамиданың жоғарғы жағында,
    капиталдың иелері мен
  • 9:18 - 9:20
    кәсіпкерлер және
  • 9:20 - 9:21
    креативті класс тұрады.
  • 9:22 - 9:24
    Оның жүзеге асып жатқанын білеміз,
  • 9:24 - 9:26
    біз ақпараттық революцияға аяқ бастық.
  • 9:26 - 9:29
    Пирамиданың түбі - автоматизация
    өзіне билік алайын деп жатыр.
  • 9:29 - 9:31
    Тіпті ортаңғы деңгейдегі
    ақпаратты өңдеу
  • 9:31 - 9:33
    компьютердің жақсы жұмысы.
  • 9:33 - 9:34
    Қоғам ретінде мынадай сұрағымыз бар:
  • 9:35 - 9:38
    Бұның бәрі технологияның арқасында
    мүмкін болып жатыр,
  • 9:38 - 9:39
    бірақ оған кім қатысады?
  • 9:39 - 9:42
    Пирамиданың басындағыларына
    арналса,
  • 9:42 - 9:44
    басқалары не істейді?
  • 9:44 - 9:45
    Қалай жұмыс істейді?
  • 9:45 - 9:47
    Немесе қалағанымыздай
    бірнәрсе істейміз бе?
  • 9:48 - 9:51
    Пирамиданы төңкеруге әрекет
    жасауымыз керек пе,
  • 9:51 - 9:53
    үлкен жасампаз топ болса,
  • 9:53 - 9:56
    кәсіпкер, суретші, зерттеуші ретінде
  • 9:56 - 9:58
    қалаған адам қатыса алса?
  • 9:59 - 10:01
    Мен бұл утопия деп ойламаймын.
  • 10:01 - 10:03
    Мен мұның бәрі идеяға
    негізделген деп ойлаймын,
  • 10:03 - 10:05
    адамдарға әлеуетін
    қолдануға мүмкіндік берсек,
  • 10:05 - 10:07
    түсініктерді үйрену арқылы
  • 10:07 - 10:11
    өз оқуын басқаруға мүмкіндік
    жасау арқылы, онда
  • 10:11 - 10:12
    олар сол жерде болады.
  • 10:13 - 10:17
    Егер сіз бұл туралы әлем азаматы
    ретінде ойласаңыз,
  • 10:17 - 10:18
    бұл - өте қызық.
  • 10:18 - 10:21
    Бізде бар және қолымыз жететін
    әділеттіліктің түрі және
  • 10:21 - 10:24
    өркениеттің дамуының жылдамдығы
    туралы ойланыңыздар.
  • 10:24 - 10:27
    Менің бұған үмітім зор,
    оптимистпін.
  • 10:27 - 10:30
    Меніңше бұл көзіміздің тірісінде
    көретін ең қызықты жайт болады.
  • 10:30 - 10:31
    Көп рақмет!
  • 10:31 - 10:37
    (Қол шапалақтау)
Title:
Тест нәтижесін оңай шешуге емес, шеберлікке үйретейік
Speaker:
Салман Хан
Description:

Іргетасы жартылай қаланған негізге үй тұрғызар ма едіңіз? Әрине, жоқ. Онда негізгі білімді толық игере алмаған оқушыларды сонша неге асықтырамыз? Иә, түсінуге қиын, бірақ Салман Хан студенттерді өз қабілеттеріне орай білімді меңгеріп, ғалым болуға қалай жетелеуге болатыны туралы ойларымен бөліседі.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
10:49

Kazakh subtitles

Revisions