Amara-ның субтитрге арналған
жаңа қызметі туралы сөйлесейік.
Аудармашыларға арналған
тиімді тұстарын әңгімелейік.
Субтитрді өңдеу жұмысын
бастағанда
шағын терезе пайда болады.
Ол уақыт есептегішпен
басталатынын байқайсыз.
Қазір сол жердегі қосымша
мәліметтерге тоқталамын.
Яғни, субтитрдегі әріптер саны
және секунд сайын көрінетін әріптер.
Ең бірінші
42 cаны туралы сөйлесейік.
Латын әліпбиін қолданатын тілдерде
Субтитіріңіз 42 әріптен асып кетсе,
оны екіге бөлгеніңіз жөн.
Бұл субтитрді оқуды жеңілдетеді
әрі жолақтары сыртқа шығып кетпейді.
Ақпарат терезесінен
субтитр ұзақтығымен қатар
әрбір жолақтағы әріп санын
көресіз.
Жолақтағы әріп саны 42-ден асып кетсе,
субтитрді бөлу керек деген сөз.
Бөлген кезде ойдың анықтығына мән беріңіз.
Бір жолақта 42 символ болып,
екіншісіне бір әріп тасымалдансын
деген сөз емес.
Мүмкіндігінше екі жолақтағы әріп саны
тең болатындай етіп бөліңіз.
Мысал келтірейін,
Субтитр 51 символдан тұрады.
Былай бөлсек, қалай болады:
Біреуінде 14,
ал екіншісінде 36 әріп.
Бірақ екі жолақта теңдей бөлінсе,
көзге оқуға жеңіл болмақ.
Мәселен, бірінде 27
екіншісінде 23.
Субтитрді екіге бөлгенде
сөз тіркестерін бірге
қалдыруға тырысыңыз.
Яғни, бүтін ұғымды білдіретін
сөз тіркестері бөлініп кетпесін.
Мысалы, ағылшын тілінде
артикль зат есіммен тұрады,
сын есім сипаттаушы зат есіммен,
ал предлог қатысы бар
сөзінен ажырамағаны дұрыс.
Қалай бөлу туралы OTPedia-дан
қосымша оқи аласыз.
"Жолды бөлу туралы" тақырыбын қараңыз.
Ақпарат терезесінен тағы не көреміз?
Секунд сайын көрінетін әріп саны
оны біз
оқу жылдамдығы дейміз.
Себебі субтитр ұзақтығы емес
экранда қаншалықты
ұзақ көрінетіндігі
оқуға қанша уақыт
беретініміз маңызды.
Латын әліпбиіндегі тілдер үшін
секундына 15-21 әріп дұрыс.
Бұл сандар қайдан шықты?
Олар неге маңызды?
Оқу жылдамдығы субтитр
қанша уақыт көрінетінін білдіреді.
Мысалы, 40 символы бар субтитр бар делік,
ол екі секунд көрінеді.
Оқырман бір секундта 20 әріп
оқуы керек деген сөз.
Бұл ақылға қонымды.
40 әріп дегеніміз
бұл жағдайда дұрыс.
Бірақ сол субтитр бар болғаны
бір секунд көрінсе,
бір секундта 40 әріп оқуы керек
деген сөз.
Бұл көп адамға қиын.
Сондықтан субтитрді қысқарту керек.
Бір жақсысы, бәрін есептеп отырмайсыз.
Amara-ның ақпарат терезесі
бәрін өзі көрсетіп тұрады.
Қалыпты оқу жылдамдығын сақтау
неге маңызды екенін айтайын.
Мына қысқа клипте TEDxNoviSad-те
Драгана Марианович сөйлейді.
субтитрдің бәрінде жылдамдық
секундына 21 әріптен көп.
Осы жобаны жасағаннан
кейінгі алғашқы жылы,
өмірімдегі архитектураға байланысты
алғашқы жүлде алдым,
төрт сатылы баспалдақтар
бірінің үстіне бірі
әдемі ғимаратта орналасты
Францияның Гренобл қаласында.
Төрт ай бойы үздіксіз атқарған
жұмысым еді.
Көбі Францияда,
жартысы Болгарияда өтті.
Содан соң қайтадан
оқуға түстім.
Бұл жолы Испания мен
Португалиядағы жер архитектурасы еді.
Үйге оралған соң
бітіру жұмысыма кірістім.
Войводинадағы автономиялы өлке
архитектурасы туралы.
Сонымен, Балгарияда не болғаны
кімнің есінде?
Әдемі ғимараттар қай жерде еді?
Әлгі клиптің ағылшынша
субтитрін ықшамдадым.
Татьяна Яевдвик пен Ивана Кором
аударып, өңдеген екен.
Түсінуге жеңіл болу үшін
оқу жылдамдығын ұзарттым.
Мынау сол клиптің
жаңартылған нұсқасы
яғни, оқу жылдамдығы
секундына 21 әріптен аспайды.
Алғашқы жылдан соң,
бірінші жобамыз
Гренобледе төрт сатылы
ғимарат жасау болды.
Содан кейін төрт айлық
жұмыс тәжірибесінен өттім.
Жартылай Францияда,
жартылай Болгарияда.
Сосын Испания мен Португалияда
жер архитектурасын оқыдым.
Үйге оралған соң,
диплом жұмысыма кірістім.
Тақырыбы Вояводинадағы
жер архитектурасы еді.
Түсінуге әлдеқайда жеңіл, ә?
Субтитр оқу жылдамдығы
туралы айтқанда
сонымен қатар
оқырман қосымша ақпарат
алу керектігін ұмытпау керек,
сөйлеушінің қимылы
сөйлеу ырғағы тәрізді.
Кейде экранда суреттер мен
слайдтар да көрсетіледі.
Сондықтан субтитр тез ауысса
ойдан жаңылысып қалады.
Әсіресе, көрермен
шет тілін түсінбесе қиын.
Не болып жатқанын мүлдем
ұқпай қалады.
Осы кезде Amara-ның
ақпарат терезесі
оқу жылдамдығы
21 әріптен асып кетсе, белгі береді.
Бұл оқырманға видеоны
түсінуге жәрдем болмақ.
Оқу жылдамдығын реттеу үшін
кейбір кезде
субтитр уақытын өзгерту керек.
Алайда көп ретте негізгі
құрал ретінде
қысқартуды қолданамыз.
Яғни, мағынаны
қысқа сөздермен жеткізу деген сөз.
Мәселен, барлық әдеби аудармада
"Қазір, осындағы сіздерге келесі бір
мысал келтіріп өтейін" дегенде
70-тей сөз бар. Оны
былай өзгерте аламыз.
"Бір мысал келтірейін".
Яғни, әріп саны біраз қысқарды.
Оқырманға түсінуге де жеңіл.
Асықпай оқып үлгереді.
Субтитрді қысқарту жолын
іздестіру қызық,
жаңа интерфейс те
жақсы көмектеседі.
Қай жерде қысқарту
керектігін көрсетіп отырады.
Қысқартуды қажет етпейтінін де айтады.
Субтитрді қысқарту туралы
әрі өзге де тәсілдерді
OTPedia-ның басқа мақаласынан табасыз.
"Субтитрді қысқарту тәсілдері"
Жаңа интерфейсті тексеріп шығуға
кеңес беремін.
Жаңа көмекші құралдарын да
қарап көрерсіз.
Аудармаңыз сәтті шықсын!