Твиттер Мұнда барлығы жиі өзгеріп тұрады. Ол жерде сіз күлкіңіз келсе, күле аласыз, ашуланып айқайлағыңыз келсе, айқайлай аласыз, қалағаныңызша тәжірибе жинап, оны басқалармен бөлісе аласыз. Саясаткерлермен, атақты тұлғалармен әртістермен, әлемдік көшбасшылармен, достарыңызбен, спортшылармен, ғарышкерлермен, ғалымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтарымен және профессорлармен байланысып, пікір алмаса аласыз. Егер атышулы жаңалық естісеңіз, Твиттерді қарап шығыңыз, әлемдік сән үлгілерінен хабардар болғыңыз келсе, Твиттердегі бейіндерді қараңыз, Әйелдер мейрамы келгенде анаңызға оны қалай жақсы көретіндігіңізді білдіргіңіз келсе, анаңызға Твит айтқышын жіберуге болады... Жо-жоқ! Тоқтаңыз! Сіз не істегелі*** жатырсыз? Анаңызға қоңырау шалыңыз!********** Маған олай қарамаңыз! Интернет сіздің барлық қажеттіліктеріңізді өтеп бере алмайды! Сіз қайта айналып келгенде де ол өз орнында тұрады. Менің шын ниетім, анаңызға қоңырау шалыңыз. Бұл Твиттердің ресми мәлімдемесі болатын. - - -