Қосу амалының негіздерімен танысайық. Сәлеметсіңдер ме! Сендер не ойлап отырғандарыңды білемін: "Салман, қосу амалы мен үшін қарапайым көрінбейді." Ендеше, кешірім өтінем. Осы видеоның соңына қарай, немесе екі аптадан кейін, бұл сендерге оңай көрінетініне сенімдімін. Ендеше, кейбір есептерден бастайық. Дәстүрлі ең қарапайым мысалды қарастырайық. 1 + 1 (бір қосу бір) Сендер бұны қалай шешетінін білесіңдер деп ойлаймын. Бірақ, мен сендерге шешу жолын көрсетейін, жаттап алмаған болсаңыздар немесе бұны білмесеңіздер. Мысалы, менде бір нәрсе бар дейік мысалы авокадо Менде 1 авокадо бар болса, және сендер маған тағы бір авокадо бердіңдер дейік, Менде неше авокадо бар? Қарайық. Менде 1...2 авокадо бар. Сондықтан, 1 + 1, 2-ге тең. Енді не ойлап отырғандарыңды білемін: "Бұл өте оңай есеп болды." Мен сендерге күрделірек есепті берейін. Маған авокадо ұнайды. Авокадоларды санай берейік: 3 + 4 қанша болады? Ммм. Бұл күрделірек есеп деп ойлаймын. Авокадоларды санаймыз деп едім ғой. Сендер авокадоның не екенін білмасеңіздер, бұл өте дәмді жеміс. Жемістердің ішіндегі ең майлысы. Оны жеп көрген болсаңдар, оны жеміс деп ойламаған боларсыңдар. Ал, менде 3 авокадо бар дейік. 1, 2, 3. Дұрыс па? 1, 2, 3. Ал енді, сендер маған тағы 4 авокадо бердіңдер дейік. Бұл төртеуін сары түске бояйын, бұлар - сендердің маған берген авокадоларың, біліп қойыңдар. 1 2 3 4 Барлығы менде неше авокадо бар? Бұл 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 авокадо. Сондықтан, 3 + 4, 7-ге тең. Ал енді мен сендерді қосу жайлы басқа ойлау тәсілімен таныстырайын. Оның аты - сандар сызығы мен қосуды ойлағанда, соны елестетемін. Сандар сызығында барлық сандарды рет-ретімен тізіп алайық. Мен оны ұзын етіп сызайын мен қолданатын сандардың барлығы сыйып кету үшін. Бірінші сан 0 екенін білесіңдер, 0 дегеніміз еш нәрсе деген сөз. Білмесеңдер, біліп қойыңдар. Одан кейінгі сандар 1 (бір) 2 (екі) 3 (үш) 4 (төрт) 5 (бес) 6 (алты) 7 (жеті) 8 (сегіз) 9 (тоғыз) 10 (он) жалғаса береді 11 (он бір) Ал, 3 + 4 дейік. 3-тен бастайық. Үшім мына жерде болады. Және де сол 3-ке 4-ті қосамыз. Біз сандар сызығымен жоғары (немесе оңға қарай) 4 бірлік жүреміз, 1 ... 2 ... 3 ... 4 деп жылжимыз. Көрдіңдер ме? біз 1, 2, 3, 4 бірлікке өсірдік. Сөйтіп, 7 санына тап болдық. Бұл біздің шешуіміз. Басқа да есептерді шығарайық. Мысалы, Мен сендерден 8 + 1 қанша болды деп сұрайын? Ммм. 8 + 1. Сендер біліп отырған шығарсыңдар. 8 + 1, дәл 8-ден кейінгі тұрған сан ғой. Сандар сызығына қарасаңдар, 8-ден бастайсыңдар. 1-ді қосасыңдар. 8 + 1, 9-ға тең. Бұдан да күрделі есептерді шығарайық. Және де біліп қойыңдар, алғашында бұл қиын көрінсе, дөңгелектерді сала бастасаңдар болады, сандар сызығын сызсаңдар болады. Біраз уақыттан кейін, көбірек жаттықсаңдар, бұның бәрін жатқа білесіңдер, Сонда осы есептерді жарты секундтың ішінде шығаратын боласыңдар. Мен сендерге уәде беремін. Тек қана жаттыға беріңдер. Мысалы, мен сандар сызығын қайта сызайын. Айтпақша, менде сызық сызатын құрал бар. әдемі түзу сызық сызайын. Қараңдар. Қараңдар. Қандай тамаша. Жарайды, көрейік. А. Мынаған қараңдар. Жарайды. Мынау әдемі түзу сызық. Бұны кейін өшіруге дәтім бармайды. Сандарды салайын. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Күрделі есепті шығарайық. Басқа түстерді қолданайын. 5 + 6 Видеоны тоқтатып, өздерің шығарып көріңдер. Шешуін білетін шығарсыңдар. Бұны күрделі есеп деген себебім бұл есептің шешуі сендердің саусақтарыңның санынан көп. Сондықтан саусақпен санай алмайсыңдар. Бұл есепті шығарып көрейік. Үйдегі телефон сыңғырлап тұр. Мән бермейін Сендер маған одан да маңыздасыңдар. Сонымен 5-тен бастайық. 5-тен бастайық. Оған 6-ны қосайық. Сонымен, 1 2 3 4 5 6 Біз 11-міз! Сонымен, 5 + 6, 11-ге тең. Ал енді мынаны сұрайын. 6 + 5 қанша болады? Ммм... Көрейік. Екі санды алмастырып, бірдей жауап алуға бола ма? Көрейік. Басқа түс қолданайын, шатаспас үшін. 6-дан бастайық. Сары түске мән бермей, 6-ға 5-ті қосайық. 1 ... 2 ... 3 ... 4 ... 5. А! Бірдей жерге келдік. Осыны бірнеше есептерде қолданып көрейік. Әрдайым, қорытындысы мынадай болады; сандардың орнын ауыстарғанда "5 + 6"-ның жауабы "6 + 5"-тің жауабымен бірдей болады. Менде 5 авокадо болса, және сендер маған 6 авокадо берсеңдер, менде 11 авокадо болады. Менде 6 авокадо болса, және сендер маған 5 авокадо берсеңдер, менде бәрібір 11 авокадо болады. Тағы да жаттығайық. Бұл сандар сызығы әдемі болғандықтан, тағы да есеп шығарғым келеді. Алайда, оны қолданған сайын, сендерді шатастырып аламын-ау деймін, себебі бәрін соның үстінде жазамын. Көрейік. Енді ақ түсті қолданайын. 8 + 7 қанша болады? Сандар сызығын оқи әлі оқи алмаңдар, 8 мына жерде. Дұрыс па? Оған 7-ні қосамыз. 1 ... 2 ... 3 ... 4 ... 5 ... 6 ... 7. 15-ке жеттік. 8 + 7, 15 болады. Сендерге осындай есептерді қалай шығаратыны түсінікті болды деп үміттенемін. Оған қоса, біраздан кейін көбейтуді де үйренесіңдер. Бірақ осындай есептермен матаметиканы жаңа ғана бастағанада осылармен көп жаттығу керек. Кей деңгейде, оларды жаттай бастауларың керек. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін, осыны естеріңе алғанда, осы видеоны қараған кездегі өздеріңді қалай сезінгендеріңді естеріңе алыңдар. Осы видеоны үш жылдан кейін қарап шығыңдар. Қазір өздеріңді қалай сезінгендеріңді естеріңе алыңдар. Сонда: "Құдай-ау, қандай оңай нәрсе еді!" - дейсіңдер. Сендер тез үйренесіңдер. Түсіндіңдер ғой. Біз берген жаттығулардың кез келген қосу есебіне жауабын білмесеңдер, Hints (Ойға салу) батырманы бассаңдар, ол дөңгелектер сала бастайды, сосын оларды санап шығасыңдар. Немесе өз беттеріңше істегілерің келсе, өздеріңе түсінікті болу үшің, дөңгелектер сала бастаңдар, немесе сандар сызығын, осы видеодағыдай. Сендер енді қосу есептерін шығара аласыңдар деп ойлаймын. Іске сәт тілеймін!