Return to Video

Ветеринарлар дәрігер білмейтін нәрсені біле ме?

  • 0:02 - 0:03
    Он жыл бұрын,
  • 0:03 - 0:07
    өмірімді өзгерткен
    телефон қоңырауын қабылдадым.
  • 0:07 - 0:11
    Ол кезде UCLA-да кардиолог едім,
  • 0:11 - 0:14
    Кардиология, визуалды технологиялар
    бөлімінде жұмыс істедім.
  • 0:14 - 0:20
    Телефонды Лос-Анжелес зообағының
    ветеренары шалды.
  • 0:20 - 0:22
    Кәрі ұрғашы шимпанзе
  • 0:22 - 0:25
    ұйқыдан мимикалық парезбен ояныпты.
  • 0:25 - 0:29
    Ветеринарлар инсульт алды
    деп қауіптенді.
  • 0:29 - 0:32
    Олар маған зообаққа келіп,
  • 0:32 - 0:34
    жануардың жүрегін тексеріп,
  • 0:34 - 0:37
    себебін анықтауды өтінді.
  • 0:37 - 0:41
    Қате түсінбеңіз,
    Солтүстік Америка зообақтары
  • 0:41 - 0:45
    қызметкерлерінің
    кәсіби деңгейі жоғары.
  • 0:45 - 0:50
    Олар өздерінің жануар
    пациенттеріне жақсы қарайды.
  • 0:50 - 0:54
    Бірақ кейде дәрігерлерге
  • 0:54 - 0:58
    арнайы кеңес алу үшін хабарласады.
  • 0:58 - 1:04
    Мен сондай көмекке шақырылған
    бақытты дәрігердің бірі болдым.
  • 1:04 - 1:11
    Шимпанзеде инсульт болмағанын дәлелдедім
  • 1:11 - 1:17
    әрі горилланың аортасының жыртылмағанын
    тексердім
  • 1:17 - 1:22
    бұл макаканы жүрек сылдырына тексердім,
  • 1:22 - 1:29
    Калифорния итбалығының
    перикарды қабынбағанына көз жеткіздім.
  • 1:29 - 1:33
    Мына суретте арыстанның жүрегін
  • 1:33 - 1:37
    тыңдап жатырмын, бұл ветерианарлар мен
  • 1:37 - 1:40
    дәрігерлердің бірлескен жұмысы барысында,
  • 1:40 - 1:44
    біз жүрек қабынан
  • 1:44 - 1:49
    700 мл. сұйықтықты алып тастадық.
  • 1:49 - 1:53
    Бұл процедураларды көптеген
    емделушілеріме де жасаймын,
  • 1:53 - 2:03
    олар өте ұқсас,
    айырмашылық: мына табан мен құйрықта.
  • 2:03 - 2:09
    Қазір көп уақытымды UCLA Медицина
    орталығында
  • 2:09 - 2:14
    дәрігерлермен жұмыс істеуге,
    адам ауруларының симптомдарын,
  • 2:14 - 2:18
    емін талқылауға арнаймын,
  • 2:18 - 2:21
    бірақ кей кездері Лос Анджелестегі
    хайуанаттар бағындағы
  • 2:21 - 2:26
    ветеринарлармен жануар пациенттерінің
  • 2:26 - 2:29
    симптомдары мен диагнозын талқылаймыз.
  • 2:29 - 2:34
    Кейде бір күннің ішінде
  • 2:34 - 2:38
    UCLA Медицина орталығы мен
  • 2:38 - 2:41
    Лос Анджелес хайуанаттар бағына барамын.
  • 2:41 - 2:47
    Мынаған көзім анық жете бастады.
  • 2:47 - 2:51
    Дәрігерлер мен ветеринарлар негізінде
  • 2:51 - 2:56
    адамдар мен жануарларда
    болатын ұқсас ауруларды емдейді:
  • 2:56 - 3:01
    жүрек аурулары, мидағы ісік,
  • 3:01 - 3:09
    лeйкемия, диабет, артрит,
    Шарко ауруы, сүт безінің ісігі,
  • 3:09 - 3:14
    тіпті психиатриялық ауру белгілері:
    күйзеліс, үрей,
  • 3:14 - 3:21
    мания, тәбет бұзылуы және
    өзін-өзі жарақаттау да кездеседі.
  • 3:21 - 3:24
    Енді мен мұны мойындаймын.
  • 3:24 - 3:31
    Cалыстырмалы физиология
    мен эволюциялық биологияны
  • 3:31 - 3:33
    бакалавр кезімде университетте оқысам да,
  • 3:33 - 3:37
    тіпті Дарвин теориясы бойынша
    диссертация жазсам да,
  • 3:37 - 3:40
    адамдар мен жануарлар ауруларының
    арасындағы
  • 3:40 - 3:43
    ұқсастықтар туралы зерттесем де,
  • 3:43 - 3:46
    бұл мен үшін күтпеген жаңалық
    сияқты болды.
  • 3:49 - 3:53
    Сөйтіп әртүрлі сұрақтар
    мазалады: ұқсастықтар болса да,
  • 3:53 - 3:58
    неге осы уақытқа дейін ветеринарлардан
    сұрау ойыма келмеген,
  • 3:58 - 4:01
    немесе неге мен ветеринарлардың
    кітаптарын қарап.
  • 4:01 - 4:05
    адам ауруларын емдеуге байланысты
    кеңес алмағанмын?
  • 4:05 - 4:11
    Неге осыған қатысты кеңес сұраған
    дәрігер достарым мен әріптестерім
  • 4:11 - 4:17
    ешқашан ветеринарлардың
    конференциясына қатыспаған?
  • 4:18 - 4:24
    Бұл тұрғыдан алғанда неге мұның
    бәрі таңқаларлық нәрсе?
  • 4:24 - 4:31
    Қараңызшы, әрбір дәрігер
    адамдар мен жануарлар арасындағы
  • 4:31 - 4:33
    биологиялық байланысты
    мойындайды.
  • 4:33 - 4:38
    Біз ұсынатын, өзіміз
    қабылдайтын немесе
  • 4:38 - 4:41
    отбасы мүшелеріне беретін
    әрбір препарат
  • 4:41 - 4:43
    алдымен жануарларда
    сыналады.
  • 4:44 - 4:46
    Бірақ үлкен айырмашылық бар.
  • 4:46 - 4:53
    Жануарға дәрі беру мен адам ауруы
  • 4:53 - 4:57
    және жануардағы жүрек жетімсіздігінің
    дамуы мен диабет не сүт безінің рагі
  • 4:57 - 5:03
    арасында қандай да бір алшақтық жатыр.
  • 5:03 - 5:06
    Мүмкін кейбір таңқалушылығымыз
  • 5:06 - 5:10
    әлеміміздегі алшақтықтың, яғни
    қалалық және қалалық еместердің
  • 5:10 - 5:13
    бөлінуінің нәтижесінде болып жатқан шығар.
  • 5:13 - 5:16
    Қала баласы "жүн ағашта өседі"
  • 5:16 - 5:20
    немесе "ірімшікті өсімдіктерден алады"
  • 5:20 - 5:24
    деп ойлайтыны туралы
    естіген боларсыз.
  • 5:24 - 5:27
    Сонымен, қазіргі адам емдейтін
    ауруханалар керемет
  • 5:27 - 5:34
    технологиялармен қамтамасыз
    етілген жерлерге айналуда.
  • 5:34 - 5:39
    Ал бұл сол жерде емделіп жатқан
    адамдар мен
  • 5:39 - 5:41
    мұхиттар мен фермаларда,
    джунглиде өмір сүріп жатқан
  • 5:41 - 5:46
    жануарлар арасында
  • 5:46 - 5:49
    психологиялық алшақтық орнатады.
  • 5:49 - 5:55
    Бірақ бұл жерде одан да
    терең себеп бар деп ойлаймын.
  • 5:55 - 6:01
    Дәрігерлер мен ғалымдар, өзімізді
    тіршілік иесі ретінде
  • 6:01 - 6:04
    Хомо сапиенс, адам - бір түр
  • 6:07 - 6:11
    және басқалардан ерекшелігі жоқ
    деп есептейміз.
  • 6:11 - 6:16
    Бірақ шын мәнінде
    бұған толықтай сенімді емеспіз.
  • 6:17 - 6:21
    Өз басым мұны Моцартты тыңдаған кезде
  • 6:21 - 6:26
    не макбукта Марстағы робот суретін
    қарағанда сезінемін.
  • 6:26 - 6:32
    Бәрібір де адамды ерекше деп сезінемін
  • 6:32 - 6:36
    тіпті ғылыми бөлектенудің маңызын
    түсінсем де, өзімізді оқшау
  • 6:36 - 6:43
    жоғары түр ретінде қабылдаймыз.
  • 6:43 - 6:46
    Осы күндері басқаша ойлауға
    тырысып жүрмін.
  • 6:46 - 6:49
    Адам пациентімді қараған кезде,
  • 6:52 - 6:55
    бұл туралы ветеринарлар
    не біледі екен деп сұраймын.
  • 6:55 - 7:01
    Мүмкін мен адам пациенттеріме
  • 7:01 - 7:06
    жануар пациенттерім сияқты қарасам,
    оларға жақсырақ көмектесермін?
  • 7:08 - 7:12
    Осындай ойларға жетелеген
  • 7:12 - 7:16
    бірнеше мысал келтірейін.
  • 7:16 - 7:19
    Қорқыныштан туындаған жүрек жетімсіздігі
  • 7:19 - 7:21
    2000 жылдың шамасында
    кардиологтар жүрек ауруының
  • 7:21 - 7:29
    эмоционалды себептер әсер
    еткен жүрек жетімсіздігін тапты.
  • 7:29 - 7:34
    Бұл өмір бойы жинаған ақшасынан
    бір сәтте айырылып қалған әкенің
  • 7:34 - 7:37
    күйін сипаттау арқылы жасалды,
    сонымен бірге
  • 7:37 - 7:42
    той алдындағы қалыңдықты
    тастап кеткендегі күйі арқылы сипатталды
  • 7:42 - 7:46
    Бірақ бұл "жаңа" диагноз,
    шын мәнінде,
  • 7:46 - 7:51
    жаңа емес еді, сонымен бірге
    тек қана адамға тән емес еді.
  • 7:51 - 7:57
    Ветеринарлар жануарларда
    эмоционалды себептерден пайда
  • 7:57 - 8:01
    болған аурулардың диагнозын қоюмен қатар,
    алдын алуды қолға алды.
  • 8:01 - 8:07
    Мысалы, маймылдан бастап қоқиқазға дейін,
    марал мен қоянда болатын осындай ауруларды
  • 8:07 - 8:10
    1970 жылдан бері емдеп келеді.
  • 8:11 - 8:14
    Егер ветеринарлар білімі мен тәжірибесі
  • 8:14 - 8:18
    жедел жәрдем дәрігерлері мен кардиологтар
    құжаттарына енгізілсе,
  • 8:18 - 8:22
    қаншама адамның өмірі сақталып
    қалғанын ойлап көріңізші?
  • 8:23 - 8:26
    Өзін-өзі жарақаттау.
  • 8:26 - 8:30
    Кейбір адамдар өзін-өзі
    жарақаттайды.
  • 8:30 - 8:33
    Кейбіреулері шаштарын жұлады,
  • 8:33 - 8:36
    басқалары өзін-өзі кеседі.
  • 8:38 - 8:42
    Кейбір жануарлар да өзін жарақаттайды.
  • 8:42 - 8:46
    Өзінің қауырсындарын жұлып тастайтын
    құстар бар.
  • 8:46 - 8:53
    Кейбір айғырлар өздерін қан болғанша
    тістеп тастайды.
  • 8:53 - 8:58
    Бірақ ветерианарлар мұны шешудің
    арнайы және өте ыңғайлы
  • 8:58 - 9:03
    жолын біледі, яғни өзін-өзі жарақаттаудың
  • 9:03 - 9:07
    алдын алатын шараларды біледі.
  • 9:07 - 9:10
    Ветеринарлардың осы білімі
  • 9:10 - 9:13
    психотерапевттер мен ата-аналарға
    өзін-өзі жарақаттаудың
  • 9:13 - 9:16
    алдын алуы үшін берілуі керек пе?
  • 9:17 - 9:22
    Бала туғаннан кейінгі депрессия
    мен психоз.
  • 9:22 - 9:25
    Кейде, босанғаннан кейін
  • 9:25 - 9:28
    кейбір әйелдер күйзеліске ұшырайды,
  • 9:28 - 9:32
    кейде бұл депрессия ушығып, тіпті
    психозға дейін барады.
  • 9:32 - 9:35
    Олар жаңа туған нәрестеге қарамай,
  • 9:35 - 9:37
    кей кездері оларды
  • 9:37 - 9:40
    жаралауға дейін барады.
  • 9:40 - 9:44
    Жылқыны қарайтын ветеринарлар
  • 9:44 - 9:47
    биенің құлындағаннан кейін
  • 9:47 - 9:51
    құлыншаққа қарамай қоятын
    кездерін біледі,
  • 9:51 - 9:56
    кейбір кездері олар құлындарын
    теуіп тастайды, өлтіріп тастайтыны да бар
  • 9:57 - 10:00
    Бірақ ветеринарлар биенің
  • 10:00 - 10:05
    құлыннан бас тарту синдромының
    алдын алу үшін
  • 10:05 - 10:10
    биедегі окситоцин көлемін көбейту
    керектігін біледі.
  • 10:10 - 10:13
    Окситоцин - байланыстыратын гармон,
  • 10:13 - 10:16
    ол биенің құлынына деген қызығушылығын,
  • 10:16 - 10:19
    мейірімін оятады.
  • 10:19 - 10:21
    Бұл ақпаратты
  • 10:21 - 10:24
    бала туғаннан кейінгі
    депрессиямен күресудегі
  • 10:24 - 10:28
    пациенттер мен отбасы дәрігерлерінің
  • 10:28 - 10:33
    қолына беруіміз керек пе?
  • 10:35 - 10:38
    Осындай мүмкіншіліктерге қарамастан
  • 10:38 - 10:45
    екі саланың арасында үлкен
    алшақтық жатыр.
  • 10:45 - 10:51
    Мұны түсіндіру үшін, өкінішке қарай,
    өзімізді сынауым керек.
  • 10:51 - 10:55
    Кейбір дәрігерлер шынымен де тәкаппар,
  • 10:55 - 10:58
    олар доктор атағы жоқ
    әріптестерін менсінбейді.
  • 10:58 - 11:04
    Мен тіс дәрігерлері, оптик,
    психологтар туралы айтып тұрмын,
  • 11:04 - 11:08
    жануарларды емдейтін ветеринарларды
    айрықша жақтырмайды.
  • 11:08 - 11:12
    Әрине, көптеген дәрігерлер ветеринар
    оқуының медицинада оқитындарға
  • 11:12 - 11:16
    қарағанда қиын екенін көздеріне
    елестете алмайды,
  • 11:16 - 11:19
    біз медицина мектебіне барып
  • 11:19 - 11:21
    үйренетініміздің бәрі тек қана
  • 11:21 - 11:24
    бір тіршілік иесіне, адамға
    ғана байланысты,
  • 11:24 - 11:29
    ал ветеринарлар болса сүтқоректілер,
    амфибиялар, рептилиялар,
  • 11:29 - 11:34
    балықтар мен құстардың денсаулығы
    мен ауруы туралы оқуы керек.
  • 11:34 - 11:38
    Сондықтан ветеринарлардың
    дәрігерлердің өздерінше болуына
  • 11:38 - 11:44
    ашулануына еш ренжімеймін.
  • 11:44 - 11:47
    Мынау ветеринарлардың жиі айтатын әзілі:
  • 11:47 - 11:51
    Бір ғана тіршілік иесіне көмек көрсете
  • 11:51 - 11:56
    алатын ветеринарды қалай атайды?
  • 11:56 - 12:00
    Терапевт (Күлкі)
  • 12:00 - 12:06
    Арадағы алшақтықтықты азайту
    менің негізгі мақсатыма айналды,
  • 12:06 - 12:09
    мен оны UCLA-ның Darwin at Rounds
  • 12:09 - 12:12
    сияқты бағдарламасы аясында жасап келемін,
  • 12:12 - 12:17
    біз жұмысымызға жануар эксперттері мен
    биологтарды тарттық және
  • 12:17 - 12:21
    оларды өзіміздің
    топтарымызға қостық,
  • 12:21 - 12:25
    ол топтарда интерндеріміз және
    резиденттеріміз жұмыс істейді.
  • 12:25 - 12:29
    Zoobiquity конференциясы арқылы
  • 12:29 - 12:33
    медициналық және ветеринарлық
    мектептерді бірге жинап
  • 12:33 - 12:35
    бірлескен пікірталастар ұйымдастырып
  • 12:35 - 12:38
    адамдар мен жануарларға ортақ
  • 12:38 - 12:42
    аурулар мен сырқаттарды талқылаймыз.
  • 12:42 - 12:45
    Zoobiquity конференциясында
  • 12:45 - 12:51
    қатысушылар жолбарыстың кеуде
    ісігін емдеу жолдары
  • 12:51 - 12:54
    балабақша мұғаліміндегі осындай
  • 12:54 - 12:57
    ауруды емдеудің тиімді жолдарын
    табуға көмектесетінін үйренді;
  • 12:57 - 13:02
    Голштейн сиыры аналық безі
    поликистозының емделуін түсіну
  • 13:02 - 13:04
    би жетекшісіне етеккір кезінде
  • 13:04 - 13:09
    ауыруына дұрыс көмек бере
    алуымызға көмектеседі;
  • 13:09 - 13:13
    айырылысумен байланысты үрей ауруын
    жақсырақ түсіну үшін
  • 13:13 - 13:16
    сезімтал понидегі дерт кішкентай баланың
  • 13:16 - 13:23
    мектепке барғандағы қорқу сезімін
    қалай жеңетінін түсінуге көмектесті.
  • 13:23 - 13:28
    АҚШ-та және дүние жүзінде
    Zoobiquity конференциясында
  • 13:28 - 13:35
    дәрігерлер мен ветеринарлар
    қарым-қатынастары мен қате түсініктерін
  • 13:35 - 13:41
    ысырып, әріптес ретінде
  • 13:41 - 13:47
    дәрігер ретінде қарастырады.
  • 13:47 - 13:52
    Шындығын айтсақ, адамдар да жануар ғой,
  • 13:52 - 13:56
    осы уақытты дәрігерлер
  • 13:56 - 14:00
    пациенттерімізді және өзіміздің жануар
    болмысымызды қамту үшін
  • 14:00 - 14:03
    және ветеринарлардың
    денсаулық сақтау үшін
  • 14:03 - 14:08
    түрлерді қамтитын тәсіліне қосылу
    үшін пайдалануы керек.
  • 14:08 - 14:10
    Өйткені адамдарға арналған
    медицинаның ең жақсы
  • 14:10 - 14:15
    мысалдарын пациенттері адамдар
  • 14:15 - 14:20
    емес дәрігерлер жасағаны белгілі.
  • 14:20 - 14:24
    Адамдардың денсаулығын сақтаудың
  • 14:24 - 14:29
    бірден бір жақсы жолы әлемдегі басқа
  • 14:29 - 14:33
    тіршілік иелерінің қалай өмір сүріп,
  • 14:33 - 14:39
    өсіп, ауырып және
    жазылатынына көңіл бөлу.
  • 14:39 - 14:42
    Рақмет.
  • 14:42 - 14:44
    (Қол шапалақтау)
Title:
Ветеринарлар дәрігер білмейтін нәрсені біле ме?
Speaker:
Барбара Наттерсон-Хороуитс
Description:

Бір ғана түрді емдейтін ветеринарды қалай атаймыз? Терапевт. Барбара Наттерсон-Хороуитс денсаулық сақтауда "Түрлерді қамтитын тәсіл" арқылы адамдарға көрсететін медициналық көмекті жетілдіруде жануарларды емдеу тәсілдерін қолдануға болатынын баяндайды.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
14:57
  • even as I recognize the
    осы жерін қайта жөндеу керек, дұрыс ашылмаған, келтіре алмадым, қайта жөндей алмай қалдым неге екенін

  • Heart failure бас жағында жетімсіздігі деп аударып, аяқ жағына қарай талма деп жазғам, но все таки жетімсіздігі дұрыс екен, медик достардан сұрасам. Heart seizure- талма болад екен, ал failure жүрек жетімсіздігі

Kazakh subtitles

Revisions