Сәлем, Твиттерге қош келдің! Қане, Твиттердің негізгі тұстарына өтейік. Твиттердің дәл ортасында тез жаңартылатын мәтіндік хабарламаға ұқсас айтылған твиттер туралы ақпараттардың шағын ұшқындары орналасқан. Алайда, твит жәй мәтін ғана емес, ол сондай-ақ Твиттер желісіндегі бейінге жүктелген суретті, видеоны немесе ғаламтордағы бір вебсайтқа қатысты сілтемені қамтуы мүмкін. Оларды Твиттер желісінде қарауға болады. айтылған твиттердің тобы дегеніміз - сіздің жазған ой-пікірлеріңіз, сілтемелеріңіз, ұсыныстарыңыз немесе жәй көңіл-күйіңіз бен бір нәрседен алған әсеріңіз болуы мүмкін. Бейніңізге қатысты келесі әрекеттерді орындау арқылы ол твиттерді жазуға болады. Твиттерге алғаш жазылып кіргенде, сіздің бейініңіз бос күйде болады, алайда, біз сізге бейініңіздегі ақпаратқа сәйкес, қызығушылығыңызға сай келетін тамаша бейіндерді тауып береміз. жәй ғана ұсынылған категориялар ішінен өзіңізге ұнайтындарын таңдасаңыз болғаны: көңіл көтеру, жаңалықтар, спорт немесе сүйікті хоббиіңізді енгізіңіз. Біз соған сүйене отырып, сіздің талғамыңыздағы бейіндерді ұсынамыз, Follow түймешігін Твиттердегі кез-келген бейінге бассаңыз, сол бейіндегі жазылған твиттерді қарай аласыз. Кез-келген біреудің есіміне немесе суретіне басу арқылы оның иесі жайлы көбірек мағлұмат алуға болады. Сондай-ақ ол әрекет арқылы хабардар болу немесе хабардар болмау таңдауын жасауға болады. Хабардар болу әрекеті біржолата емес, қалаған бейінді қосуға немесе қызығушылық танытпаған бейінді шығаруға шығаруға болады. Сонымен қатар назарыңызға түспеген бейінді желіні шарлау арқылы іздеуге де болады. Твиттерге толық жазылып болған соң әрбір твиттерге жауап жазудың қажеті жоқтығын да біле жүрген жөн. Твиттерді пйдаланудан жағымды әсер алу үшін, оны көбірек тыңдау қажет. Твиттердегі бейініңізді суретпен, өзіңіз жайлы мәліметтермен толтыруды аяқтағаннан кейін, оған кез-келген сәтте қол жеткізу үшін қосымшасын смартфоныңызға көшіріп алыңыз. жолда кетіп бара жатқанда өзіңізді қызықтыратын жаңалықтардан хабардар болған қандай керемет! Сондықтан Твиттерді әрдайм пайдаланыңыз! Жәй ғана Келесі түймешігін бассаңыз болды, қалған шаруаны өзіміз атқарамыз.