Return to Video

Анжела Ли Дакворт: Жетістік кілті? Мінез тұрақтылығы

  • 0:01 - 0:03
    27 жасымда,
  • 0:03 - 0:06
    ақыл - кеңес беру саласындағы өте жауапты басқарушылық ісін тастап,
  • 0:06 - 0:11
    оны одан да жауапты мұғалімдік ісімен алмастырдым.
  • 0:11 - 0:14
    Мен Нью-Йорктың мемлекеттік мектептерінде
  • 0:14 - 0:16
    жетінші сынып оқушыларына математика пәнінен сабақ бере бастадым.
  • 0:16 - 0:19
    Барлық мұғалімдер секілді мен де сынақтар, бақылау жұмыстарын өткіздім
  • 0:19 - 0:21
    және үй тапсырмаларын беріп отырдым.
  • 0:21 - 0:24
    Содан соң оларды тексеріп тиісті бағаларын қойып жүрдім.
  • 0:24 - 0:29
    Мені таңғалдырған жайт – жаман балалар мен жақсы оқушылар өз араларында
  • 0:29 - 0:33
    тек IQ дәрежесінде ерекшеленген жоқ.
  • 0:33 - 0:35
    Тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылардың IQ дәрежелері
  • 0:35 - 0:38
    соншалықты жоғары болған жоқ.
  • 0:38 - 0:42
    Ал кейбір ақылды оқушыларым тапсырмаларды дұрыс орындай алмайтын.
  • 0:42 - 0:44
    Бұл мені терең ойға түсірді.
  • 0:44 - 0:47
    Жетінші сыныптағы математика пәнінің тақырыптары негізінде қиын болып саналады:
  • 0:47 - 0:51
    пропорция, бөлшектер,
  • 0:51 - 0:52
    параллелограмның ауданы.
  • 0:52 - 0:55
    Дегенмен олар өте күрделі болмайтын,
  • 0:55 - 0:59
    мен оқушыларымның егер біраз уақыт және жігер беріп дайындалса
  • 0:59 - 1:02
    талап етілген материалдарды
  • 1:02 - 1:05
    жақсы ұғып ала алатынына кәміл сенетінмін.
  • 1:05 - 1:07
    Бірнеше жыл сабақ бере келе,
  • 1:07 - 1:11
    білім жүйесінің уәж (мотивация) және психологиялық тұрғыдан
  • 1:11 - 1:14
    студенттерді және білім беру үрдісін
  • 1:14 - 1:17
    жақсылап түсіну керек екендігіне
  • 1:17 - 1:20
    көз жеткіздім.
  • 1:20 - 1:24
    Қазіргі таңда білім беру дәрежесін өлшейтін
  • 1:24 - 1:30
    тек қана IQ бар. Алайда мектепте және өмірде жетістікке қол жеткізу тез әрі оңай қағып алу ептілігімен емес,
  • 1:30 - 1:32
    оданда маңызды басқа нәрсеге
  • 1:32 - 1:36
    байланысты болса не болмақ?
  • 1:36 - 1:38
    Осы себеппен, мен мектепті тастап,
  • 1:38 - 1:42
    психолог мамандығы бойынша аспирантура оқуға аттандым.
  • 1:42 - 1:44
    Мен балаларды және ересектерді
  • 1:44 - 1:47
    әр түрлі күрделі жағдайларда зерттей бастадым.
  • 1:47 - 1:49
    Әрбір зерттеуде өзімнен сұрап отырдым
  • 1:49 - 1:52
    «Бұл жағдайда қайсысы табысты және неліктен?».
  • 1:52 - 1:56
    Мен және менің зерттеуші тобым Вэст Пойнт әскери академиясында болып қайттық.
  • 1:56 - 1:58
    Біз кадеттерден әскери дайындықты
  • 1:58 - 2:02
    кімнің жалғастыратынын және кімнің оқудан шығарылатынын болжауға тырыстық.
  • 2:02 - 2:04
    Сонымен қатар National Spelling Bee орфография жарысына кіріп шықтық,
  • 2:04 - 2:07
    одан да қай баланың ең жоғарғы орынды иеленетінін
  • 2:07 - 2:10
    болжауға талпындық.
  • 2:10 - 2:11
    Біз қылмыс жиі жасалатын аймақтарда жұмыс істейтін
  • 2:11 - 2:15
    тәжірибеленуші мұғалімдерді де зерттедік,
  • 2:15 - 2:17
    өзімізге қай мұғалім
  • 2:17 - 2:19
    оқу жылының соңында
  • 2:19 - 2:22
    осы жерде сабақ беруге қалады деген секілді сұрақтар қою арқылы жұмыс істедік.
  • 2:22 - 2:25
    Араларынан кім оқушыларына сабақ беруден ең нәтижелі болып шығады?
  • 2:25 - 2:28
    Біз жеке серіктестіктермен әріптестік құрып,
  • 2:28 - 2:30
    олардың «сатылым бөлімінің басқарушыларының қайсысы өз позициясын қорғап тұр?» деген сұрақтарға жауап іздедік.
  • 2:30 - 2:33
    Қайсы басқаларынан ең көп табыс табады?
  • 2:33 - 2:35
    Осындай бір-біріне ұқсамайтын
  • 2:35 - 2:38
    көптеген жағдайларда тек бір ерекшелік қана
  • 2:38 - 2:40
    жетістік кепілі болуға лайық болып табылды.
  • 2:40 - 2:43
    Бұл бір әлеуметтік дағды емес,
  • 2:43 - 2:48
    сырт келбет әдемілігі немесе ден саулығы емес, тіпті IQ да емес.
  • 2:48 - 2:50
    Бұл – мінез тұрақтылығы.
  • 2:50 - 2:55
    Мінез тұрақтылығы – бұл ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге табандылық және үлкен талпыныс.
  • 2:55 - 2:57
    Мінез тұрақтылығы берік болу керек.
  • 2:57 - 3:01
    Мінез тұрақтылығы күндер өткен сайын
  • 3:01 - 3:05
    апталық емес, айлық емес,
  • 3:05 - 3:08
    ұзақ жылдық болашақты шындыққа айналдыру үшін
  • 3:08 - 3:11
    аянбай төгілген тер арқасында сіздің болашағыңыздың маңызды бөлшегіне айналады.
  • 3:11 - 3:16
    Мінез тұрақтылығымен бірге өмір сүру – ол сіздің өміріңіз спринт (жақын жерге жүгіру жарысы) емес, бейне марафон секілді өмір сүруіңіз.
  • 3:16 - 3:19
    Біраз жылдар бұрын Чикагода мемлекеттік мектептерде
  • 3:19 - 3:21
    мінез тұрақтылығын зерттей бастадым.
  • 3:21 - 3:23
    Мен жоғарғы мектептің мың оқушысынан
  • 3:23 - 3:25
    мінез тұрақтылығын анықтайтын сауалнаманы толтыруларын өтіндім,
  • 3:25 - 3:27
    содан кейін осының нәтижесінде
  • 3:27 - 3:29
    қайсысы мектепті табысты аяқтағанын білу үшін бір жылдан астам уақыт күттім.
  • 3:29 - 3:32
    Қорытындысында үлкен мінез тұрақтылығын иеленушілердің
  • 3:32 - 3:35
    мектепті табысты бітіруге мүмкіндіктері көп екендігі айқындалды,
  • 3:35 - 3:39
    тіпті мен
  • 3:39 - 3:41
    отбасы кірістерін
  • 3:41 - 3:44
    және жалпы білім беру сынақтарының нәтижелерін,
  • 3:44 - 3:47
    мектептегі қауіпсіздік сезімдеріне дейін салыстырып сынағаныма қарамастан.
  • 3:47 - 3:50
    Сол себепті мінез тұрақтылығы тек Вэст Пойнтта немесе орфография байқауларында ғана маңызды болмақ емес.
  • 3:50 - 3:53
    Ол, сонымен қатар, мектептерде,
  • 3:53 - 3:57
    айрықша мектептен шығуға тәуекел еткен балаларға маңызды.
  • 3:57 - 4:00
    Мінез тұрақтылығы туралы сауалнамада мені мазалаған жайт:
  • 4:00 - 4:02
    қаншалықты біз аз білеміз,
  • 4:02 - 4:05
    қаншалықты ғылым оны дұрыс тәрбиелеу туралы аз біледі.
  • 4:05 - 4:07
    Күніге мұғалімдер мен ата - аналар менен сұрап жатады:
  • 4:07 - 4:09
    «Қалай мінез тұрақтылығын балаларда дұрыс тәрбиелесе болады?"
  • 4:09 - 4:13
    ? Балаларға қалай еңбекке салмақты көңіл бөлуді үйретсе болады?
  • 4:13 - 4:16
    Олардың жігерлерін қалай сақтау керек?»
  • 4:16 - 4:20
    Мен: «Білмеймін» деп тура жауап беремін. (Күледі)
  • 4:20 - 4:23
    Бірақ менің анық білетін нәрсем, адамның дарыны мінез тұрақтылығын тәрбиелемейді.
  • 4:23 - 4:26
    Біздің зерттеулер нәтижесі бойынша
  • 4:26 - 4:28
    дарынды көптеген адамдар бар,
  • 4:28 - 4:32
    алайда олар өз міндеттемесімен жүрмейтінін айқын көрсетті.
  • 4:32 - 4:36
    Біздің тәжірибелердің қорытындысына көңіл аударатын болсақ, мінез тұрақтылығы дарындылыққа тәуелді емес,
  • 4:36 - 4:40
    керісінше оған кері пропорционал.
  • 4:40 - 4:44
    Әзірше балаларда мінез тұрақтылығын тәрбиелеу жөнінде ең ұтымды пікір
  • 4:44 - 4:47
    «жетілдіру бағыты» болып саналады.
  • 4:47 - 4:50
    Бұл Стэнфорд жоғары оқу орнының
  • 4:50 - 4:53
    профессоры Кэрол Двек арқылы ұсынылған пікір:
  • 4:53 - 4:56
    сабақ оқу қабілеті тұрақты емес,
  • 4:56 - 4:59
    ол сіздің қаншалықты күш салып тырысқаныңызға байланысты екеніне негізделген.
  • 4:59 - 5:02
    Доктор Двек, балалар мидың сынаққа жауап ретінде
  • 5:02 - 5:06
    қалай өзгеріп, үлкейетінін оқып зерттегенде,
  • 5:06 - 5:07
    үлкен ықтималмен олар құлаудан,
  • 5:07 - 5:11
    сәтсіздікке ұшырағаннан кейін бастаған істерін
  • 5:11 - 5:14
    қайраттанып жалғастыратынын, себебі олар «сәтсіздік - бұл тұрақты ахуал»
  • 5:14 - 5:17
    екеніне сенбейтінін айқын көрсетті.
  • 5:17 - 5:21
    Осылайша, жетілдіру бағыты – мінез тұрақтылығын тәрбиелеуде керемет пікір.
  • 5:21 - 5:23
    Бірақ бізге бұдан да көп қажет.
  • 5:23 - 5:24
    Мен осымен өзімнің сөз сөйлеуімді аяқтайын,
  • 5:24 - 5:26
    өйткені тура осы жерде біз сіздермен бірге тұрмыз.
  • 5:26 - 5:28
    Мынау біздің болашақтағы мақсаттарымыз.
  • 5:28 - 5:32
    Бізге өзіміздің керемет ойларымызды және күшті жорамалдарымызды жинақтап,
  • 5:32 - 5:34
    сынақтар өткізу керек.
  • 5:34 - 5:37
    Біз табысқа қол жеткіздік пе
  • 5:37 - 5:41
    соны анықтау керек және қателіктер мен сәтсіздіктерге дайын болуымыз керек,
  • 5:41 - 5:44
    сосын алған білімдерімізді қолдана отырып басынан бастай алатындай.
  • 5:44 - 5:47
    Басқа сөзбен айтқанда балаларды үлкен мінез тұрақтылығына тәрбиелеу үшін
  • 5:47 - 5:50
    өзіміздің мінез - құлығымызда сол қасиет болу керек.
  • 5:50 - 5:51
    Үлкен алғысымды білдіремін.
  • 5:51 - 5:56
    (Қол шапалақтаулар)
Title:
Анжела Ли Дакворт: Жетістік кілті? Мінез тұрақтылығы
Speaker:
Анжела Ли Дакворт
Description:

Анжела Ли Дакворт ақыл - кеңес беру саласындағы өте жауапты басқарушылық ісін тастап, оны одан да жауапты мұғалімдік ісімен алмастырған. Оның тапқаны – жаман балалар мен жақсы оқушылар өз араларында тек IQ дәрежесінде ерекшеленген жоқ. Осы жерде "Мінез тұрақтылығы-жетістіктің кілті" деген теориясын түсіндіреді.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
06:12
Dimitra Papageorgiou approved Kazakh subtitles for The key to success? Grit
Islam Talapbayev edited Kazakh subtitles for The key to success? Grit
Islam Talapbayev edited Kazakh subtitles for The key to success? Grit
Islam Talapbayev accepted Kazakh subtitles for The key to success? Grit
TEDtalks-KZ TEDtalks-KZ edited Kazakh subtitles for The key to success? Grit

Kazakh subtitles

Revisions