Иә, бұл – Джеймс Райзен. Оны Пулицер сыйлығын иеленген The New York Times журналисті ретінде тануыңыз мүмкін. Бұған дейін Эдуард Сноуденнің атын бәрі білетін. Райзен NSA Америка халқының телефондағы әңгімелерін қалай заңсыз түрде тыңдағандығы жөнінде кітап жазды. Алайда кітаптың ішіндегі бір бөлім кітаптың өзінен қатты әсер етті. Оның ішінде ол америкалық барлау операциясының былықтарын және ЦРУ дың Иранға ядролық қарудың сызбасын бергендігі жөнінде жазады. Сенбесеңіз, кітапты оқып шығыңыз. Бұл – керемет оқиға. Бірақ бұл бөлім кімге ұнамады білесіз бе? АҚШ үкіметіне. Кітап жарық көргеннен соң араға он жыл салып Райзен Америка үкіметінің тергеуіне тап болды. Билік оған кейбір дереккөздерді жоққа шығарып, кей бөлімдеріне қарсы шығуын талап етті. Осы уақытта ол АҚШ үкіметі тарапынан айыптауға ұшыраған журналистерге жасалған жаңа тәжірибенің үлгісі болды. Бірінші түзетуге сәйкес БАҚ-тың қоғам қалаған құпия ақпаратты таратуға құқығы бар. Егер БАҚ қажетті ақпаратты ала алмаса немесе ақпаратқа қолы жеткен батыр журналистерді қорғай алмаса, бұл құқықты қолдану мүмкін емес Биліктен қоңырау түскенде, Райзен де көп жаужүрек журналистер жасаған нәрсені жасады. Түрмеге түссе де, берілмейтінін айтты. 2007-2015 аралығында Райзен федералды түрмеде қауіп-қатер астында болды. Аяқ астынан қызықты оқиға орын алды. Жылдар бойы Райзеннің соңына түскен билік аяқ астынан өз шағымынан бас тартты. Электронды із кесу заманында репортерлер бас сауғалайтын жер өте аз екендігі анықталды. Райзенге куәгерлік жаса деп мәжбүрлеудің орнына билік оның электронды жазбаларын өзіне қарсы қолдана алатын еді. Құпия түрде әрі оның келісімінсіз билік Райзеннің телефон жазбаларын өзіне алады. Олар оның электронды поштасына және табысы мен шоты жайында ақпаратты қолға түсіреді. Сондай ақ оның несие тарихына тіпті әр басқан қадамына дейін бақылауына алады. Райзеннің мақалалары негізінде ЦРУ-дың былығы ашылды. Джефри Стерлингті кінәлі деп табу үшін жиналған деректің бірі еді Өкінішке қарай, бұл көп себептің бірі. Президент Обама информаторларды қорғайтынын жеткізген еді. Бірақ шындығында Әділет Министрлігі тергеуді басқа әкімшіліктермен бірлесіп одан әрі күшейте түсті Көріп отырсыздар бұл проблема болуы мүмкін. Әсіресе үкімет өз әрекетін құпия түрде жүзеге асыруда. Ұлттық қауіпсіздік туралы әрбір мақаланың жарық көруіне информатордың журналистке жолығуы себеп болды. Себебі медиа өзінің жұмысын атқара алмау қаупі жоғары Бірінші түзетуде қорғай алмай отыр себебі үкімет барлық адамды аңди бастады. Дәл солай технология билікке журналистердің құқығын аттап өтуге мүмкіндік берсе баспасөз де технологияны өзінің дереккөзін бұрынғыдан да жақсы қорғау үшін қолдана алады. Оны БАҚ соттың уақытына дейін апармай ертерек жасап қоя алады. Мұндай коммуникациялық бағдарлама бар. Ол Райзен кітап жазып жатқанда жоқ болатын және ол электронды пошта мен телефонға қарағанда қадағалауға төзімді. Мысалы ондай бағдарламаның бірі Secure Drop Информаторлармен байланысатын жалпыға ортақ жүйе. Оны интернеттің соңғы жарық жұлдызы Аарон Шварц ойлап тапқан. Мен қызмет атқаратын коммерциялық емес ұйым Дербес баспа қоры жүзеге асырды. Электронды хат жіберудің орнына жаңалықтар қызметі сайтына кіріп көріңіз. Мысалы "Уашингтон пост" сайты. Сол жерден сіз құжатты жүктеп немесе ақпаратты тарата аласыз. Дәл солай кез келген платформада. Ақпарат шифрланып, серверде сақталып қалады. Онда тек жаңалықтар қызметі ғана қосыла алады. Бұдан былай билік ақпаратты құпия түрде ала алмайды. Оларғы керек ақпарттың басым бөлігі бұғатталып тұрады. SecureDrop, сонымен қатар - XIX ғасырдағы жазу еркіндігін қамтамасыз етудің алғашқы адымы. Өкінішке қарай, әлемдегі билік өкілдері бізге зиян жаңа бақылау технологияларды дамытып отырады. Бізге қалғаны тек техникалық білімі бар информаторлар ғана емес. Әйтпесе Эдуард Сноуденде де қылмыстарды анықтайтын мүмкіндік болды. Бізге ауруханалардың толғандығын хабарлайтын денсаулық сақтау жүйесінің болашақ жанашырларын, Флингтегі судың лайланғандығын айтып шу көтерген қоршаған ортаның болашақ сақшыларын, немесе келесі қаржылық дағдарыстан хабардар ететін Уол Стриттің баспасөзін қорғау өте маңызды. Сайып келгенде бұл құралдың мақсаты тек қылмысты әшкерелейтін батыр адамдарды қорғау ғана емес ол баршамыздың заңды түрде құқығымызды қорғау . Рақмет. (қол шапалақтау)