Return to Video

Бірлік пен үмітке шақыратын көшедегі бейнелеу өнері

  • 0:01 - 0:04
    Оңтүстік Тунистегі туған қалам Гейбте
  • 0:04 - 0:08
    2012 жылы Джара мешітінің
    мұнарасын бояғанда,
  • 0:08 - 0:12
    қала халқы граффитиге осынша
    назар аударады деп ойламадым.
  • 0:12 - 0:17
    Басында Гейбте бос қабырға іздедім де
  • 0:17 - 0:20
    '94 жылғы мешіт мұнарасына тап болдым.
  • 0:20 - 0:24
    18 жыл бойы 57 метрлік
    бетонның сырты боялынбады.
  • 0:27 - 0:30
    Имамымен бірінші рет кездескенде,
    мұнараға қатысты мақсатымды естісімен
  • 0:30 - 0:33
    ол:"Ақыры келгеніңе Аллаға шүкір!",- деді.
  • 0:33 - 0:36
    Көп жылдар бойы осы мұнараны әсемдейтін
  • 0:36 - 0:37
    бір адамды күткенін айтты.
  • 0:37 - 0:42
    Ең қызығы ол кісі
    болашақ суретімнің кестесін де,
  • 0:42 - 0:45
    қабырғаға қандай
    сөз жазатынымды да сұрамады.
  • 0:46 - 0:49
    Менің әрбір туындым
    каллиграфия мен граффити қосындысы
  • 0:49 - 0:53
    каллиграфити стиліндегі цитатадан немесе
    поэзиядан алынған
  • 0:54 - 0:55
    көркем сөздерден тұрады.
  • 0:56 - 0:59
    Мұнара үшін
    мешітке сай келетін қасиетті сөздер
  • 0:59 - 1:02
    Құран аяттарынан алыну керек деп шештім.
  • 1:02 - 1:03
    "Әй, адам баласы! Шүбәсіз
  • 1:03 - 1:06
    сендерді бір ер,бір әйелден жараттық.
    Сондай-ақ бір-біріңді
  • 1:06 - 1:10
    тануларың үшін сендерді ұлттар,
    рулар қылдық" деген жолдарды таңдадым.
  • 1:10 - 1:13
    Бұл ақпарат құралдарында бейбіт сүйер
    қауым ретінде танылмағандарды
  • 1:13 - 1:17
    бейбітшілікке,төзімділікке,бір-бірімізді
    қабылдауға шақырған үндеу еді.
  • 1:18 - 1:21
    Жергілікті халыққа суреттің әсері,
  • 1:21 - 1:26
    халықаралық баспөздің мұнараға
    көңіл аударғаны олар үшін мақтаныш болғаны
  • 1:26 - 1:28
    мені таң қалдырды.
  • 1:29 - 1:32
    Имамға бұл жай ғана сурет болған жоқ.
  • 1:32 - 1:33
    Суреттің астарында бірізділік жатты.
  • 1:33 - 1:37
    Имам мұнараның қала монументіне
    айналатынына және Тунистегі ұмытылған
  • 1:37 - 1:40
    осы жер жан-жақтан адамдарды баурайды
    деп үміттенді.
  • 1:41 - 1:43
    Туындымның жан-жақтылығы,
  • 1:43 - 1:45
    Тунистегі саяси жағдай,
  • 1:45 - 1:49
    сонымен қатар Құран аяттарын
    граффити стилінде жазғаным
  • 1:49 - 1:50
    мағынасыз емес еді.
  • 1:50 - 1:52
    Бұл нәрсе тұрғындардың басын біріктірді.
  • 1:54 - 1:57
    Адамдардың, болашақ ұрпақтардың
  • 1:57 - 2:00
    бастарын араб каллиграфиясымен біріктіру
  • 2:00 - 2:01
    алға қойған мақсатым.
  • 2:01 - 2:04
    Адамзатқа хабар жеткізу-
    өнерімнің ең маңыздысы.
  • 2:05 - 2:06
    Арабша сөйлейтіндер
  • 2:06 - 2:08
    менің жазуымды бірден
  • 2:08 - 2:11
    түсінбейтіні қызық болды.
  • 2:15 - 2:19
    Меніңше, араб жазуы көзіңді емес
    жаныңды баурайды.
  • 2:20 - 2:22
    Түсіндіруді қажет етпейтін
    сұлулық орналасақан.
  • 2:23 - 2:25
    Араб жазуы әрқайсымызға
  • 2:25 - 2:29
    сізге, сізге, сізге, баршамызға үн қатады.
  • 2:30 - 2:31
    Сізге мағынасы жеткенде,
  • 2:32 - 2:34
    араңызда онымен бір байланысты
    сезе бастайсыз.
  • 2:34 - 2:37
    Сурет салатын жерлерге сол жаққа қатысты
  • 2:37 - 2:39
    көркем сөздерді жазуды ескеремін,
  • 2:39 - 2:42
    бірақ бүкіл әлемге арналған жолдаулар
  • 2:42 - 2:45
    барлығымызбен байланыс құра алады.
  • 2:45 - 2:47
    Францияның Париж қаласында туып өстім.
  • 2:47 - 2:51
    Арабша жазу мен оқуды
    18 жасымнан бастап үйрендім.
  • 2:51 - 2:55
    Қазіргі таңда көркем сөздерді
    тек арабша жазамын.
  • 2:55 - 3:00
    Әлемде болып жатқан оқиғалар
  • 3:00 - 3:02
    әсер етті.
  • 3:04 - 3:06
    Риода португал тіліндегі
    ГабриелаТоррес Барбосаның
  • 3:06 - 3:09
    бір ғимараттың төбесінде жазылған
  • 3:09 - 3:12
    фавела жұртына құрметін көрсететін өлеңін
  • 3:12 - 3:14
    арабшаға аудардым.
  • 3:15 - 3:17
    Жергілікті тұрғындарды
    менің жұмысым қызықтырды.
  • 3:17 - 3:21
    Алайда каллиграфиямның
    мағынасын түсіндіргенімде,
  • 3:21 - 3:25
    маған рахмет айтты-бұл шумақтар
    жүректеріне өте жақын еді.
  • 3:27 - 3:29
    Кейптаунда (Оңтүстік Африка)
  • 3:29 - 3:31
    Филиппи ауданының адамдары
  • 3:32 - 3:35
    жағдайы нашар жердегі мектептің қабырғасын
  • 3:35 - 3:37
    қолданысыма берді.
  • 3:37 - 3:39
    Оның үстіне Нелсон Манделаның
    цитатасын жаздым.
  • 3:39 - 3:42
    (Арабша)
  • 3:42 - 3:44
    "Іске аспайынша,әр нәрсе
    мүмкін емес сияқты" делінген.
  • 3:44 - 3:49
    Соңыра бір кісі келіп:
    "Неге ағылшынша жазбайсың?"- деді
  • 3:49 - 3:52
    Мен оған:"Неге Зулу тілінде жазбағанымды
    сұрағаныңда,
  • 3:52 - 3:55
    жақтырмауыңды орынды
    деп санар едім",-дедім.
  • 3:56 - 3:58
    Парижде мына жағдайды басымнан кешірдім.
  • 3:58 - 4:01
    Бір кісі қабырғасын бояуға берген еді.
  • 4:02 - 4:06
    Арабша жаза бастағанымды көргенде,
    қатты ашуланып
  • 4:06 - 4:08
    жазудың өшірілуін талап етті.
  • 4:09 - 4:11
    Маған оның сөздері жаныма қатты батты.
  • 4:11 - 4:14
    Іс-шараны ұйымдастырушы
    бір аптадан кейін келуімді сұрап,
  • 4:14 - 4:18
    жаңағы кісінің үйінің дәл алдында
    бір қабырға бос екенін айтты.
  • 4:18 - 4:19
    Сөйтіп, мына кісі
  • 4:20 - 4:21
    (Күлкі)
  • 4:21 - 4:24
    менің жазуымды күнде көруге мәжбүр болды.
  • 4:24 - 4:26
    Басында арабша
  • 4:26 - 4:28
    "Мә, саған!" деп жазатын едім.
  • 4:28 - 4:31
    (Күлкі)
  • 4:31 - 4:34
    Ақылға келіп, арабша
  • 4:34 - 4:36
    "Жүрегіңді аш" деп жаздым.
  • 4:38 - 4:40
    Өз мәдениетімді шынымен мақтан тұтамын
  • 4:40 - 4:43
    және бейнелеу өнері арқылы
    оның өкілі болуға тырысамын.
  • 4:43 - 4:45
    Араб каллиграфиясымен барлығымыз білетін
  • 4:46 - 4:53
    таптаурындарды жойғым келеді.
  • 4:53 - 4:58
    Бүгінгі күндері қабырғаға жазған
    жұмысымның аудармасын жазбайтын болдым.
  • 4:58 - 5:03
    Каллиграфияның сәнін бұзғым келмейді.
  • 5:03 - 5:07
    Бұл мағанасын түсінбей-ақ
    тамашаланатын көркем өнер ғой.
  • 5:07 - 5:09
    Өзге тілдегі әнді де
    рахаттана тыңдаймыз ғой.
  • 5:09 - 5:13
    Кейбіреулер бұл ісімді құптай қоймас.
  • 5:13 - 5:15
    Алайда мен үшін бұл іс тіліме,
  • 5:15 - 5:19
    мәдениетіме,өнеріме шақыру қағазы іспетті.
  • 5:19 - 5:20
    Рахмет.
  • 5:20 - 5:22
    (Қол шапалақ)
Title:
Бірлік пен үмітке шақыратын көшедегі бейнелеу өнері
Speaker:
Әл Сиид
Description:

Францияда тунистердің отбасында дүниеге келген Әл Сиид әр түрлі мәдениеттерді, тілдерді және өзара теңдікті халыққа паш еткенді жақсы көреді.Көшедегі бейнелеу өнері мен граффити стилінде салынған араб жазуының әсемдігі көрініп тұр. Осы қызықты әңгімесінде суретші әрі TED қатысушысы түсіндіруді қажет етпейтіндей қылып сурет салу оның ең басты мақсаты екенін баяндайды.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
05:39

Kazakh subtitles

Revisions