Return to Video

Іскер араб әйелінен жетістікке жетудің 3 сабағы

  • 0:01 - 0:03
    "Анашым, мына адамдар кім?"
  • 0:03 - 0:06
    Бұл менің қызым Әлияның
    кіршіксіз таза сұрағы еді,
  • 0:06 - 0:08
    ол кезде қызым үш жаста болатын.
  • 0:08 - 0:10
    Мен күйеуіммен бірге
  • 0:10 - 0:13
    Абу Дабидегі үлкен моллда
    қыдырып жүргенмін.
  • 0:13 - 0:17
    Әлия сауда орталығының ортасында
    тұрған үлкен постерге қарап тұрды.
  • 0:18 - 0:21
    Онда Біріккен Араб Әмірлігінің үш
    басшысы бейнеленген еді.
  • 0:22 - 0:23
    Қызым маған қараған кезде
  • 0:23 - 0:26
    мен олардың БАӘ-нің басшылары
    болғанын, ұлттың дамуы
  • 0:26 - 0:29
    үшін көп қызмет
    еткендерін, ел бірлігін
  • 0:29 - 0:30
    сақтағандарын айттым.
  • 0:31 - 0:35
    Ол: "Анашым, неге біз
    тұратын жерде және
  • 0:35 - 0:38
    атам мен әжем тұратын
    Ливанда да
  • 0:38 - 0:41
    қабырғаға ілінген әйелдердің
    суретін көрмейміз?"-деп сұрады.
  • 0:41 - 0:43
    "Өйткені, әйелдер маңызды емес пе?"
  • 0:44 - 0:48
    Бұл 16 жылдық кәсіби өмірімдегі
    ана ретінде жауап қайыруға тиісті
  • 0:48 - 0:51
    ең ауыр сұрақ болды, тіпті.
  • 0:52 - 0:55
    Мен Ливанда туып өстім,
  • 0:55 - 0:59
    Екі қыздың кішісі болдым. Әкем
    ұшқыш әрі
  • 0:59 - 1:02
    Ливан әуе компанияларына
    арналған операциялар директоры.
  • 1:02 - 1:05
    Үй жұмысымен анам мен әжем айналысатын.
  • 1:06 - 1:10
    Әкем әпкем екеуіміздің білім қуғанымызды
    құптады.
  • 1:10 - 1:13
    Тіпті сол кездегі мәдениетіміз
    қарсы болса да,
  • 1:13 - 1:17
    ол кезде қыздардан гөрі ұлдардың
    кәсіби дамуы маңыздырақ еді.
  • 1:19 - 1:21
    Өз қатарластарымның
    ішінде 18 жасында
  • 1:21 - 1:23
    шетелге оқуға кеткен
    санаулы қыздың бірі болдым.
  • 1:24 - 1:26
    Әкемнің ұлы болмады,
  • 1:26 - 1:29
    оның орнында мен болдым.
  • 1:31 - 1:35
    Бірнеше онжылдық өткеннен
    кейін мен бұрыс нәрсе жасадым
  • 1:35 - 1:37
    деп ойламаймын, әкем
    мені мақтан тұтты.
  • 1:39 - 1:42
    Электр инженерия саласында
    бакалавриат пен PhD,
  • 1:42 - 1:45
    Британияда R&D, сосын
    Таяу Шығыста кеңес беру,
  • 1:45 - 1:48
    мен ылғи ер адамдар көп
    болатын ортада болдым.
  • 1:49 - 1:53
    Шынын айту керек, ешқашан өзіме
    сай келетін рөл үлгісін таба алмадым.
  • 1:54 - 1:57
    Менің анамның замандастары
    кәсіби көшбасшы болмаған еді.
  • 1:58 - 2:00
    Бірлі-екілі ер адам болды,
  • 2:00 - 2:03
    бірақ олар мен кезіккен
    қиыншылықтарды білмейтін,
  • 2:04 - 2:09
    тіпті екі баланың анасы болған
    кезде де.
  • 2:10 - 2:14
    Батыстың әйелдері зәбір көрген
    араб әйелдеріне ақыл айтса да,
  • 2:15 - 2:18
    олар басқа өмірде, басқа
    шектеулермен өмір сүреді.
  • 2:19 - 2:23
    Менің жасымдағы араб әйелдері
    еліктеуге тұрарлық үлгі бола алады.
  • 2:23 - 2:25
    Біз араб жігіттерінен гөрі көбірек
    бейімделдік,
  • 2:26 - 2:29
    батыс әйелдеріне қарағанда
    мәдени қаталдықты да көп көрдік.
  • 2:30 - 2:34
    Нәтижесінде әлсіз зәбір көрген
    әйелдер
  • 2:34 - 2:37
    қиын жолмен болса да үйренген
    пайдалы сабақтарын бөлісе
  • 2:38 - 2:40
    алады, бұл сабақтар пайдалы,
  • 2:40 - 2:43
    жетістікке жеткісі келгеннің
    бәріне пайдалы.
  • 2:43 - 2:45
    Бұл жерде менің үш жағым.
  • 2:45 - 2:47
    [Қарғысын күшіңізге
    айналдырыңыз]
  • 2:47 - 2:48
    (Күлкі)
  • 2:48 - 2:50
    (Қол соғу)
  • 2:54 - 2:59
    Табысқа жеткізетін кілт ретінде
    жарнамалайтын бір сөз бар:
  • 2:59 - 3:00
    ол - тұрақтылық.
  • 3:01 - 3:04
    Тұрақтылық дегеніміз не және
    оны қалай дамытамыз?
  • 3:05 - 3:10
    Меніңше тұрақтылық дегеніміз боқты
    энергияға айналдыру мүмкіндігі.
  • 3:12 - 3:14
    Алдыңғы жұмысымда
    мен бір ер адаммен
  • 3:14 - 3:17
    жұмыс істедім,
    оны Джон деп атайық.
  • 3:17 - 3:20
    Онымен бірігіп мен де өте
    көп жұмыс істедім, менің
  • 3:20 - 3:22
    мықты екенімді
    байқайды деп үміттендім,
  • 3:22 - 3:25
    мені фирмасының серіктесі
    болуымды қолдайды деп ойладым.
  • 3:26 - 3:29
    Оған қоса мен кеңес беру
    жобаларын да жүргіздім,
  • 3:29 - 3:32
    әйелдердің экономикалық құқықтары
    мен мүмкіндіктері туралы жаздым.
  • 3:34 - 3:38
    Бірде МВА студенттері алдында өз
    зерттеуімді таныстырдым.
  • 3:39 - 3:40
    Джон да тыңдаушы болды,
  • 3:40 - 3:43
    менің зерттеуімнің мазмұнын
    бірінші рет естіген еді.
  • 3:44 - 3:46
    Презентация барысында
  • 3:46 - 3:49
    мен көзімнің қиығымен оған
    қарадым.
  • 3:49 - 3:52
    Ол қызарып кеткен еді,
  • 3:52 - 3:54
    ұялғаннан креслоның астына
    кіріп кететіндей болды.
  • 3:56 - 3:58
    Презентациям тыңдаушылардың
    қошеметімен аяқталды,
  • 3:58 - 4:00
    біз далаға шығып, көлікке отырдық.
  • 4:01 - 4:03
    Сол жерде ол өзін ұстай алмады.
  • 4:04 - 4:06
    "Сенің істегеніңді қабылдауға болмайды!
  • 4:06 - 4:08
    Сен кеңесшісің, белсенді емессің!".
  • 4:10 - 4:12
    Мен:"Джон, сені түсінбедім,"-дедім.
  • 4:12 - 4:16
    Мен гендерлік индекс паритеті
    туралы айттым, сонымен бірге
  • 4:16 - 4:18
    Араб әлемі туралы
    ойларыммен бөлістім.
  • 4:18 - 4:21
    Иә, қазір біз индекстің төмен
    жағындамыз, бірақ
  • 4:21 - 4:24
    мен тек қана фактілерді
    айттым ғой?"
  • 4:25 - 4:29
    Бұған ол: "Сенің зерттеуіңнің
    барлығы қате",- деді.
  • 4:29 - 4:33
    "Істеп жатқаның қауіпті және қоғамның
    әлеуметтік байланысын бұзады".
  • 4:34 - 4:36
    Біраз үнсіздіктен кейін, ол:
  • 4:36 - 4:40
    "Балалы әйелдердің орны -
    үйінде,"-деді.
  • 4:41 - 4:44
    Біразға дейін уақыт тоқтап қалды,
  • 4:44 - 4:47
    миымда болып жатқан хаоста
    бір ғана нәрсе қайталанып жатты:
  • 4:47 - 4:50
    "Серіктестік туралы ұмытуыңа
    болады, Лейла!
  • 4:50 - 4:51
    Ол ешқашан жүзеге аспайды".
  • 4:53 - 4:57
    Өзіме келу үшін маған бірнеше күн
    керек болды,
  • 4:57 - 4:59
    сонан кейін мен
    үш қорытынды жасадым.
  • 5:00 - 5:03
    Біріншісі, бұл оның мәселесі еді,
  • 5:03 - 5:04
    оның комплекстері.
  • 5:04 - 5:06
    Қоғамымызда ол сияқтылар көп
    болуы мүмкін,
  • 5:06 - 5:09
    бірақ ешқашан олардың
    мәселесі менікі болмайды.
  • 5:09 - 5:12
    Екіншісі, маған тезірек басқа
    спонсор керек.
  • 5:12 - 5:14
    (Күлкі)
  • 5:14 - 5:16
    Мен басқа бір жігітті таптым,
    ол керемет еді.
  • 5:16 - 5:20
    Үшіншісі, Джонға баласы бар
    әйелдер не істей алатынын көрсету.
  • 5:20 - 5:24
    Бұл сабақты мен жеке өмірімде
    де жақсы қолданамын.
  • 5:24 - 5:25
    Мансабымда алға жылжығанда,
  • 5:26 - 5:28
    мақтау сөз көп естідім,
  • 5:28 - 5:32
    бірақ мен басқа да ер, әйел және
    отбасыларды кездестірдім.
  • 5:32 - 5:35
    Олардың күйеуім екеуімізге, яғни мансабын
  • 5:35 - 5:38
    таңдаған жұпқа қояр сұрағы бар еді.
  • 5:39 - 5:41
    Сөйтіп сізге ізгі ниетті жұп
  • 5:41 - 5:43
    отбасы жиналысында
  • 5:43 - 5:44
    немесе достар жиналғанда
  • 5:44 - 5:47
    сіздің жақсы ана емес екеніңізді
    айтса,
  • 5:47 - 5:49
    өз мансабыңызға қанша күш
    салатыныңызды айтады.
  • 5:51 - 5:53
    Бұл сөздер жаныма батпады десем,
    өтірік айтқаным.
  • 5:53 - 5:56
    Менің балаларым мен үшін
    ең құнды,
  • 5:56 - 6:00
    менің қолымнан келмейді деген
    ойдың өзі мүмкін емес.
  • 6:00 - 6:02
    Бірақ мен Джонмен істегендей,
  • 6:02 - 6:06
    бұл олардың мәселесі екенін
    өзімнің есіме салдым,
  • 6:06 - 6:07
    олардың комплекстері.
  • 6:08 - 6:09
    Жауап берудің орнына
  • 6:09 - 6:11
    мен оларға жымия қарадым,
  • 6:11 - 6:13
    жарқылдаған шамды көргендей
  • 6:13 - 6:15
    ол ойымдағы келесі белгі еді.
  • 6:15 - 6:17
    [Бақытты бол, адамдарды
    есінен тандыр].
  • 6:17 - 6:20
    (Қол соғу)
  • 6:23 - 6:26
    Осындай жағдайда қалған жас
    әйелдің екі жолы бар.
  • 6:26 - 6:29
    Сіз осындай негатив хабарларды
    қабылдай бересіз,
  • 6:29 - 6:31
    оларды сізге лақтыра береді,
  • 6:31 - 6:33
    өзіңізді жолы болмаған адам сезінесіз,
  • 6:33 - 6:35
    жетістікке қол жеткізу мүмкін
    емес сияқты,
  • 6:35 - 6:39
    немесе сіз басқа жолды таңдайсыз,
    негатив олардың мәселесі.
  • 6:39 - 6:42
    оны өзіңіздің энергияңызға
    айналдырыңыз.
  • 6:43 - 6:46
    Мен екінші жолды таңдауды
    үйрендім,
  • 6:46 - 6:49
    ол маған күштірек болуға
    жол ашты.
  • 6:50 - 6:51
    Олардың айтқаны шындық:
  • 6:51 - 6:53
    жетістік - кек алудың
    ең жақсы жолы.
  • 6:55 - 6:56
    Таяу Шығыстың кейбір әйелдері
  • 6:56 - 7:00
    олардың мансабын қолдайтын
    адамға тұрмысқа шыққанына бақытты.
  • 7:00 - 7:02
    Нақтылайын: мен "жеткілікті
    ақылды" деуім керек,
  • 7:02 - 7:05
    өйткені кімге күйеуге шығатыныңыз
    өз таңдауыңыз,
  • 7:05 - 7:08
    бірақ мансабыңызды жоспарласаңыз,
    сізді қолдайтын адам тапқаныңыз дұрыс.
  • 7:09 - 7:14
    Қазірге дейін араб ер адамдары
    үй шаруасына теңдей араласпайды.
  • 7:14 - 7:16
    Біздің қоғам мұны күтпейді,
  • 7:16 - 7:18
    тіпті жақтырмай қарайды.
  • 7:19 - 7:22
    Араб әйелдері үшін қоғамымыз
    бақыттың бірінші көзі -
  • 7:22 - 7:26
    балалары мен күйеуінің
    бақыты мен өркендеуі
  • 7:26 - 7:28
    деп белгілеп қойған.
  • 7:28 - 7:30
    Әйел негізінен отбасы үшін
    өмір сүреді.
  • 7:31 - 7:34
    Өзгерістер бар, бірақ
    бәріне уақыт керек.
  • 7:34 - 7:36
    Қазіргі кезде кәсіби маман
    болған араб әйелдерінде
  • 7:36 - 7:40
    мінсіз үйі болуы керек,
  • 7:40 - 7:43
    балаларының барлық қажет
    нәрсесі бар, оған қоса
  • 7:43 - 7:45
    жұмысын да басқарып отыр
    деген сөз.
  • 7:46 - 7:49
    Бұл мақсатқа жету үшін мен
  • 7:49 - 7:54
    сондай қиындықпен жеткен кәсіби
    дағдыларымды өмірге ыңғайладым.
  • 7:54 - 7:55
    Өміріңізді жұмыс істетіңіз.
  • 7:56 - 7:58
    Бұл менің қалай істегенім
    туралы әңгіме.
  • 8:01 - 8:03
    Таяу Шығыс туралы
    білуіңіз керек нәрсе -
  • 8:03 - 8:06
    әрбір отбасы үйдегі
    қолжетімді көмекке қосылған.
  • 8:07 - 8:10
    Маңызды міндет оларды қалай
    тиімді қабылдау ғана.
  • 8:11 - 8:14
    Өзімнің іскери өмірімде де
    таңдау жасайтындай
  • 8:14 - 8:18
    мен жұмыста болғанда балалармен
    болатын адамды таңдау
  • 8:18 - 8:19
    үшін көп күш салдым.
  • 8:19 - 8:22
    Кристина менің әпкеммен
    төрт жылдан аса істеді,
  • 8:22 - 8:25
    оның жұмыс істеу сапасы
    өте жоғары еді.
  • 8:26 - 8:28
    Ол біздің отбасымыздың
    айнымас мүшесі,
  • 8:28 - 8:31
    Әлияның алты айлығынан бері бізбен бірге.
  • 8:31 - 8:35
    Ол мен жұмыста болғанда үйде бәрі
    жақсы екеніне кепілдік береді,
  • 8:35 - 8:37
    мен оның мүмкіндіктерін кеңейтуге
  • 8:37 - 8:40
    оған және менің балаларыма
    мүкіндігінше ыңғайлы жағдай
  • 8:40 - 8:43
    жасауға тырыстым.
  • 8:44 - 8:47
    Бұл сабақ қандай жағдай
    болса да қолданылады,
  • 8:47 - 8:50
    үй жинастырасыз ба,
    балабақша ма,
  • 8:50 - 8:52
    басқамен бөлісетін толық емес
    жұмыс күні болса да.
  • 8:52 - 8:55
    Құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейтуді
    өте мұқият таңдаңыз.
  • 8:56 - 8:57
    Менің күнтізбеме қарасаңыз,
  • 8:57 - 8:59
    әрбір жұмыс күнін көресіз.
  • 8:59 - 9:03
    Кешкі 7-ден 8:30-ға
    дейін 1,5 сағат бұғатталған,
  • 9:03 - 9:05
    бұл уақыт - "отбасы уақыты".
  • 9:06 - 9:07
    Бұл - қасиетті уақыт.
  • 9:07 - 9:10
    Мұны Әлия кішкентай
    болғаннан бері істеп келемін.
  • 9:11 - 9:13
    Осы уақытты қорғау үшін
    бәрін істеймін,
  • 9:13 - 9:17
    балаларыммен сапалы уақыт
    өткізу үшін үйде боламын, күнін қалай
  • 9:17 - 9:18
    өткізгенін сұраймын,
  • 9:19 - 9:22
    үй жұмыстарын тексеремін,
    ұйықтар кезде кітап оқимын,
  • 9:22 - 9:25
    оларды көп құшақтап
    сүйемін.
  • 9:25 - 9:27
    Егер мен саяхатта болсам,
    қай уақыт зонасы болса да
  • 9:27 - 9:31
    скайп арқылы балалармен
    байланысамын.
  • 9:32 - 9:34
    Ұлым Бурхан бес жаста,
  • 9:34 - 9:37
    ол оқуды және математика
    негіздерін үйреніп жүр.
  • 9:38 - 9:39
    Тағы бір нәрсені мойындайын:
  • 9:40 - 9:42
    Менің қызым оған бұл дағдыларды
    үйретуде маған қарағанда
  • 9:42 - 9:44
    көп жетістіктерге жеткенін
    байқадым.
  • 9:44 - 9:46
    (Күлкі)
  • 9:47 - 9:51
    Ойын сияқты басталған еді, Әлия
    інісімен мұғалім болып ойнауды
  • 9:51 - 9:56
    жақсы көретін, мен бұл ойын
    Бурханның сауатын жақсартқанын
  • 9:56 - 9:58
    көрдім, сонымен бірге Әлияның
    жауапкершілігін де,
  • 9:58 - 10:00
    олардың байланысын да күшейтті,
  • 10:00 - 10:02
    бұдан бәрі де жеңді.
  • 10:04 - 10:06
    Меніңше жетістікке жеткен
    араб әйелі
  • 10:06 - 10:09
    өмірлерінде өз ерекше жолын
    тапқандар,
  • 10:09 - 10:10
    өйткені олар иықтарында
  • 10:10 - 10:13
    отбасы жауапкершілігінің басым
    бөлігін көтеріп келеді.
  • 10:13 - 10:16
    Бірақ бұл екі жақты,
    "әйел және ана" рөлін
  • 10:16 - 10:17
    орындауда аман қалуыңыз ғана емес.
  • 10:17 - 10:20
    Сонымен қатар бұл - осы шақ.
  • 10:21 - 10:23
    Мен балаларыммен болғанда,
  • 10:23 - 10:25
    жұмысты өмірімнен алып тастауға
    тырысамын.
  • 10:25 - 10:29
    Күнде олармен қанша уақыт өткізуіме
    болатыны туралы уайымдаудың орнына,
  • 10:29 - 10:33
    мен осы уақытты есте қаларлықтай
    өткізуге тырысамын,
  • 10:33 - 10:35
    балаларымды көрген сәттер,
  • 10:35 - 10:37
    оларды есту, олармен байланысу.
  • 10:37 - 10:39
    ["Бірігу - бәсекелестік емес."]
  • 10:39 - 10:42
    Менің жасымдағы араб әйелдері
  • 10:42 - 10:44
    бала кезінде көзге көрінбейтін.
  • 10:44 - 10:46
    Бұл жағдай Араб әлемінде
  • 10:46 - 10:49
    саясаттағы әйелдердің
    неге аз екенін түсіндіреді.
  • 10:49 - 10:51
    Бұның жақсы жағы да бар,
  • 10:51 - 10:53
    біз уақытымыздың көп бөлігін
  • 10:53 - 10:55
    әлеуметтік дағдыларды дамытуға
    жұмсағандығымызда,
  • 10:57 - 10:59
    кофе дүкендерінде, қонақ
    бөлмелерде,
  • 10:59 - 11:00
    телефон арқылы
  • 11:00 - 11:03
    жетістікке жету үшін өте маңызды
    әлеуметтік дағды:
  • 11:03 - 11:05
    байланыс жүйесін дамыттық.
  • 11:05 - 11:06
    Орташа Араб әйелінің достар мен
  • 11:06 - 11:09
    таныстардан тұратын үлкен
    байланыс жүйесі бар.
  • 11:09 - 11:11
    Әрине оның көпшілігі - әйелдер.
  • 11:12 - 11:16
    Батыста амбициясы жоғары әйелдер
    өздерін басқа әйелдермен салыстырады,
  • 11:16 - 11:20
    бөлмедегі ең танымал әйел
    байқар деген үмітпен.
  • 11:20 - 11:23
    Бұл кәсіби деңгейі жоғары
    әйелдердің арасында бәсекелестік
  • 11:23 - 11:24
    тудыратыны сөзсіз.
  • 11:26 - 11:28
    Жоғарыда тұрған
    әйелге арналған бөлме болса,
  • 11:28 - 11:31
    одан төменірек тұрғандарға
    бөлме бере алмайсыз.
  • 11:32 - 11:33
    Араб әйелдері көбінесе
  • 11:33 - 11:36
    бұл психологиялық қақпанға
    түспейді.
  • 11:36 - 11:38
    Патриархат қоғаммен
    бетпе бет келетін
  • 11:38 - 11:41
    олар бір-біріне көмектесу
  • 11:41 - 11:42
    тиімді екенін түсінді.
  • 11:43 - 11:46
    Алдыңғы жұмысымда мен
    Таяу Шығыстағы ең үлкені едім,
  • 11:46 - 11:50
    әйел әріптестерімнің байланыс
    жүйесіне инвестициялау
  • 11:50 - 11:52
    түк пайда әкелмейді.
    Мен уақытымды
  • 11:52 - 11:54
    бөлгеннен гөрі
    үлкендер мен қатарластармен
  • 11:54 - 11:57
    қарым-қатынасымды дамытуым
    керек деп ойладым.
  • 11:58 - 12:01
    Өмірімдегі екі үлкен үзіліс
    әйелдердің қолдауымен жүзеге асты.
  • 12:02 - 12:05
    Ол маркетинг бөлімінің басшысы
    еді, басынан маған
  • 12:05 - 12:08
    Әлемдік экономика форумында
    жас көшбасшы болуды ұсынған.
  • 12:08 - 12:11
    Ол менің мақалаларым мен
    басылымдарымды білетін,
  • 12:11 - 12:13
    одан пікірін сұрағанда
  • 12:13 - 12:14
    ол менің атымды атаған.
  • 12:15 - 12:18
    Ол жас кеңесші сауд әйелі
    және досым еді,
  • 12:18 - 12:21
    Сауд Арабиясында бірінші
    жобамды сатуға көмектескен,
  • 12:21 - 12:24
    бұл әйелдерді тарту қиын
    болған нарық еді.
  • 12:25 - 12:26
    Ол мені клиенттерге таныстырды,
  • 12:26 - 12:30
    бұл таныстыру менің Саудиядағы
    басқа жобаларымның бастамасы еді.
  • 12:31 - 12:33
    Қазір менің тобымда екі үлкен әйел бар.
  • 12:33 - 12:36
    Мен үшін олардың жетістікке жетуі -
    менің жетістігімнің кілті.
  • 12:38 - 12:40
    Дүние жүзінде әйелдер дамып жатыр,
  • 12:40 - 12:43
    жылдам емес, бірақ өзгерістер бар.
  • 12:43 - 12:47
    Көптеген сәтсіздіктерге қарамастан
    Араб әлемі де ілгерілеуде.
  • 12:47 - 12:51
    Осы жылы БАӘ-де 5 жаңа әйел
    министр таныстырылды,
  • 12:51 - 12:54
    барлығы 8 әйел министр.
  • 12:54 - 12:57
    Бұл - кабинеттің 28 пайызы,
  • 12:57 - 13:00
    кейбір дамыған елдер
    үміт еткенінен де көп.
  • 13:00 - 13:02
    Бұл - менің қызым Әлияның
    сүйікті суреті.
  • 13:03 - 13:06
    Сөзсіз,бұл-керемет басқарудың
    нәтижесі, сонымен бірге
  • 13:06 - 13:08
    мықты араб әйелдері
    әрекетінің нәтижесі,
  • 13:09 - 13:11
    берілмеген және шекараны
    кеңейткен әйелдер.
  • 13:12 - 13:16
    Бұл - мен сияқты күнде боқты
    энергияға айналдырғысы
  • 13:16 - 13:17
    келген әйелдер әрекетінің
    нәтижесі.
  • 13:17 - 13:20
    Өмірлерін сақтап қалу үшін
    жұмыс істеген,
  • 13:20 - 13:22
    күштерін біріктіріп
    бақталаспаған әйелдер.
  • 13:23 - 13:24
    Болашаққа көз жүгірткенде
  • 13:24 - 13:27
    менің қызым осы жасқа келгенде
  • 13:27 - 13:29
    осыдан 20, 30 жылдан кейін,
  • 13:29 - 13:32
    ол анасының қызы екенін
    мақтан тұтады, әкесінің
  • 13:32 - 13:33
    қызы екеніне мақтанады.
  • 13:34 - 13:35
    Ұлым үшін де
  • 13:36 - 13:39
    "анасының ұлы", "апасының баласы"
    деген тіркестер
  • 13:39 - 13:42
    түбегейлі басқа мағына
    беретініне сенемін.
  • 13:42 - 13:43
    Рақмет.
  • 13:43 - 13:49
    (Қол соғу)
Title:
Іскер араб әйелінен жетістікке жетудің 3 сабағы
Speaker:
Лейла Хотеит
Description:

Араб әйелдері кәсіби маман ретінде ер адамдарға қарағанда көп икемделеді және батыс әйелдеріне қарағанда мәдениеттегі қаталдықпен көп кездеседі. Олардың жетістіктері бізге алғырлық, біліктілік, басымдылық және прогресс туралы не үйрете алады? Абу Дабиде өз мансабын инженер, адвокат және ана ретінде бастаған Лейла Хотеит жетістікке жетуде өзінің алған сабақтарымен бөліседі.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
14:02

Kazakh subtitles

Revisions Compare revisions