Return to Video

Аулаңызда орман өсіру жолы

  • 0:01 - 0:03
    Бұл - қолдан өсірілген орман.
  • 0:04 - 0:07
    Ол көптеген акр жерді алуы
    мүмкін немесе
  • 0:07 - 0:10
    кішкентай ғана жерге де
    сыюы мүмкін,
  • 0:10 - 0:13
    үйіңіздің бағы сияқты жерге де.
  • 0:15 - 0:19
    Мына ормандар тек қана
    2 жыл өсіп жатыр.
  • 0:19 - 0:22
    Менің үйімнің арт жағында да
    орман бар.
  • 0:23 - 0:25
    Ол көптеген биоәртүрліліктен тұрады.
  • 0:26 - 0:30
    (Құстың дыбысы)
  • 0:30 - 0:32
    Күнде таңертең
    осы дыбыс оятады,
  • 0:32 - 0:33
    Дисней ханшайымы сияқтымын.
  • 0:33 - 0:35
    (Күлкі)
  • 0:35 - 0:36
    Мен - кәсіпкермін,
  • 0:36 - 0:41
    орманды кәсіби өсіру
    жолдарына көмектесемін.
  • 0:41 - 0:43
    Біз фабрикаларға,
  • 0:43 - 0:44
    фермаларға,
  • 0:44 - 0:45
    мектептерге,
  • 0:46 - 0:47
    үйлерге,
  • 0:48 - 0:49
    демалыс орындарына,
  • 0:50 - 0:52
    ғимараттарға,
  • 0:53 - 0:54
    қоғамдық саябақтарға,
  • 0:55 - 0:56
    тіпті зообақтарға
  • 0:56 - 0:58
    орман жасауға көмектесеміз.
  • 0:59 - 1:03
    Орман жануарлар бөлек тұратын
    жердің бөлігі емес.
  • 1:04 - 1:10
    Орман қала өмірінің құрамды
    бөлігі бола алады.
  • 1:10 - 1:12
    Мен үшін орман
  • 1:12 - 1:15
    ағаштар тығыз өскендіктен
    ішінде жүре алмайтын жер.
  • 1:16 - 1:18
    Оның қаншалықты үлкен не
    кіші екені маңызды емес.
  • 1:19 - 1:22
    Біз тұрып жатқан жердің
    көбі бұрын орман болған.
  • 1:22 - 1:24
    Бұл адамдардың араласқанына
    дейін болған.
  • 1:25 - 1:27
    Сол ормандардың орнына
    біз қалаларды салдық,
  • 1:27 - 1:29
    Сан-Паулу сияқты,
  • 1:29 - 1:31
    біз де табиғаттың бір
    бөлшегі екенімізді ұмытып,
  • 1:31 - 1:35
    планетадағы басқа да 8,4 млн
    басқа да адам сияқты.
  • 1:36 - 1:40
    Біздің өмір сүру ортамыз табиғи
    орта болудан қалды.
  • 1:40 - 1:42
    Бірақ барлығына бірдей емес.
  • 1:43 - 1:46
    Кейбіреулер және мен де
    орманды кәсіби өсірумен айналысамыз -
  • 1:46 - 1:48
    барлық жерде.
  • 1:49 - 1:51
    Мен - өнеркәсіп инженерімін.
  • 1:51 - 1:53
    Менің мамандығым машина жасау.
  • 1:54 - 1:56
    Тайотада жұмыс істегенде,
  • 1:56 - 2:00
    мен табиғи ресурстарды қалай
    өнімге кіріктіруге болатынын үйрендім.
  • 2:01 - 2:02
    Мысал келтірейін,
  • 2:02 - 2:05
    каучук ағашына шырын қосып
  • 2:05 - 2:07
    оны дымқылдатып,
  • 2:07 - 2:09
    негізгі өнім - автомобиль
    шинасын жасадық.
  • 2:09 - 2:12
    Бірақ бұл өнім ешқашан
    қайтадан табиғи ресурс бола алмайды.
  • 2:13 - 2:16
    Біз табиғаттан бір элементті
    бөліп алдық және
  • 2:16 - 2:20
    кері айналмайтын өзгеріске
    ұшыраттық.
  • 2:20 - 2:21
    Бұл - өнеркәсіп өндірісі.
  • 2:22 - 2:25
    Табиғат, керісінше, қарама-қарсы
    бағытта жұмыс істейді,
  • 2:26 - 2:30
    Табиғи жүйе элементтерді
    біріктіру арқылы жаңа нәрсені өндіреді,
  • 2:30 - 2:31
    атом мен атомды қоса отырып.
  • 2:32 - 2:37
    Табиғи өнімдердің барлығы
    қайтадан табиғи ресурс бола алады.
  • 2:38 - 2:41
    Мен осыны үйрендім,
  • 2:41 - 2:44
    үйімнің арт жағында орман
    өсірумен айналысқанда үйренгенім.
  • 2:44 - 2:48
    Бұл менің бірінші рет табиғатпен
    біріге жұмыс істеуім еді,
  • 2:48 - 2:49
    табиғатқа қарсы емес.
  • 2:50 - 2:51
    Сол кезден бастап
  • 2:51 - 2:56
    біз әлемнің 25 қаласында
    75 орман өсірдік.
  • 2:58 - 3:00
    Жаңа жерде жұмыс істеген әрбір кезімізде,
  • 3:00 - 3:05
    орманды өсіруге қажет әрбір
    жеке зат (элемент)
  • 3:05 - 3:07
    біздің айналамызда бар екенін
    көрдік.
  • 3:07 - 3:09
    Тек қана бізге осы элементтерді
    біріктіріп, табиғатқа
  • 3:09 - 3:11
    оны қабылдауға
    мүмкіндік беру еді.
  • 3:13 - 3:16
    Орман өсіру үшін біз топырақтан бастадық.
  • 3:16 - 3:19
    Біз оны ұстап, сезіп, тіпті
    дәмін татып көрдік,
  • 3:19 - 3:21
    оған қандай қасиеттердің
    жетпейтінін білу үшін.
  • 3:22 - 3:25
    Егер топырақ ұсақ бөлшектерден
    тұрса, ол тығыз болады,
  • 3:25 - 3:27
    тығыз болғаны сонша,
    су да өте алмайды.
  • 3:28 - 3:33
    Біз жергілікті қолжетімді
    биомассаларды араластырамыз,
  • 3:33 - 3:35
    бұл топырақтың борпылдақ
    болуына көмектеседі.
  • 3:37 - 3:39
    Енді су жақсы сіңеді.
  • 3:39 - 3:44
    Егер топырақ суды ұстап
    қала алмаса, біз одан да
  • 3:44 - 3:46
    көп биомассаны
    араластыруымыз керек,
  • 3:46 - 3:49
    суды сіңіретін материалдар,
    мысалы, шымтезек керек,
  • 3:49 - 3:53
    сөйтіп топырақ суды сіңіреді
    және дымқыл боп тұрады.
  • 3:54 - 3:58
    Өсу үшін өсімдіктерге су,
    күн және қорек қажет.
  • 3:59 - 4:02
    Егер топырақта ешқандай
    қорек болмаса ше?
  • 4:02 - 4:05
    Біз топыраққа қоректі
    тікелей сала алмаймыз.
  • 4:05 - 4:06
    Бұл өндірістік жол болар еді.
  • 4:06 - 4:08
    Бұл - табиғатқа қарсы жол.
  • 4:08 - 4:11
    Оның орнына біз топыраққа
    микроорганизмдерді қосамыз.
  • 4:11 - 4:14
    Олар табиғи жолмен қажет
    нәрлі заттарды өндіреді.
  • 4:15 - 4:17
    Топыраққа араластырған
    биомассаларды қоректендіреді,
  • 4:17 - 4:20
    осы арқылы олар қоректенеді
    және көбейеді.
  • 4:20 - 4:22
    Олардың саны өскен сайын,
  • 4:22 - 4:24
    топырақ та демала бастайды.
  • 4:24 - 4:25
    Ол тіріле бастайды.
  • 4:26 - 4:29
    Біз жергілікті жерде өсетін
    ағаштарды зерттедік.
  • 4:29 - 4:31
    Жергілікті ме, жоқ па
    екенін қайдан білеміз?
  • 4:31 - 4:36
    Адам араласқанға дейін болған
    нәрсе жергілікті болады.
  • 4:36 - 4:37
    Бұл - қарапайым ереже.
  • 4:38 - 4:42
    Біз ұлттық саябақты зерттедік,
  • 4:42 - 4:45
    ол жерден табиғи орманның
    соңғы қалдықтарын табу үшін.
  • 4:47 - 4:50
    Біз киелі тоғайларды зерттедік,
  • 4:50 - 4:53
    ескі ғибадатханалардың қасындағы
    қасиетті тоғайларды көрдік.
  • 4:53 - 4:55
    Ешнәрсе таба алмаған кезде,
  • 4:55 - 4:57
    біз музейлерге бардық,
  • 4:57 - 5:02
    ол жерде бұрыннан келе жатқан
    дәндер мен ағаштарды көру үшін.
  • 5:03 - 5:08
    Біз ескі суреттерді, өлеңдерді
    әдеби шығармаларды оқыдық,
  • 5:08 - 5:11
    сол арқылы осы жерде өскен
    ағаштарды табуға тырыстық.
  • 5:11 - 5:13
    Ағаштарды тапқаннан кейін,
  • 5:13 - 5:15
    біз оларды төрт топқа бөлдік:
  • 5:15 - 5:18
    бұта қабаты, ағашқа дейінгі қабат,
    ағаш қабаты, шатыр қабаты.
  • 5:18 - 5:21
    Әр қабаттың коэффициентін
    белгіледік,
  • 5:21 - 5:26
    араластырып отырғызу үшін
    ағаштардың пайызын шығардық.
  • 5:27 - 5:28
    Егер жеміс ағаштарының
    орманын өсірсек,
  • 5:28 - 5:31
    біз жеміс беретін ағаштардың
    пайызын көбейттік.
  • 5:31 - 5:34
    Бұл гүлдейтін орман болуы мүмкін,
  • 5:34 - 5:38
    құстар мен араларды
    жинайтын орман,
  • 5:38 - 5:42
    немесе жай ғана табиғи
    жабайы жасыл орман.
  • 5:44 - 5:47
    Біз дәндер мен
    өскіндерді жинадық.
  • 5:47 - 5:50
    Біз бір қабаттың ағашы
    екінші қабаттың қасында
  • 5:50 - 5:52
    отырғызылмауын қадағаладық,
  • 5:52 - 5:55
    өйткені олар өскен кезде
    бірдей кеңстікке таласпаулары үшін.
  • 5:55 - 5:58
    Біз көшеттерді бір-біріне
    жақын отырғыздық.
  • 5:59 - 6:02
    Бет жағына жабындыны
    қалыңырақ саламыз,
  • 6:02 - 6:04
    өйткені қатты ыстық болғанда,
    ылғал жақсы сақталады.
  • 6:05 - 6:06
    Салқын болғанда,
  • 6:06 - 6:10
    қырау тек қана жабындыда қалады,
  • 6:10 - 6:13
    ал айнала суық болса да,
    топырақ жақсы тыныстайды.
  • 6:13 - 6:17
    Топырақ өте жұмсақ,
  • 6:17 - 6:20
    жұмсақ болғаны сондай,
    тамыр оңай енеді,
  • 6:20 - 6:21
    тез енеді.
  • 6:22 - 6:25
    Бастапқыда орманның
    өсіп жатқаны көп байқалмайды,
  • 6:25 - 6:26
    бірақ ол өсіп жатыр.
  • 6:27 - 6:28
    Алғашқы үш айда,
  • 6:28 - 6:30
    тамырлар 1 метр тереңдікке
    дейін жетеді.
  • 6:31 - 6:33
    Бұл тамырлар тор құрады,
  • 6:33 - 6:34
    ол топырақты тығыз ұстайды.
  • 6:34 - 6:38
    Осы тамырлар торында микроптар
    мен саңырауқұлақтар өседі.
  • 6:39 - 6:42
    Егер ағаштың қасында жеткілікті
    қорек болмаса,
  • 6:42 - 6:45
    осы микроптар ағашқа
    қажетті қоректі береді.
  • 6:46 - 6:47
    Жаңбыр жауғанда,
  • 6:48 - 6:49
    сиқырдағыдай,
    бір түнде
  • 6:49 - 6:51
    саңырауқұлақтар
    қаптап кетеді.
  • 6:51 - 6:54
    Ал бұл топырақтың астында
    пайдалы заттардың барын көрсетеді.
  • 6:55 - 6:57
    Тамырлар нығайғаннан кейін,
  • 6:57 - 6:59
    орман өсе бастайды.
  • 7:00 - 7:04
    Орман өскен сайын, біз оны
    суара береміз,
  • 7:04 - 7:08
    келесі 2-3 жыл бойы
    орманды суарып тұрамыз.
  • 7:09 - 7:14
    Барлық су мен ылғалды осы
    ағаштарға сақтағымыз келеді,
  • 7:14 - 7:17
    сондықтан арам шөптерден
    тазалаймыз.
  • 7:17 - 7:20
    Орман өскен сайын күннің
    көзін көлегейлей бастайды.
  • 7:21 - 7:23
    Соңында орман тығыз өскендіктен,
  • 7:23 - 7:26
    күннің көзі жерге дейін
    жетпейтін болады.
  • 7:26 - 7:29
    Арам шөптер өспейтін болады,
    өйткені оларға да күн көзі керек.
  • 7:30 - 7:31
    Осы кезде
  • 7:31 - 7:35
    жерге түскен әрбір тамшы су
  • 7:35 - 7:37
    буға айналып ауаға қайтадан
    кетпейді.
  • 7:37 - 7:40
    Осы тығыз орман ылғалды
    ауаны конденсациялайды
  • 7:40 - 7:42
    және ылғалды сақтайды.
  • 7:43 - 7:47
    Біз суаруды азайтамыз және
    соңында орманды суармайтын боламыз.
  • 7:47 - 7:49
    Суармаса да
  • 7:49 - 7:53
    орман өсіп тұрған жер ылғал
    және қараңғы болады.
  • 7:54 - 7:57
    Жалғыз жапырақ орманның
    жеріне түскенде,
  • 7:57 - 8:00
    ол бірден шіри бастайды.
  • 8:00 - 8:04
    Сөйтіп бұл биомасса жерді
    құнарлы етеді.
  • 8:04 - 8:05
    ол жерді қоректендіреді.
  • 8:06 - 8:07
    Орман өскен сайын,
  • 8:07 - 8:09
    жерге көп жапырақ түседі,
  • 8:09 - 8:11
    бұл дегеніміз қарашірік көбейіп,
  • 8:11 - 8:14
    жер құнарланып, орман одан да
    биік болып өседі.
  • 8:14 - 8:17
    Сөйтіп орманымыз тоқтаусыз
    өсе береді.
  • 8:18 - 8:19
    Бір рет отырғызылғаннан
    кейін,
  • 8:19 - 8:24
    орман өзін қайта-қайта
    қалпына келтіріп өсе береді,
  • 8:24 - 8:25
    мүмкін мәңгі бақи өсе береді.
  • 8:26 - 8:29
    Осындай табиғи орманда
  • 8:29 - 8:31
    менеджменттің болмауы
    ең жақсы шешім.
  • 8:32 - 8:34
    Бұл кішкентай джунглидің мейрамы.
  • 8:34 - 8:36
    (Күлкі)
  • 8:37 - 8:39
    Бұл орман ұжым сияқты өседі.
  • 8:40 - 8:41
    Бірдей ағаш,
  • 8:41 - 8:42
    бірдей түр,
  • 8:42 - 8:45
    жеке-жеке отырғызылса,
  • 8:45 - 8:46
    олар осылай тез өспес еді.
  • 8:47 - 8:51
    Бұл 100 жылдық орманды
  • 8:51 - 8:52
    10 жыл ішінде өсіру жолы.
  • 8:52 - 8:53
    Көп рақмет!
  • 8:53 - 8:59
    (Қол шапалақтау)
Title:
Аулаңызда орман өсіру жолы
Speaker:
Шубхенду Шарма
Description:

Орман адам өмірінен бөлініп жатқан, алыста орналасқан табиғи қорық болмауы керек. Біз орманды қалаған жерімізде, тіпті қалада да өсіре аламыз. Эко-кәсіпкер және TED Fellow Шубхенду Шарма тығыз, биологиялық шағын орманды қаладағы топырақта микроптар мен биомассаларды қолданып табиғи жағдайда өсіреді. Ол 100 жылдық орманды 10 жыл ішінде қалай өсіруге болатынын айтып береді, сіз шағын джунгли мейрамын көресіз.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
09:11
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for How to grow a forest in your backyard
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for How to grow a forest in your backyard
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for How to grow a forest in your backyard
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for How to grow a forest in your backyard
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for How to grow a forest in your backyard

Kazakh subtitles

Revisions