Return to Video

Не үшін мектеп ашамыз? Түрмені жабу үшін

  • 0:01 - 0:05
    Мотт Холл Бриджес академиясын
    2010 жылы ашқанда
  • 0:06 - 0:08
    мақсатым қарапайым болатын:
  • 0:09 - 0:12
    түрмені жабу үшін – мектеп ашу.
  • 0:13 - 0:16
    Біреулерге бұл батыл шешім болып көрінді,
    себебі мектебіміз
  • 0:16 - 0:19
    Бруклиннің Браунсвилл
  • 0:20 - 0:23
    ауданында орналасқан.
    Ал ол – Нью-Йорк қаласының
  • 0:23 - 0:25
    ең қауіпті аудандарының бірі.
  • 0:26 - 0:30
    Көптеген қалалық нашар мектептерге
    тән проблемалар бізде де бар:
  • 0:30 - 0:33
    ол назардан тыс қалып қойған адамдарға
  • 0:33 - 0:36
    түсіністікпен қарайтын мұғалімдерді табу,
  • 0:36 - 0:39
    сондай-ақ технология үшін
    қаржыландырудың жетіспеушілігі,
  • 0:40 - 0:43
    ата-аналардың балаларына енжар қарауы,
  • 0:43 - 0:45
    аудандық бандалардың балаларды
  • 0:45 - 0:51
    4-сыныптан бастап өздеріне
    тартуы сияқты мәселелер.
  • 0:53 - 0:54
    Осылайша, мен аудандық
  • 0:55 - 1:01
    орта мектептің негізін қаладым және
  • 1:02 - 1:05
    бастапқыда онда тек 45 бала ғана болатын.
  • 1:06 - 1:09
    Олардың 30%-ы ерекше қажеттіліктері бар
    балалар еді.
  • 1:10 - 1:13
    Ағылшын мен математикадан олардың
  • 1:13 - 1:15
    86%-ның үлгерімі төмен болды және
  • 1:16 - 1:20
    олардың 100%-ның өмір сүру деңгейі
    төмен болды.
  • 1:21 - 1:25
    Егер балалар біздің мектепте оқымаса,
  • 1:25 - 1:26
    олар қалайша білім алмақ?
  • 1:27 - 1:29
    Ал егер білім алмаса,
  • 1:29 - 1:30
    олар немен айналысады?
  • 1:31 - 1:36
    Сұрақтың жауабын білсем де,
    13 жасар оқушымнан
  • 1:36 - 1:38
    "Балам,
  • 1:38 - 1:41
    сен өзіңді алдағы бесжылдықта
    қалай елестетесің?" - деп сұрадым.
  • 1:42 - 1:43
    Ол: "Мен осыншама ұзақ өмір
  • 1:44 - 1:46
    сүре аламын ба, білмеймін", - деді.
  • 1:47 - 1:50
    Немесе бір жас әйелдің айтуынша,
    тез тамақтанатын
  • 1:51 - 1:56
    дәмханалардың бірінде жұмыс істеу –
    оның өмірлік мақсаты еді.
  • 1:57 - 1:59
    Маған бұл біртүрлі көрінді.
  • 2:00 - 2:03
    Бұл жауаптар олардың өз аудандарынан тыс
  • 2:03 - 2:05
    басқа өмірдің бар екендігін
  • 2:05 - 2:08
    білмейтіндерін көрсетеді.
  • 2:09 - 2:14
    Оқушыларымызды "ғалымдар" деп атаймыз,
    өйткені олар – үздіксіз білім алушылар.
  • 2:15 - 2:16
    Олар меңгеріп жатқан дағдылар
  • 2:16 - 2:20
    ЖОО-ға түсуге және кәсіби даярлықтарын
    жетілдіруге қажет.
  • 2:21 - 2:25
    Мен күлгін және
    қара түстерді таңдадым, өйткені
  • 2:26 - 2:31
    бұл түстер арқылы олардың ұлы елдің
    ұрпағы екендіктерін және осы алған
  • 2:31 - 2:32
    білімдері арқылы болашақ инженер,
  • 2:32 - 2:34
    ғалым, жеке кәсіпкер, тіпті
  • 2:35 - 2:36
    әлемді басқара алатын
  • 2:36 - 2:37
    көшбасшы бола алатындықтарын
  • 2:37 - 2:41
    түсінгендерін қалаймын.
  • 2:43 - 2:44
    Бүгінге дейін
  • 2:44 - 2:47
    үш бітіруші сынып дайындадық.
  • 2:48 - 2:49
    Ондағы оқушылардың 98%-ы
  • 2:49 - 2:53
    (Қол шапалақтау)
  • 2:58 - 3:01
    98%-ы оқуларын сәтті аяқтады.
  • 3:02 - 3:05
    Бұл шамамен алғанда 200 оқушы,
  • 3:05 - 3:08
    олар қазір Нью-Йорктің
    беделді орта мектептерінде
  • 3:08 - 3:10

    білім алып жатыр.
  • 3:10 - 3:15
    (Қол шапалақтау)
  • 3:18 - 3:20
    Қаңтардың салқын күндерінің бірінде
  • 3:21 - 3:25
    жас ғалымым Вайдал Шастанет
    "Нью-Йорк халқы" атты
  • 3:25 - 3:29
    танымал блог негізін қалаушысы
    Брэндонды кездестірді.
  • 3:30 - 3:34
    Брэндон шатырдан
  • 3:34 - 3:37
    құлаған адамға қатысты жасалған
    зорлықтың куәгері болған
  • 3:38 - 3:42
    брунсвильдік жас жігіттің
    оқиғасымен бөлісті.
  • 3:42 - 3:46
    Сондай-ақ ол мектеп ашып,
    барлық балаларға сенім артқан
  • 3:46 - 3:49
    мектеп директорының әсеріне
    түсуі де мүмкін.
  • 3:50 - 3:56
    Вайдалдың оқиғасы тұрмысы нашар,
    бірақ өмірге деген құлшынысы зор
  • 3:56 - 3:58
    балалардың жағдайын көрсетеді
  • 3:59 - 4:03
    сондықтан білім беруді
    басым бағытқа айналдыруымыз керек.
  • 4:04 - 4:07
    Брэндонның жазбалары
    миллиондаған адамды
  • 4:07 - 4:10
    дүрліктірген оқиғаны көрсетті.
  • 4:11 - 4:15
    Жазба жарияланғаннан кейін
    жиналған 1,4 млн. доллар
  • 4:15 - 4:21
    оқушыларымызды түрлі колледждер мен
  • 4:22 - 4:24
    университеттердегі топтық экскурсияларға,
  • 4:24 - 4:27
    STEAM бағдарламаларына
    қатыстыруымызға және
  • 4:28 - 4:29
    грант алуға мүмкіндік берді.
  • 4:29 - 4:34
    Түсінулеріңіз қажет
    Браунсвиллден 200 оқушы
  • 4:35 - 4:37
    Гарвардқа барғанда,
  • 4:37 - 4:41
    олар болашақ колледж таңдауының
  • 4:42 - 4:46
    нағыз мүмкіндік екендігін түсінді.
  • 4:46 - 4:49
    Әрі бақытсыздыққа ұшыраған
  • 4:49 - 4:52
    қоғамды үміт қоғамына айналдырдық.
  • 4:53 - 4:58
    Біздің мектепте білім
    революциясы болып жатыр,
  • 4:59 - 5:03
    ол махаббат,
  • 5:03 - 5:04
    құрылым,
  • 5:04 - 5:05
    қолдау
  • 5:05 - 5:06
    және біліммен
  • 5:07 - 5:10
    қамтамасыз ететін
    ересек адамдардың
  • 5:11 - 5:13
    көмегімен болса керек.
    Бұл балаға шабыт береді.
  • 5:14 - 5:16
    Алайда бұл оңай нәрсе емес.
  • 5:17 - 5:20
    Білім беру жүйесінде жоғары талаптар бар
  • 5:21 - 5:24
    және олар мінсіз емес.
  • 5:25 - 5:29
    Оған қарамастан,
    менің тәжірибелі ұстаздарым бар
  • 5:30 - 5:32
    олар топтасып қызмет етіп, үздік
    оқу жоспарын анықтайды.
  • 5:32 - 5:34
    Жұмыстан тыс уақыт таңдап,
  • 5:34 - 5:38
    мектепке демалыс кездерінде келеді
  • 5:39 - 5:41
    тіпті ақшасын бізде жоқ
  • 5:42 - 5:44
    ресурстарға шамадан тыс жұмсап кетеді.
  • 5:44 - 5:47
    Басшы ретінде,
  • 5:47 - 5:49
    олардан не күтетінімді тексеремін.
  • 5:50 - 5:53
    Сондықтан мен сабақтарға қатысып
  • 5:53 - 5:56
    кері байланыс беру үшін бақылаймын,
    өйткені мен ұстаздарымның
  • 5:56 - 5:59
    Мотт Холл Академия секілді
    болғанын қалаймын.
  • 6:00 - 6:04
    Оларда мені күнделікті көру
    мүмкіндігі бар
  • 6:04 - 6:07
    сондықтан да олардың бәрінде,
  • 6:07 - 6:10
    менің жас ғалымдарым мен
    бітірген оқушыларыммен қоса
  • 6:10 - 6:13
    жеке нөмірім бар,
    түнгі 3-те телефон шырылдап
  • 6:13 - 6:14
    хатт алып тұрамын.
  • 6:14 - 6:16
    (Күлкі)
  • 6:16 - 6:19
    Бірақ бәрімізді жетістік жетелейді
  • 6:19 - 6:21
    және мұны жасайтын
    жақсы көшбасшылар.
  • 6:22 - 6:26
    Келешегіміздің болашағы
    сыныбымызда отыр.
  • 6:26 - 6:28
    Олар біздің жауапкершілігіміз,
    міндетіміз.
  • 6:30 - 6:32
    Бұл осы жерде отырғандардың бәріне
  • 6:32 - 6:34
    және бізді көретін көрермендерге қатысты.
  • 6:35 - 6:37
    Біз олардың дарынына сенуіміз керек
  • 6:38 - 6:41
    және оларға білім саласында
    расында да күш-қуат
  • 6:41 - 6:45
    бар екендігін түсіндіре отырып,
    еске салып отырыңыздар.
  • 6:46 - 6:47
    Рахмет.
  • 6:47 - 6:57
    (Қол шапалақтау)
Title:
Не үшін мектеп ашамыз? Түрмені жабу үшін
Speaker:
Надия Лопез
Description:

Біздің балаларымыз – біздің болашағымыз, олардың өздеріне деген сенімі мол болуы маңызды. Дәл осы көзқарасқа сүйене отырып, Надия Лопез Нью-Йорктің ең нашар және зорлық-зомбылыққа толы аудандарының бірі Браунсвилл, Бруклинде академия оазисін ашқан. Өйткені ол әр баланың дарынды екендігіне және оның қабілеттеріне сенеді. Мотт Холл Бриджес академиясының негізін салушысы (және Нью-Йорк тұрғындарының жұлдызы) осы қысқа, жігерлі әңгімесінде кішкентай ғалымдарына және олардың отбасыларына жарқын болашақты қалай елестету керектігін түсіндіреді.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
07:10

Kazakh subtitles

Revisions