Мен бар өмірімді
мектепте немесе мектепке бара жатқан жолда,
иә мектепте болған жағдайларды талқылау барысында өткіздім.
Менің ата-анам мұғалім болды,
анамның ата-аналары да мұғалім болды,
мен де соңғы 40 жыл бойы солардың ісін жалғастырып келемін.
Сондықтан осы жылдар бойы
менің білім реформасын жан-жақты қарастыруға
мүмкіндігім болғанын айтпай-ақ қойсам да болады.
Бұл реформалардың кейбіреуі жақсы нәтиже берді.
Кейбіреуі - онша емес.
Біз балалардың мектепті неге тастайтынын білеміз.
Біз балалардың неге оқығысы келмейтінін білеміз.
Оның себебі - кедейлік, сабаққа қатысудың төмен көрсеткіші,
құрбы-құрдастарының жағымсыз әсері.
Бірақ біз ешқашан талқыламайтын бір нәрсе бар
немесе талқыласақ та аз талқылайтын тақырып.
Бұл - адамдар арасындағы байланыстың құндылығы мен маңыздылығы.
Қарым-қатынас.
Джеймс Комердің айтуынша маңызды қарым-қатынастарды түсінбейінше,
басқа ешқандай маңызды нәрсені түйсіне алмайсыз.
Джордж Вашингтон Карвер "таным дегеніміз
қарым-қатынастарды түсіну" деген.
Осы залда отырған әрбір адамға әсер еткен
мұғалім немесе басқа да ересек адамның болғаны сөзсіз.
Жылдар бойы мен адамдардың қалай оқытатынын бақыладым.
Мен ең жақсыларын да, ең нашарларын да көрдім.
Бір күні менің әріптесім былай деді:
"Маған балаларды жақсы көргенім үшін ақша төлемейді.
Мен сабақ өткізгенім үшін ақша аламын.
Балалар оқулары керек.
Мен оларды оқытамын. Олар үйренулері тиіс. Бары осы."
Мен оған былай жауап бердім:
"Балалар өзіне ұнамаған адамнан ешқашан үйренбейді"
(Күлкі) (Қол шапалақтау)
Ол маған "Не деген бос сөз!" - деді.
Ал мен оған: "Сенің жұмыс істейтін жылдарың шексіз
және адам сенбейтіндей ауыр болады, қалқам," - дедім.
Дәл солай болып шықты. Кейбір адамдардың ойынша
сіздің қарым-қатынас құра алатын қабілетіңіз не бар,
не жоқ.
Менің ойымша Стивен Кови дұрыс айтады.
Оның ойынша бірнеше қарапайым түкке тұрмайтын нәрселерді үйреніп алу керек.
Мысалы, сені түсінсін десең,
алдымен өзің түсінуге тырыс.
Немесе кешірім сияқты қарапайым нәрсе.
Сіз осы туралы ойланып көрдіңіз бе?
Баладан кешірім сұраңыз, ол сасып есеңгіреп қалады.
Бір күні мен пропорция туралы сабақ өткіздім.
Мен математиканы жақсы білмейтінмін, бірақ мен бұл бағытта жұмыс істедім.
Сабақтан кейін әдістемелік құралға көз салғанда
сабақта басқа нәрселерді үйреткенімді түсіндім. (Күлкі)
Келесі күні мен сыныпқа келіп, былай дедім:
"Балалар, тыңдаңдаршы мені. Мен кешірім сұраймын.
Сабақта басқа нәрсені айтыппын. Өкініп тұрмын."
Олар маған "Оқасы жоқ, Мисс Пирсон.
Сіз сондай қатты беріліп түсіндіріп жаттыңыз, біз сізді тоқтатпайық" деп ойладық.
(Күлкі) (Шапалақтау)
Мен тақырыптан қалып қойған,
білімі төмен балалармен жұмыс істегенде жылайтынмын.
Мен бұл топты қазіргі тұрған жерінен,
тоғыз ай ішінде
олар жетуге тиіс нәтижеге дейін қалай апаратынымды көз алдыма елестетуге тырысатынмын
Бұл қиын іс еді. Өте қиын.
Қалай оқушылардың өзін бағалауы мен
білім нәтижелерін бір сәтте көтеруге болады?
Бір жылы маған керемет бір ой келді.
Мен оны оқушыларыма айтып бердім
"Менің сыныбыма түскендіктен, сендер таңдаулысыңдар,
өйткені мен ең жақсы мұғаліммін,
ал сендер ең жақсы оқушыларсыңдар,
тағдыр бізді бір жерге жинағандықтан
біз барлығына кім екенімізді көрсетуіміз керек."
Оқушыларымның біреуі "Шын ба?" деп сұрады.
(Күлкі)
"Шын айтып тұрмын. Біз басқа сыныптарға
өзіміздің кім екенімізді көрсетуіміз керек. Біз төменге түскен кезде,
барлығы бізді байқайды, сондықтан сендерге шулауға болмайды.
Сендер абыроймен өтулерің керек."
Мен оларға мынадй сөздерді дайындап бердім. "Мен тұлғамын.
Мен осында келгенде тұлға болатынмын.
Мен мектепті бітіргенде бұдан да жақсы боламын.
Мен қуаттымын, мен күштімін.
Мен осында алып жатқан білімге лайықпын.
Мен көп нәрсені істеуім керек, мен көп адамға әсер етуім керек,
мен көп жерді көруім керек.
Олар маған "Иә!" деп жауап берді.
Егер осыны жиі қайталап тұрсаңыз,
бұл сіздің бір бөлігіңізге айналады.
және — (Шапалақтау)
Мен оларға 20 сұрақтан тұратын бақылау жұмысын дайындадым.
Оқушым оның 18-іне дұрыс жауап бермеді.
Мен оған "+2" қойдым және күліп тұрған адамның жүзін салдым.
Ол маған "Мисс Пирсон, бұл нашар баға ма?" деп сұрады.
"Иә" деп жауап бердім.
"Онда неге күліп тұрған адамның жүзін салдыңыз?" деді ол.
"Өйткені сен жолы болғыш адамсың.
Сен екі сұраққа дұрыс жауап бердің. Біреуіне де жауап бере алмай қалған жоқсың."
"Екеуіміз қатемен жұмыс жасап болғаннан кейін,
сен бұдан да жақсы нәтиже көрсетесің ғой?" дедім.
"Иә. Көрсетемін." деп жауап берді ол.
Көріп тұрғаныңыздай "-18" сізді жақсыға деген үмітіңізден айырады.
Ал "+2" болса, бәрі сондай жаман емес екен.
(Күлкі) (Шапалақтау)
Жылдар бойы мен анамның
бос уақытында оқушылардың үй жұмысын тексеріп отыратынын,
түскі үзіліс кезінде олардың ата-аналарына баратынын,
шаш тарайтын тарақ, арахис майын және крекер сатып алып
оларды жәшіктің тартпасына тығып қойып, кейін аш жүрген балаларға беретінін,
оған қоса жаман иіс шығатын баларға жөке мен сабынды қоса беретінін көретінмін.
Жаман иіс шығатын баланы бір нәрсеге үйрету өте қиын.
Ал балалар қатал, мейірімсіз бола алады.
Анам бұл заттарды үстелінің тартпасына тығатын.
Кейін біраз жылдар өтсе де, ол зейнетке шыққан кезде де
оған бұрынғы оқушылары келіп тұратынын көретінмін.
Олар "Мисс Уолкер,
сіз менің өмірімді өзгерттіңіз.
Бәрі жүзеге асты.
Сіз өзімді тұлға ретінде сезінуге мәжбүрледіңіз,
мен өзім ондай болмасам да.
Енді сіз менің кім болғанымды көріңіз.
Менің анам 92 жасында қайтыс болғанда
жерлеу рәсіміне оның көптеген оқушылары келді.
Осыны көріп мен жыладым, анам қайтыс болғандықтан емес,
ол артында қарым-қатынас деген мұра қалдырды,
ол ешқашан жоғалып кетпейді.
Біз қарым-қатынасты дамыту үшін шыдамдырақ бола аламыз ба? Әрине.
Сіздің оқушыларыңыз сізге ылғи ұнайтын бола ма? Әрине, жоқ.
Сонымен бірге ең қиын оқушылар ешқашан сабақтан қалмайды.
(Күлкі)
Ешқашан. Олардың барлығын ұнатпауыңыз мүмкін,
бірақ ең қиындары белгілі бір себептерге байланысты пайда болады.
Бұл - байланыс. Бұл - қарымқатынас.
Олардың кейбіреуі сіздерге ұнамағанына қарамастан,
олар бұл туралы ешқашан білмейтін болады.
Мұғалімдер - ұлы әртістер.
Біз жұмысқа келгіміз келмеген кезде де келеміз.
Біз ешкімге керек емес кейбір ережелерді ұстанамыз.
Біз ешнәрсеге қарамай білім береміз.
Біз білім береміз, өйткені бұл біздің борышымыз.
Оқыту мен үйрету қуаныш әкелуі керек.
Біздің әлем,
егер балаларымыз тәуекел етуден қорықпаса,
ойлаудан қорықпаса,
мықты тірегі болса, сөзсіз керемет болар еді.
Әрбір баланың тірегі болуы керек,
оны ешқашан тастап кетпейтін ересек адам,
қарым-қатынас күшін түсінетін адам
және оған қандай да жолмен болса да жақсырақ болу жолын көрсететін адам.
Бұл қиын ба? Сөз жоқ. О, тәңірім, сөз жоқ.
Бірақ бұл - мүмкін.
Біздің қолымыздан келеді. Біз - ұстазбыз.
Біз бұл әлемді жақсы жаққа қарай өзгерту үшін жаралғанбыз.
Көп рақмет.
(Шапалақтау)