WEBVTT 00:00:00.709 --> 00:00:03.989 Технология, өнер және ғылымды 00:00:03.989 --> 00:00:06.636 байланыстыратын не? 00:00:06.636 --> 00:00:08.733 Әуестік пен қызығушылық, 00:00:08.733 --> 00:00:11.646 өйткені бұл бізді зерттеуге жетелейді, 00:00:11.646 --> 00:00:15.110 өйткені бізді көзге көрінбейтін нәрселер қоршап жатыр. 00:00:15.110 --> 00:00:16.724 Фильм түсіруді жақсы көремін, 00:00:16.724 --> 00:00:19.130 уақыт пен кеңістік порталынан өтіп, 00:00:19.130 --> 00:00:20.940 саяхат жасау үшін, 00:00:20.940 --> 00:00:23.314 көрінбейтінді көрсету үшін. 00:00:23.314 --> 00:00:24.964 Бұл фильмдер 00:00:24.964 --> 00:00:26.887 мүмкіндігімізді арттырып, 00:00:26.887 --> 00:00:29.348 түйсігімізді түрлендіреді, 00:00:29.348 --> 00:00:31.678 ой-өрісімізді кеңейтіп, 00:00:31.678 --> 00:00:33.642 жүрегімізге жетеді. 00:00:33.642 --> 00:00:35.591 Мінеки, "Көрінбейтін әлемнің құпиялары" 00:00:35.591 --> 00:00:37.170 деп аталатын менің 3D IMAX 00:00:37.170 --> 00:00:39.679 фильмімнен алынған кейбір көріністер, NOTE Paragraph 00:00:39.679 --> 00:00:41.641 (Музыка) NOTE Paragraph 00:00:42.101 --> 00:00:43.777 Байқауға шамамыз жете бермейтін 00:00:43.777 --> 00:00:46.192 өте баяу қимыл-қозғалыстар бар, 00:00:46.192 --> 00:00:49.082 жылдамдатылған кадрлық уақыт өмір туралы көзқарасымызды 00:00:49.082 --> 00:00:51.560 айқындап, кеңейтуге мүмкіндік береді. 00:00:51.560 --> 00:00:55.270 Біз организмдердің қалай пайда болып, дамитынын, 00:00:55.270 --> 00:00:59.615 жүзім сабағының күн шуағына жету үшін орман ағашына өрмелеу арқылы 00:00:59.615 --> 00:01:02.534 өмірге талпынысын көре аламыз. 00:01:03.943 --> 00:01:05.803 Үлкен масштабта 00:01:05.803 --> 00:01:10.736 жылдамдатылған кадрлық уақыт қозғалыстағы планетамызды көруге мүмкіндік береді. 00:01:10.736 --> 00:01:13.510 Табиғаттың ұланғайыр аумағын көріп қана қоймай, 00:01:13.510 --> 00:01:17.198 адамзаттың дамылсыз қозғалыстарын да тамашалай аламыз. 00:01:17.198 --> 00:01:20.650 Әрбір ұшып бара жатқан нүкте жолаушылар ұшағын білдіреді. 00:01:20.650 --> 00:01:22.390 Егер әуе тасымалы деректерін алып, 00:01:22.390 --> 00:01:23.992 кадрды жылдамдатсақ, 00:01:23.992 --> 00:01:26.560 төбемізде тұрақты бірнәрсе бар екеніне көз жеткіземіз, 00:01:26.560 --> 00:01:28.111 бірақ көрінбейді: 00:01:28.111 --> 00:01:33.655 АҚШ төбесіндегі шексіз әуежолдар желісі. 00:01:33.655 --> 00:01:36.826 Осыны теңіздегі кемелерге де жасай аламыз. 00:01:36.826 --> 00:01:39.708 Біз қозғалыстағы ғаламдық экономика көрінісін 00:01:39.708 --> 00:01:44.261 уақытты жылдамдату арқылы бейнелей аламыз. 00:01:49.549 --> 00:01:51.123 Он жылда жиналған деректер 00:01:51.123 --> 00:01:53.524 бізге бүкіл планетамызды бір организм ретінде 00:01:53.524 --> 00:01:55.245 келесі көріністерді көрсетеді: 00:01:55.245 --> 00:01:58.425 барлық мұхиттарды шарлап өтетін ағыстар мен 00:01:58.425 --> 00:02:02.580 атмосфераны айналып жатқан бұлттар арқылы үздіксіз жалғасып жатқан, 00:02:02.580 --> 00:02:04.849 жарқылдаған найзағайлар мен 00:02:04.849 --> 00:02:07.800 солтүстік шұғыладан тәж кигендей. 00:02:07.800 --> 00:02:11.830 Бұл жердің жылдамдатылған түпкі көрінісі: 00:02:11.830 --> 00:02:15.862 Жердің жанданған анатомиясы. NOTE Paragraph 00:02:19.441 --> 00:02:21.133 Сонымен қатар 00:02:21.133 --> 00:02:24.702 көзіміз байқап үлгермейтін өте жылдам нәрселер бар, 00:02:24.702 --> 00:02:26.560 бұндай әлемді де көруге 00:02:26.560 --> 00:02:29.703 мүмкіндік беретін технологиямыз бар. 00:02:31.573 --> 00:02:33.003 Жоғары жылдамдықты камерамен 00:02:33.003 --> 00:02:34.819 кадрлар жылдамдығын баяулата аламыз . 00:02:34.819 --> 00:02:36.995 Бейнелерді көзімізден мың есе жоғары 00:02:36.995 --> 00:02:40.801 жылдамдықпен түсіре аламыз. 00:02:40.801 --> 00:02:44.985 Табиғаттың данышпан механизмдерінің қалай жұмыс істейтінін көре аламыз, 00:02:44.985 --> 00:02:48.215 бәлкім тіпті олардың көшірмесін де жасай алармыз. 00:02:50.275 --> 00:02:52.665 Жаныңыздан инелік ұшып бара жатқан кезде 00:02:52.665 --> 00:02:54.462 оның табиғаттағы 00:02:54.462 --> 00:02:57.120 ең асқан шебер ұшқыш екенін білмейтін шығарсыз. 00:02:57.120 --> 00:03:01.151 Ол бір орында қалықтап, артқа қарап, 00:03:01.151 --> 00:03:04.476 тіпті төңкеріліп те ұша алады. 00:03:04.476 --> 00:03:07.577 Қанаттарының салған ізіне қарап, 00:03:07.577 --> 00:03:11.042 жасалған ауа қозғалысын көре аламыз. 00:03:11.042 --> 00:03:12.594 Ешкім бұл құпияны білген жоқ. 00:03:12.594 --> 00:03:15.143 Бірақ жоғары жылдамдық инеліктің бір уақытта 00:03:15.143 --> 00:03:17.370 барлық қанаттарын әр түрлі бағытта 00:03:17.370 --> 00:03:19.680 қозғалтатынын көрсетеді. 00:03:19.680 --> 00:03:21.258 Бұл білім бізді 00:03:21.258 --> 00:03:23.292 маңызды, әрі алыс жерлерді 00:03:23.292 --> 00:03:25.110 зерттеу мүмкіндігімізді арттыратын 00:03:25.110 --> 00:03:30.924 жаңа ұшқыш роботтар түріне алып келеді. NOTE Paragraph 00:03:32.138 --> 00:03:34.296 Біз - алыппыз және көзімізге көрінбейтін 00:03:34.296 --> 00:03:36.746 кіп-кішкентай нәрселердің барын білмейміз. 00:03:36.746 --> 00:03:39.722 Электронды микроскоп заттарды 00:03:39.722 --> 00:03:41.369 миллион есе үлкейте отырып, 00:03:41.369 --> 00:03:43.050 суретке түсіретін 00:03:43.050 --> 00:03:45.496 электрондарды атқылайды. 00:03:45.496 --> 00:03:49.210 Мынау — көбелектің жұмыртқасы. 00:03:49.210 --> 00:03:52.544 Денемізде өмір сүретін көзге көрінбейтін жаратылыстар. 00:03:52.544 --> 00:03:54.239 Соның ішіне кенелер кіреді. 00:03:54.239 --> 00:03:57.290 Бүкіл өмірін кірпігіңізде өткізіп, 00:03:57.290 --> 00:04:00.722 түнде теріңізде өрмелеп жүреді. 00:04:00.722 --> 00:04:03.750 Мынаның не екенін аңғара аласыз ба? 00:04:03.750 --> 00:04:06.224 Акула терісі. 00:04:07.960 --> 00:04:10.864 Жұлдызқұрт тұмсығы. 00:04:12.170 --> 00:04:15.367 Шыбын көзі. 00:04:17.283 --> 00:04:20.247 Жұмыртқа қабығы. 00:04:22.070 --> 00:04:24.775 Бүрге. 00:04:27.293 --> 00:04:31.207 Ұлу тілі. 00:04:31.995 --> 00:04:34.473 Біз жануарлар әлемінің басым бөлігін білеміз деп ойлаймыз. 00:04:34.473 --> 00:04:36.885 бірақ ашылуын күтіп тұрған миллиондаған 00:04:36.885 --> 00:04:40.503 кіп-кішкентай организмдер болуы мүмкін. NOTE Paragraph 00:04:43.151 --> 00:04:45.779 Өрмекшінің де ұлы құпиялары бар. 00:04:45.779 --> 00:04:47.931 Өйткені оның өрмегі 00:04:47.931 --> 00:04:49.683 болаттан да мықты, 00:04:49.683 --> 00:04:51.744 оның үстіне бүтіндей созылғыш келеді. 00:04:51.744 --> 00:04:53.855 Бұл саяхат бізді нано әлеміне 00:04:53.855 --> 00:04:55.987 алып келеді. 00:04:55.987 --> 00:04:58.771 Өрмекшінің өрмегі адам шашынан 00:04:58.771 --> 00:05:02.293 жүз есе жұқа. 00:05:02.293 --> 00:05:05.020 Өрмектің үстінде бактерия бар, 00:05:05.020 --> 00:05:08.221 ал оның жанында одан 10 есе кіші 00:05:08.221 --> 00:05:11.145 вирус бар. 00:05:11.145 --> 00:05:14.647 Вирустың іщінде одан 10 есе кіші 00:05:14.647 --> 00:05:17.507 ДНҚ-ның үш жолағы бар. 00:05:17.507 --> 00:05:20.897 Ең қуатты микроскоптарымыздың көре алатын мүмкіндігінің шегіне жақындай, 00:05:20.897 --> 00:05:25.859 жалғыз көміртек атомын көреміз. NOTE Paragraph 00:05:25.859 --> 00:05:27.935 Қуатты микроскоптың көмегімен 00:05:27.935 --> 00:05:29.939 атомдарды жылжытып, 00:05:29.939 --> 00:05:35.827 таңғажайып нано құрылғыларын жасауды бастай аламыз. 00:05:35.827 --> 00:05:37.819 Олардың кейбірі денемізді 00:05:37.819 --> 00:05:40.050 барлық дерттің түрлерінен күзетіп, 00:05:40.050 --> 00:05:44.100 бітелген артерияларды тазалай алады. 00:05:44.100 --> 00:05:46.952 Бәлкім болашақтың кішкентай химиялық машиналары 00:05:46.952 --> 00:05:50.943 бір күні ДНҚ-ны жөндей алатын шығар. 00:05:50.943 --> 00:05:54.151 Біз өмірдің жұмбақтарын ашу талпынысымыздан туған 00:05:54.151 --> 00:05:55.901 ерекше жетістіктердің 00:05:55.901 --> 00:05:59.558 босағасында тұрмыз. NOTE Paragraph 00:06:00.618 --> 00:06:03.562 Сансыз ғарыштық шаң-тозаңдар ағыны әсерінен 00:06:03.562 --> 00:06:06.109 ауа кеңістігі тозаңдарға, микробриллианттарға, 00:06:06.109 --> 00:06:08.843 өзге планетадан келген және супернова жұлдыздарының 00:06:08.843 --> 00:06:11.478 жарылыстарынан туған асылтастарға толуда. 00:06:11.478 --> 00:06:13.487 Адамдар көрінбейтін жаратылыстардың 00:06:13.487 --> 00:06:18.191 арасында өмір сүріп жатыр. 00:06:18.191 --> 00:06:20.384 Айналамызды көзіміз көре алатын көп нәрсенің 00:06:20.384 --> 00:06:21.760 барын біле отырып, 00:06:21.760 --> 00:06:24.816 олар әлемді түсіну көзқарасымызды мәңгіге өзгертеді. 00:06:24.816 --> 00:06:27.115 Көзге көрінбейтін дүниеге қарай отырып, 00:06:27.115 --> 00:06:29.264 тірі ғаламда бар екенімізді мойындаймыз, 00:06:29.264 --> 00:06:32.312 бұндай жаңа көзғарас бізді әуестендіріп, 00:06:32.312 --> 00:06:34.915 өз ауламызда зерттеуші болуға 00:06:34.915 --> 00:06:38.235 шабыттандырады. NOTE Paragraph 00:06:38.235 --> 00:06:40.796 Кім біледі, көрінуге талпынып тұрған нелер бар, 00:06:40.796 --> 00:06:44.554 әрі өмірімізді түрлендірер қандай жаңа кереметтер бар? NOTE Paragraph 00:06:44.554 --> 00:06:50.048 Тірі болсақ, көре жатармыз. 00:06:50.048 --> 00:06:54.952 (Қол шапалақ) 00:06:54.952 --> 00:07:02.140 Рахмет. (Қол шапалақ)