0:00:00.754,0:00:02.810 Мен Тайванда өскен 0:00:02.810,0:00:04.422 каллиграфия - көркем жазу шеберінің қызымын. 0:00:04.422,0:00:06.790 Балалық шақтан есте қалған құнды сәт 0:00:06.790,0:00:09.883 анамның маған Қытай әріптерінің әдемілігін, түрін 0:00:09.883,0:00:12.516 және пішінін көрсеткен кез еді. 0:00:12.516,0:00:15.023 Сол кезден бастап мен осы керемет 0:00:15.023,0:00:17.685 ерекше тілге тәнті болдым. 0:00:17.685,0:00:20.420 Бірақ бейтаныс адамға бұл 0:00:20.420,0:00:23.929 құпиясы мол Ұлы Қытай қабырғасы сияқты болып көрінеді. 0:00:23.929,0:00:26.304 Соңғы жылдары мені мына нәрсе қызықтырды, 0:00:26.304,0:00:28.356 егер мен осы қабырғаны құлата алсам, 0:00:28.356,0:00:30.950 онда осы тілді түсінгісі келетін және 0:00:30.950,0:00:34.858 осы қиын тілдің сұлулығын бағалағысы келетін әрбір адам оны істей алады. 0:00:34.858,0:00:39.170 Мен қытай тілін үйренуге пайдасын тигізетін 0:00:39.170,0:00:42.018 жаңа және тез әдіс туралы ойлай бастадым. 0:00:42.018,0:00:46.004 Бес жасымнан бастап мен 0:00:46.004,0:00:49.009 әрбір символдың 0:00:49.009,0:00:51.553 реттілігін сақтай отырып жазылуын үйрене бастадым. 0:00:51.553,0:00:53.610 Күн сайын мен жаңа таңба салуды үйрендім, 0:00:53.610,0:00:56.337 бұл 15 жылға созылған сабақ еді. 0:00:56.337,0:00:58.457 Қазір біздің тек қана бес минутымыз болғандықтан 0:00:58.457,0:01:02.092 бізге үйренудің тез және оңай жолы қажет. 0:01:02.092,0:01:05.617 Қытай ғалымы 20000 символды түсінеді. 0:01:05.617,0:01:10.729 Сауаттылық негізін білу үшін сізге соның 1,000 білу жеткілікті. 0:01:10.729,0:01:14.745 Жиі қолданылатын 200-і сізге 0:01:14.745,0:01:17.641 негізгі әдебиеттің 40 пайызын түсінуге мүмкіндік береді, 0:01:17.641,0:01:20.517 бұл сізге жол белгілерін, мейрамхана мәзірін оқуға жеткілікті, 0:01:20.517,0:01:23.521 веб сайттардағы 0:01:23.521,0:01:25.460 немесе газеттердегі негізгі ойды түсінуге көмектеседі. 0:01:25.460,0:01:27.659 Бүгін мен сіздерге соның сегізін көрсетемін, 0:01:27.659,0:01:29.551 осы арқылы сіздер әдістің қалай жұмыс істейтінін көре аласыздар. 0:01:29.551,0:01:31.472 Сіздер дайынсыздар ма? 0:01:31.472,0:01:34.155 Аузыңызды мүмкіндігінше үлкен етіп ашыңыз, 0:01:34.155,0:01:36.201 квадрат пішініне келгенше. 0:01:36.201,0:01:38.883 Бұл - ауыз. 0:01:38.883,0:01:41.971 Бұл - қыдыруға бара жатқан адам. 0:01:41.971,0:01:45.102 Адам. 0:01:45.102,0:01:47.811 От болу үшін, адам таңбасының 0:01:47.811,0:01:50.081 екі жағына қол сияқты сызықтар салсақ, 0:01:50.081,0:01:52.251 ол қолын сермеп жан ұшыра айқайлаған сияқты 0:01:52.251,0:01:55.804 "Көмектесіңдер! От! Мен жанып жатырмын!" 0:01:55.804,0:01:59.971 Мына таңба шын мәнінде от формасынан шыққан, 0:01:59.971,0:02:03.784 бірақ мен осылай ойлағанды ұнатамын. Сіз үшін де бұл жұмыс істейді. 0:02:03.784,0:02:06.043 Мынау - ағаш. 0:02:06.043,0:02:08.141 Ағаш. 0:02:08.141,0:02:12.566 Мынау - тау. 0:02:12.566,0:02:15.167 Мынау - күн. 0:02:17.458,0:02:22.112 Ай. 0:02:22.112,0:02:24.087 Мынау есіктің таңбасы 0:02:24.087,0:02:29.793 ол Жабайы батыстағы салондардың есігіне ұқсайды. 0:02:29.793,0:02:33.531 Мен бұл сегіз таңбаны радикал деп атаймын. 0:02:33.531,0:02:35.297 Олар құрылыс материалы сияқты 0:02:35.297,0:02:39.427 сізге бұдан да көп символдарды құрауға көмектеседі. 0:02:39.427,0:02:41.165 Адам. 0:02:41.165,0:02:45.433 Егер артында біреу келе жатса, онда бұл - "соңынан жүру". 0:02:45.433,0:02:47.561 Мақалда айтылатындай 0:02:47.561,0:02:51.287 екеу болса серіктес, үшеу болса - тобыр. 0:02:51.287,0:02:54.202 Егер адам қолдарын кең қылып жайса, 0:02:54.202,0:02:58.849 онда бұл адам "Бұл осындай үлкен" деп тұр. 0:02:58.849,0:03:02.697 Ауыздың ішінде тұрған адам, тұзаққа (торға) түскен адам. 0:03:02.697,0:03:08.543 Ол - тұтқын, киттің ішіндегі Иона сияқты. 0:03:08.543,0:03:12.037 Бір ағаш - ағаш. Бірге екі ағаш тұрса, бұл "тоғай" болады. 0:03:12.037,0:03:15.593 Үш ағаш бірге тұрса, біз "орман" жасаймыз. 0:03:15.593,0:03:19.665 Ағаштың астына тақтай қойсаңыз, бұл "негіз" болады 0:03:19.665,0:03:23.800 Ағаштың басына ауызды қойсаңыз, "ақымақ" шығады. (Күлкі) 0:03:23.800,0:03:25.881 Есте сақтауға қиын емес, 0:03:25.881,0:03:30.823 сөйлейтін ағаш аздап "ақымақтыққа" жақын. 0:03:30.823,0:03:32.865 От есіңізде ме? 0:03:32.865,0:03:35.526 Екі от қатар тұрса, бұл өте "ыстық" деген сөз. 0:03:35.526,0:03:38.385 Үш от қатар тұрса, бұл "өрт" болғаны. 0:03:38.385,0:03:42.986 Екі ағаштың астына от қойсаңыз, бұл - жану. 0:03:42.986,0:03:46.078 Біз үшін күн бұл - өркендеуді, гүлденуді білдіреді. 0:03:46.078,0:03:48.257 Екі күн қатар тұрса, бұл - өркендеу. 0:03:48.257,0:03:50.615 Үш күн - жылтырау, жарқырау. 0:03:50.615,0:03:52.636 Күн мен айды бірге қойсаңыз, 0:03:52.636,0:03:53.944 бұл - ашықтық, жарықтық. 0:03:53.944,0:03:58.169 Сонымен бірге бұл - ертең, күн мен түннен кейін дегенді білдіреді. 0:03:58.169,0:04:02.652 Күн көкжиектен көтеріліп келеді. Таңның атуы. 0:04:02.652,0:04:05.755 Есік. Есіктің ішіне тақтай қойыңыз, 0:04:05.755,0:04:07.812 бұл - есіктің ысырмасы. 0:04:07.812,0:04:10.776 Есіктің ішіне ауызды қойсаңыз, сұрақ қою болады. 0:04:10.776,0:04:14.107 Тық-тық. Үйде кім бар? 0:04:14.107,0:04:16.995 Бұл кісі есіктен ұрланып шығып барады, 0:04:16.995,0:04:19.827 құтылу үшін, қашу үшін. 0:04:19.827,0:04:21.980 Сол жақта тұрған - әйел. 0:04:21.980,0:04:24.142 Екі әйел бірге тұрса, дау болады. 0:04:24.142,0:04:26.275 (Күлкі) 0:04:26.275,0:04:32.793 Үш әйел бірге тұрса, сақ болыңыз, ерлі-зайыптылардың адалдығын бұзу. 0:04:32.793,0:04:36.302 Сонымен біз отызға жуық таңбамен таныстық. 0:04:36.302,0:04:39.639 Осы әдісті қолдана отырып алдыңғы сегіз радикалдың 0:04:39.639,0:04:41.640 көмегімен 32 таңбаны құрастыра алдық. 0:04:41.640,0:04:43.403 Келесі сегіз таңбаның тобы 0:04:43.403,0:04:45.595 сіздерге тағы да 32 таңбаны құрастыруға мүмкіндік береді. 0:04:45.595,0:04:47.897 Сонымен аз ғана күш салып 0:04:47.897,0:04:50.163 сіз жүздеген таңбаны үйрене аласыз, 0:04:50.163,0:04:52.715 бұл Қытайдағы сегіз жасар баласының білетініне тең. 0:04:52.715,0:04:56.262 Таңбаларды үйреніп алғаннан кейін, біз сөз тіркестерін құрастыра бастаймыз. 0:04:56.262,0:04:58.959 Мысалы, тау мен от қосылғанда 0:04:58.959,0:05:01.887 біз жанып жатқан тауды аламыз. Яғни, бұл - жанартау. 0:05:01.887,0:05:05.207 Біз Жапонияның "Күншығыс елі" екенін білеміз. 0:05:05.207,0:05:08.625 Бұл шығатын жақта орналасқан күн, 0:05:08.625,0:05:11.752 өйткені Жапония Қытайдың шығысында орналасқан. 0:05:11.752,0:05:15.642 Сонымен күн, шығу тегімен бірге Жапонияны құрайды. 0:05:15.642,0:05:18.600 Ал Жапонияның артында тұрған адам нені білдіреді деп ойлайсыз? 0:05:18.600,0:05:21.702 Бұл - жапондық. 0:05:21.702,0:05:24.503 Сол жақта екі тау 0:05:24.503,0:05:26.610 бірінің үстінде бірі тұр. 0:05:26.610,0:05:29.827 Ежелгі Қытайда бұл - құғынды (аластату) білдіретін, 0:05:29.827,0:05:32.265 өйткені қытай императорлары өздерінің саяси жауларын 0:05:32.265,0:05:34.636 таудың ар жағына қуғынға жіберген. 0:05:34.636,0:05:39.647 Қазіргі кезде "қуғын" сөзі "шығу" мағынасына ауысқан. 0:05:39.647,0:05:42.218 Қай жерден шығу керектігін көрсетіп тұрған ауыз 0:05:42.218,0:05:44.146 бұл - шығу. 0:05:44.146,0:05:47.787 Бұл слайд маған сөзімді тоқтатуым керектігін еске салып тұр. 0:05:47.787,0:05:49.670 Рақмет. 0:05:49.670,0:05:53.639 (Қол шапалақтау)