1 00:00:00,754 --> 00:00:02,810 Мен Тайванда өскен 2 00:00:02,810 --> 00:00:04,422 каллиграфия - көркем жазу шеберінің қызымын. 3 00:00:04,422 --> 00:00:06,790 Балалық шақтан есте қалған құнды сәт 4 00:00:06,790 --> 00:00:09,883 анамның маған Қытай әріптерінің әдемілігін, түрін 5 00:00:09,883 --> 00:00:12,516 және пішінін көрсеткен кез еді. 6 00:00:12,516 --> 00:00:15,023 Сол кезден бастап мен осы керемет 7 00:00:15,023 --> 00:00:17,685 ерекше тілге тәнті болдым. 8 00:00:17,685 --> 00:00:20,420 Бірақ бейтаныс адамға бұл 9 00:00:20,420 --> 00:00:23,929 құпиясы мол Ұлы Қытай қабырғасы сияқты болып көрінеді. 10 00:00:23,929 --> 00:00:26,304 Соңғы жылдары мені мына нәрсе қызықтырды, 11 00:00:26,304 --> 00:00:28,356 егер мен осы қабырғаны құлата алсам, 12 00:00:28,356 --> 00:00:30,950 онда осы тілді түсінгісі келетін және 13 00:00:30,950 --> 00:00:34,858 осы қиын тілдің сұлулығын бағалағысы келетін әрбір адам оны істей алады. 14 00:00:34,858 --> 00:00:39,170 Мен қытай тілін үйренуге пайдасын тигізетін 15 00:00:39,170 --> 00:00:42,018 жаңа және тез әдіс туралы ойлай бастадым. 16 00:00:42,018 --> 00:00:46,004 Бес жасымнан бастап мен 17 00:00:46,004 --> 00:00:49,009 әрбір символдың 18 00:00:49,009 --> 00:00:51,553 реттілігін сақтай отырып жазылуын үйрене бастадым. 19 00:00:51,553 --> 00:00:53,610 Күн сайын мен жаңа таңба салуды үйрендім, 20 00:00:53,610 --> 00:00:56,337 бұл 15 жылға созылған сабақ еді. 21 00:00:56,337 --> 00:00:58,457 Қазір біздің тек қана бес минутымыз болғандықтан 22 00:00:58,457 --> 00:01:02,092 бізге үйренудің тез және оңай жолы қажет. 23 00:01:02,092 --> 00:01:05,617 Қытай ғалымы 20000 символды түсінеді. 24 00:01:05,617 --> 00:01:10,729 Сауаттылық негізін білу үшін сізге соның 1,000 білу жеткілікті. 25 00:01:10,729 --> 00:01:14,745 Жиі қолданылатын 200-і сізге 26 00:01:14,745 --> 00:01:17,641 негізгі әдебиеттің 40 пайызын түсінуге мүмкіндік береді, 27 00:01:17,641 --> 00:01:20,517 бұл сізге жол белгілерін, мейрамхана мәзірін оқуға жеткілікті, 28 00:01:20,517 --> 00:01:23,521 веб сайттардағы 29 00:01:23,521 --> 00:01:25,460 немесе газеттердегі негізгі ойды түсінуге көмектеседі. 30 00:01:25,460 --> 00:01:27,659 Бүгін мен сіздерге соның сегізін көрсетемін, 31 00:01:27,659 --> 00:01:29,551 осы арқылы сіздер әдістің қалай жұмыс істейтінін көре аласыздар. 32 00:01:29,551 --> 00:01:31,472 Сіздер дайынсыздар ма? 33 00:01:31,472 --> 00:01:34,155 Аузыңызды мүмкіндігінше үлкен етіп ашыңыз, 34 00:01:34,155 --> 00:01:36,201 квадрат пішініне келгенше. 35 00:01:36,201 --> 00:01:38,883 Бұл - ауыз. 36 00:01:38,883 --> 00:01:41,971 Бұл - қыдыруға бара жатқан адам. 37 00:01:41,971 --> 00:01:45,102 Адам. 38 00:01:45,102 --> 00:01:47,811 От болу үшін, адам таңбасының 39 00:01:47,811 --> 00:01:50,081 екі жағына қол сияқты сызықтар салсақ, 40 00:01:50,081 --> 00:01:52,251 ол қолын сермеп жан ұшыра айқайлаған сияқты 41 00:01:52,251 --> 00:01:55,804 "Көмектесіңдер! От! Мен жанып жатырмын!" 42 00:01:55,804 --> 00:01:59,971 Мына таңба шын мәнінде от формасынан шыққан, 43 00:01:59,971 --> 00:02:03,784 бірақ мен осылай ойлағанды ұнатамын. Сіз үшін де бұл жұмыс істейді. 44 00:02:03,784 --> 00:02:06,043 Мынау - ағаш. 45 00:02:06,043 --> 00:02:08,141 Ағаш. 46 00:02:08,141 --> 00:02:12,566 Мынау - тау. 47 00:02:12,566 --> 00:02:15,167 Мынау - күн. 48 00:02:17,458 --> 00:02:22,112 Ай. 49 00:02:22,112 --> 00:02:24,087 Мынау есіктің таңбасы 50 00:02:24,087 --> 00:02:29,793 ол Жабайы батыстағы салондардың есігіне ұқсайды. 51 00:02:29,793 --> 00:02:33,531 Мен бұл сегіз таңбаны радикал деп атаймын. 52 00:02:33,531 --> 00:02:35,297 Олар құрылыс материалы сияқты 53 00:02:35,297 --> 00:02:39,427 сізге бұдан да көп символдарды құрауға көмектеседі. 54 00:02:39,427 --> 00:02:41,165 Адам. 55 00:02:41,165 --> 00:02:45,433 Егер артында біреу келе жатса, онда бұл - "соңынан жүру". 56 00:02:45,433 --> 00:02:47,561 Мақалда айтылатындай 57 00:02:47,561 --> 00:02:51,287 екеу болса серіктес, үшеу болса - тобыр. 58 00:02:51,287 --> 00:02:54,202 Егер адам қолдарын кең қылып жайса, 59 00:02:54,202 --> 00:02:58,849 онда бұл адам "Бұл осындай үлкен" деп тұр. 60 00:02:58,849 --> 00:03:02,697 Ауыздың ішінде тұрған адам, тұзаққа (торға) түскен адам. 61 00:03:02,697 --> 00:03:08,543 Ол - тұтқын, киттің ішіндегі Иона сияқты. 62 00:03:08,543 --> 00:03:12,037 Бір ағаш - ағаш. Бірге екі ағаш тұрса, бұл "тоғай" болады. 63 00:03:12,037 --> 00:03:15,593 Үш ағаш бірге тұрса, біз "орман" жасаймыз. 64 00:03:15,593 --> 00:03:19,665 Ағаштың астына тақтай қойсаңыз, бұл "негіз" болады 65 00:03:19,665 --> 00:03:23,800 Ағаштың басына ауызды қойсаңыз, "ақымақ" шығады. (Күлкі) 66 00:03:23,800 --> 00:03:25,881 Есте сақтауға қиын емес, 67 00:03:25,881 --> 00:03:30,823 сөйлейтін ағаш аздап "ақымақтыққа" жақын. 68 00:03:30,823 --> 00:03:32,865 От есіңізде ме? 69 00:03:32,865 --> 00:03:35,526 Екі от қатар тұрса, бұл өте "ыстық" деген сөз. 70 00:03:35,526 --> 00:03:38,385 Үш от қатар тұрса, бұл "өрт" болғаны. 71 00:03:38,385 --> 00:03:42,986 Екі ағаштың астына от қойсаңыз, бұл - жану. 72 00:03:42,986 --> 00:03:46,078 Біз үшін күн бұл - өркендеуді, гүлденуді білдіреді. 73 00:03:46,078 --> 00:03:48,257 Екі күн қатар тұрса, бұл - өркендеу. 74 00:03:48,257 --> 00:03:50,615 Үш күн - жылтырау, жарқырау. 75 00:03:50,615 --> 00:03:52,636 Күн мен айды бірге қойсаңыз, 76 00:03:52,636 --> 00:03:53,944 бұл - ашықтық, жарықтық. 77 00:03:53,944 --> 00:03:58,169 Сонымен бірге бұл - ертең, күн мен түннен кейін дегенді білдіреді. 78 00:03:58,169 --> 00:04:02,652 Күн көкжиектен көтеріліп келеді. Таңның атуы. 79 00:04:02,652 --> 00:04:05,755 Есік. Есіктің ішіне тақтай қойыңыз, 80 00:04:05,755 --> 00:04:07,812 бұл - есіктің ысырмасы. 81 00:04:07,812 --> 00:04:10,776 Есіктің ішіне ауызды қойсаңыз, сұрақ қою болады. 82 00:04:10,776 --> 00:04:14,107 Тық-тық. Үйде кім бар? 83 00:04:14,107 --> 00:04:16,995 Бұл кісі есіктен ұрланып шығып барады, 84 00:04:16,995 --> 00:04:19,827 құтылу үшін, қашу үшін. 85 00:04:19,827 --> 00:04:21,980 Сол жақта тұрған - әйел. 86 00:04:21,980 --> 00:04:24,142 Екі әйел бірге тұрса, дау болады. 87 00:04:24,142 --> 00:04:26,275 (Күлкі) 88 00:04:26,275 --> 00:04:32,793 Үш әйел бірге тұрса, сақ болыңыз, ерлі-зайыптылардың адалдығын бұзу. 89 00:04:32,793 --> 00:04:36,302 Сонымен біз отызға жуық таңбамен таныстық. 90 00:04:36,302 --> 00:04:39,639 Осы әдісті қолдана отырып алдыңғы сегіз радикалдың 91 00:04:39,639 --> 00:04:41,640 көмегімен 32 таңбаны құрастыра алдық. 92 00:04:41,640 --> 00:04:43,403 Келесі сегіз таңбаның тобы 93 00:04:43,403 --> 00:04:45,595 сіздерге тағы да 32 таңбаны құрастыруға мүмкіндік береді. 94 00:04:45,595 --> 00:04:47,897 Сонымен аз ғана күш салып 95 00:04:47,897 --> 00:04:50,163 сіз жүздеген таңбаны үйрене аласыз, 96 00:04:50,163 --> 00:04:52,715 бұл Қытайдағы сегіз жасар баласының білетініне тең. 97 00:04:52,715 --> 00:04:56,262 Таңбаларды үйреніп алғаннан кейін, біз сөз тіркестерін құрастыра бастаймыз. 98 00:04:56,262 --> 00:04:58,959 Мысалы, тау мен от қосылғанда 99 00:04:58,959 --> 00:05:01,887 біз жанып жатқан тауды аламыз. Яғни, бұл - жанартау. 100 00:05:01,887 --> 00:05:05,207 Біз Жапонияның "Күншығыс елі" екенін білеміз. 101 00:05:05,207 --> 00:05:08,625 Бұл шығатын жақта орналасқан күн, 102 00:05:08,625 --> 00:05:11,752 өйткені Жапония Қытайдың шығысында орналасқан. 103 00:05:11,752 --> 00:05:15,642 Сонымен күн, шығу тегімен бірге Жапонияны құрайды. 104 00:05:15,642 --> 00:05:18,600 Ал Жапонияның артында тұрған адам нені білдіреді деп ойлайсыз? 105 00:05:18,600 --> 00:05:21,702 Бұл - жапондық. 106 00:05:21,702 --> 00:05:24,503 Сол жақта екі тау 107 00:05:24,503 --> 00:05:26,610 бірінің үстінде бірі тұр. 108 00:05:26,610 --> 00:05:29,827 Ежелгі Қытайда бұл - құғынды (аластату) білдіретін, 109 00:05:29,827 --> 00:05:32,265 өйткені қытай императорлары өздерінің саяси жауларын 110 00:05:32,265 --> 00:05:34,636 таудың ар жағына қуғынға жіберген. 111 00:05:34,636 --> 00:05:39,647 Қазіргі кезде "қуғын" сөзі "шығу" мағынасына ауысқан. 112 00:05:39,647 --> 00:05:42,218 Қай жерден шығу керектігін көрсетіп тұрған ауыз 113 00:05:42,218 --> 00:05:44,146 бұл - шығу. 114 00:05:44,146 --> 00:05:47,787 Бұл слайд маған сөзімді тоқтатуым керектігін еске салып тұр. 115 00:05:47,787 --> 00:05:49,670 Рақмет. 116 00:05:49,670 --> 00:05:53,639 (Қол шапалақтау)