0:00:00.000,0:00:02.000 Бірер апта бұрын 0:00:02.000,0:00:05.000 менің Сауд Арабиясына барып қайтуға мүмкіндігім болды. 0:00:05.000,0:00:08.000 Мен мұсылман болғандықтан, ең бірінші 0:00:08.000,0:00:10.000 Меккеге барып, Қағбаны көргім келді. 0:00:10.000,0:00:12.000 ол - барша мұсылман қауымының қасиетті орны. 0:00:12.000,0:00:14.000 Мен солай жасадым. Қажылық салтына сәйкес киініп, 0:00:14.000,0:00:16.000 қасиетті мешітке бардым; 0:00:16.000,0:00:18.000 намазымды оқыдым; 0:00:18.000,0:00:20.000 барлық міндеттерді орындадым. 0:00:20.000,0:00:22.000 Сол уақыт ішінде 0:00:22.000,0:00:24.000 барлық рухани істерден басқа, 0:00:24.000,0:00:26.000 адамзатқа тән бір жағдайға 0:00:26.000,0:00:28.000 назар аудардым. 0:00:28.000,0:00:30.000 Қағбада адамдар жынысына байланысты бөлінген жоқ. 0:00:30.000,0:00:32.000 Басқаша айтқанда, әйелдер мен ерлер 0:00:32.000,0:00:34.000 бірге зиярат етті. 0:00:34.000,0:00:36.000 Тауап еткенде бірге жүрді, 0:00:36.000,0:00:39.000 яғни Қағбаны бірге айналды. 0:00:39.000,0:00:41.000 Бірге намаз оқыды. 0:00:41.000,0:00:44.000 Егер сіз неге мен бұл жағдайға қызығушылық таныттым десеңіз, 0:00:44.000,0:00:47.000 сізге Сауд Арабиясының басқа жерлерін көру керек, 0:00:47.000,0:00:49.000 себебі бұл ел 0:00:49.000,0:00:52.000 адамдарды жыныстарына қарай қатты бөледі. 0:00:52.000,0:00:54.000 Басқаша айтқанда, 0:00:54.000,0:00:56.000 еркек болсаңыз, әйелдер тұрған 0:00:56.000,0:00:58.000 физикалық ортада тұра алмайсыз. 0:00:58.000,0:01:00.000 Мен бұны өте қызық жолмен байқадым. 0:01:00.000,0:01:02.000 Қағбадан шығып, 0:01:02.000,0:01:04.000 тамақ жеу үшін қаланың орталығына бардым. 0:01:04.000,0:01:06.000 Ең жақын Бургер Кинг ресторанына бет алдым. 0:01:06.000,0:01:08.000 Сол жерге барғанда 0:01:08.000,0:01:10.000 мен ерлерге арналған секцияның 0:01:10.000,0:01:13.000 әйелдер секциясынан жете бөлініп тұрғанын байқадым. 0:01:13.000,0:01:16.000 Мен ерлер секциясында тапсырыс беріп, ақысын төлеп, жеуге міндетті едім. 0:01:16.000,0:01:18.000 "Қандай қызық",-деп, таңдандым. 0:01:18.000,0:01:21.000 "Қасиетті Қағбада қарсы жынысты адамдармен тұра аласың, 0:01:21.000,0:01:23.000 бірақ Бургер Кингта тұра алмайсың". 0:01:23.000,0:01:25.000 Тіпті жөнсіз. 0:01:25.000,0:01:28.000 Менің ойымша, айтудың өзі оғаш. 0:01:28.000,0:01:31.000 Себебі Қағба және оның айналасындағы рәсімдер 0:01:31.000,0:01:34.000 Исламның ертеден келе жатқан жәдігерлері, 0:01:34.000,0:01:36.000 Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) кезінен. 0:01:36.000,0:01:38.000 Егер сол кезде 0:01:38.000,0:01:40.000 ерлерді әйелдерден бөлуге себеп болған болса, 0:01:40.000,0:01:43.000 Қағбаны айналу рәсімдері соған сәйкес жасалатын еді. 0:01:43.000,0:01:45.000 Бірақ сол кезде адамдарды бөлу маңызды емес болды. 0:01:45.000,0:01:47.000 Және қажылық салттары соған сәйкес жасалды. 0:01:47.000,0:01:49.000 Менің ойымша, 0:01:49.000,0:01:51.000 әйелдерді шеттету 0:01:51.000,0:01:53.000 қоғамды бөлу үшін жасалғаны анық, 0:01:53.000,0:01:56.000 Құранда қоғамды бөлу туралы айтылмағаны хақ, 0:01:56.000,0:01:58.000 Құран - Ислам дінінің негізі, 0:01:58.000,0:02:00.000 Алла Тағаладан келген кітап, 0:02:00.000,0:02:03.000 барша мұсылман, мені қосқанда оған сенеді. 0:02:03.000,0:02:05.000 Және менің ойымша ол кездейсоқтық емес, 0:02:05.000,0:02:07.000 Ислам дінінің негізінде қоғамды бөлу жайында 0:02:07.000,0:02:09.000 ешнәрсе таппауыңыз жайдан жай емес. 0:02:09.000,0:02:11.000 Себебі көптеген ғалымдар 0:02:11.000,0:02:13.000 Ислам тарихын зерттеген 0:02:13.000,0:02:15.000 Мұсылман немесе Батыс ғалымдарының 0:02:15.000,0:02:17.000 пікірінше, негізінен 0:02:17.000,0:02:19.000 әйелдер мен ерлерді физикалық бөлу 0:02:19.000,0:02:22.000 Исламда кейін дамыған. 0:02:22.000,0:02:24.000 Мұсылмандар Таяу Шығыстың 0:02:24.000,0:02:27.000 кейбір көне мәдениетін және әдет ғұрпын дінге енгізген. 0:02:27.000,0:02:29.000 Іс жүзінде, әйелдерді шеттету 0:02:29.000,0:02:31.000 Византиялық және парсылық тәжірибе болды, 0:02:31.000,0:02:34.000 және мұсылмандар оны қабылдап, 0:02:34.000,0:02:36.000 дінінің бір бөлшегі етіп алды. 0:02:36.000,0:02:38.000 Бұл мысал шындығында 0:02:38.000,0:02:40.000 көптеген көріністердің біреуі ғана. 0:02:40.000,0:02:43.000 Бүгінгі таңда Ислам заңдары, шындығында Ислам мәдениеттері 0:02:43.000,0:02:45.000 және ондай мәдениеттер өте көп; 0:02:45.000,0:02:47.000 Сауд Арабиясында олар 0:02:47.000,0:02:50.000 мен келген Стамбұлдан немесе Түркиядан өзгеше. 0:02:50.000,0:02:52.000 Әйтсе де 0:02:52.000,0:02:54.000 Ислам мәдениеті жайында айтатын болсаңыз, 0:02:54.000,0:02:56.000 оның негізі бар, құдайдан хабарлама, 0:02:56.000,0:02:58.000 яғни діннің басы, 0:02:58.000,0:03:00.000 бірақ кейін дінге көптеген салт-дәстүрлер, көзқарастар, 0:03:00.000,0:03:03.000 тәжірибелер қосылған. 0:03:03.000,0:03:06.000 Бұл дәстүрлер Таяу Шығыс - ортағасыр дәстүрлері. 0:03:07.000,0:03:10.000 Және осы ақиқаттан екі маңызды хабарлама, 0:03:10.000,0:03:13.000 немесе сабақ алуға болады. 0:03:13.000,0:03:15.000 Біріншіден, діншіл, 0:03:15.000,0:03:18.000 кертартпа, діндар мұсылмандар, дініне адал жандар 0:03:18.000,0:03:21.000 өздерінің мәдениетіндегі кез-келген нәрсеге жармаспауы қажет, 0:03:21.000,0:03:23.000 ойлануы қажет. 0:03:23.000,0:03:25.000 Дәстүрлерінің бірі дінге қайшы болуы мүмкін 0:03:25.000,0:03:27.000 және өзгертілулері керек шығар. 0:03:27.000,0:03:29.000 Екінші жағынан, батыстықтар 0:03:29.000,0:03:31.000 Ислам мәдениетіне қарап, 0:03:31.000,0:03:33.000 кейбір шындыққа жанаспайтын Исламның қырларын көріп, 0:03:33.000,0:03:36.000 Ислам деген осы екен - деген қорытынды жасамауы керек. 0:03:36.000,0:03:38.000 Ол Таяу Шығыс мәдениеті болуы мүмкін, 0:03:38.000,0:03:40.000 кейін Исламмен астасқан. 0:03:40.000,0:03:43.000 Әйелді сүннеттеу деген рәсім бар. 0:03:43.000,0:03:46.000 Ол өте желкенішті, қорқынышты рәсім. 0:03:46.000,0:03:48.000 Бұл операция негізінен 0:03:48.000,0:03:51.000 әйелдерді сексуалдық рақатынан айыратын операция. 0:03:51.000,0:03:53.000 Батыстықтар, Еуропалықтар немесе Американдықтар, 0:03:53.000,0:03:56.000 бұл рәсімді бұрын-соңды 0:03:56.000,0:03:58.000 көрмеген адамдар, 0:03:58.000,0:04:00.000 кейбір Солтүстік Африкадан көшкен 0:04:00.000,0:04:02.000 мұсылман қауымынан көргенде, 0:04:02.000,0:04:05.000 "Осындай нәрселерді бұйырған, 0:04:05.000,0:04:07.000 Бұл қандай қорқынышты дін",-деген қорытынды жасайды. 0:04:07.000,0:04:09.000 Бірақ негізінде бұл әйелдерді сүннеттеу рәсімі 0:04:09.000,0:04:11.000 Исламмен қатысы жоқ. 0:04:11.000,0:04:13.000 Бұл Солтүстік Африка әдет-ғұрпы, 0:04:13.000,0:04:15.000 Исламның соңына ерген. 0:04:15.000,0:04:17.000 Осыдан мың жылдар бұрын жасалған. 0:04:17.000,0:04:20.000 Кейбір мұсылмандар осы күні де сол рәсімді жасап келеді. 0:04:20.000,0:04:23.000 Солтүстік Африка мұсылмандары, басқа жерде жасалмайды. 0:04:23.000,0:04:26.000 Сонымен қатар, Солтүстік Африканың мұсылман емес қауымдары да -- 0:04:26.000,0:04:28.000 анимисттер, тіпті кейбір христиандар 0:04:28.000,0:04:30.000 мен яһуди тайпалары 0:04:30.000,0:04:33.000 әйелдерін сүннеттеу рәсімімен танымал. 0:04:33.000,0:04:36.000 Айналып келгенде, кейбір Ислам дініне қайшы 0:04:36.000,0:04:38.000 рәсімдер мәселе болып көрінудің орнына 0:04:38.000,0:04:40.000 дінмен астасып, салтқа 0:04:40.000,0:04:42.000 әдетке айналған. 0:04:42.000,0:04:44.000 Дәл осындай жат салтқа абыройынан айырылған қызды (зина жасаған әйелді) өлтіру рәсімі жатады. 0:04:44.000,0:04:47.000 Батыстық бұқаралық ақпарттың ағымдағы тақырыбына 0:04:47.000,0:04:50.000 айналған бұл рәсім жан түршігерлік. 0:04:50.000,0:04:53.000 Және біз осы дәстүрдің кейбір мұсылман қауымдарында сақталғанын көріп отырмыз. 0:04:53.000,0:04:56.000 Бірақ Таяу Шығыстың мұсылман емес қауымдары арасында 0:04:56.000,0:04:58.000 мысалға, христиан және Шығыс қауымдарында да 0:04:58.000,0:05:00.000 дәл сол рәсім бар екен. 0:05:00.000,0:05:02.000 Біз бірнеше ай бұрын Түркиядағы Армяндар 0:05:02.000,0:05:04.000 қауымында болған - арынан айырылған қызды 0:05:04.000,0:05:06.000 өлтіру амалының куәсі болдық. 0:05:06.000,0:05:08.000 Бұл айтылған рәсімдер жалпы мәдениет дәстүрі бойынша жасалып отыр. 0:05:08.000,0:05:11.000 Сонымен қатар, мен саяси мәдениетке де көңіл бөлемін, 0:05:11.000,0:05:14.000 саяси мәдениетте бостандық пен демократияға жеткілікті дәрежеде көңіл бөле ме? 0:05:14.000,0:05:17.000 немесе мемлекетте азаматтарын бір істі мәжбүрлеп істете 0:05:17.000,0:05:20.000 алатын әмірлі саяси мәдениет бар ма? 0:05:20.000,0:05:22.000 Таяу Шығыс мемлекеттері 0:05:22.000,0:05:24.000 көптеген ислам іс-әрекеттерінің 0:05:24.000,0:05:26.000 жақтасы екені анық, 0:05:26.000,0:05:29.000 және кейбір "Ислам режимі" деп аталатын елдер 0:05:29.000,0:05:31.000 мысалға: Сауд Арабиясы, Иран, 0:05:31.000,0:05:34.000 ең құрығанда Афғандағы Талибан 0:05:34.000,0:05:36.000 осы жаза мен рәсімдерді қолдайды. 0:05:36.000,0:05:38.000 Мысалға, Сауд Арабиясында 0:05:38.000,0:05:41.000 діни полиция деп аталатын сақшылар бар. 0:05:41.000,0:05:43.000 Бұл діни сақшылары қиялдағы 0:05:43.000,0:05:45.000 ислам тұрмыс - салтын 0:05:45.000,0:05:47.000 әр азаматқа күшпен орындатады. 0:05:47.000,0:05:49.000 мысалға, әйелдердің басына орамалды күшпен таққызады, 0:05:49.000,0:05:52.000 Ислам шариғатына сәйкес хиджаб кигізеді. 0:05:52.000,0:05:54.000 Билік бұл істі қуана қолдайды 0:05:54.000,0:05:57.000 және мен оған қарсымын. 0:05:57.000,0:06:00.000 Кейін мен бұл іс-әрекеттерді 0:06:00.000,0:06:02.000 сол географиялық ортада басқа мұсылман емес, 0:06:02.000,0:06:05.000 немесе Исламмен қатысы жоқ қауымдардың 0:06:05.000,0:06:07.000 қайталап жатқанын көргенде, 0:06:07.000,0:06:09.000 мәселенің тек Ислам дінінде емес, 0:06:09.000,0:06:12.000 бүкіл аймақтың саяси мәдениетінде жатқанын түсіндім. 0:06:12.000,0:06:15.000 Сізге мысал келтірейін: Менің отаным Түркия 0:06:15.000,0:06:17.000 ақсүйектер мемлекеті, 0:06:17.000,0:06:19.000 күні кешеге дейін 0:06:19.000,0:06:22.000 бізге атеисттік деп аталатын 0:06:22.000,0:06:25.000 полиция қажет болды. Олар университеттерді жабық 0:06:25.000,0:06:27.000 киінген студенттерден қорғаушы еді. 0:06:27.000,0:06:30.000 Басқаша айтқанда, олар студенттердің бастарынан 0:06:30.000,0:06:32.000 орамалды күшпен шешетін еді. 0:06:32.000,0:06:34.000 Менің ойымша, әйелдердің басынан орамалды зорлап шешу 0:06:34.000,0:06:37.000 оны зорлап кигізумен бірдей зомбылық. 0:06:37.000,0:06:39.000 Кию-кимеу әр азаматтың таңдауы. 0:06:39.000,0:06:41.000 Мен осы көріністерден кейін 0:06:41.000,0:06:43.000 "Мүмкін мәселе 0:06:43.000,0:06:45.000 авторитарлық мәдениетте жатқан болар 0:06:45.000,0:06:47.000 және кейбір мұсылман соның ықпалына түскен болар" деген қорытындыға келдім. 0:06:47.000,0:06:50.000 Олай болса зайырлы көзқарастағы адамдар да соның ықпалына түсуі мүмкін. 0:06:50.000,0:06:52.000 Егер бұл саяси мәдениеттің мәселесі болса, 0:06:52.000,0:06:54.000 біз осы саяси мәдениетті 0:06:54.000,0:06:56.000 қалай өзгертуге болатыны жайлы ойлануымыз керек. 0:06:56.000,0:06:58.000 Міне осы сұрақтар бірнеше жыл бұрын 0:06:58.000,0:07:00.000 мен кітап жазғанға дейін 0:07:00.000,0:07:02.000 мені мазалады. 0:07:02.000,0:07:04.000 Мен: "Ислам бүгінгі деңгейге 0:07:04.000,0:07:09.000 қалай жеткенін зерттеп, 0:07:09.000,0:07:11.000 және қандай жолдармен келгенін, 0:07:11.000,0:07:13.000 қандай жолдар таңдалуы мүмкін болғанын анықтап білемін", - деп шештім. 0:07:13.000,0:07:18.000 Кітаптың аты "Экстримсіз Ислам: Мұсылманның азаттық үшін құқығы". 0:07:18.000,0:07:20.000 Кітаптың аты айтып тұрғандай, 0:07:20.000,0:07:23.000 мен ислам дәстүрлеріне және Ислам көзқарас тарихына 0:07:23.000,0:07:25.000 жеке азат тұлғаның көзқарасымен қарадым, 0:07:25.000,0:07:27.000 және жеке тұлғаның азаттығы үшін қажетті 0:07:27.000,0:07:29.000 қуатты нүктелерді табуға тырыстым. 0:07:29.000,0:07:31.000 Ислам дәстүрлерінің жақсы жақтары бар. 0:07:31.000,0:07:34.000 Ислам негізінен монотеистік дін болғандықтан, 0:07:34.000,0:07:38.000 адамды жауапкершілікке міндеттеген, 0:07:38.000,0:07:40.000 Таяу Шығыста жеке адам идеясын қалыптастырып, 0:07:40.000,0:07:43.000 коммунитарианизмнен, яғни тайпаларды 0:07:43.000,0:07:45.000 біріктіруден құтқарған. 0:07:45.000,0:07:47.000 Осы жерден көпті түсінуге болады. 0:07:47.000,0:07:50.000 Осыған қарамастан мен Ислам дәстүрлерінің ішіндегі проблемаларды көрдім. 0:07:50.000,0:07:52.000 Қызық жері: 0:07:52.000,0:07:55.000 осы проблемалардың көбісі кейінірек пайда болған, 0:07:55.000,0:07:58.000 Алла Тағала тарапынан келген жоқ, яғни Құраннан алынбаған. 0:07:58.000,0:08:01.000 Әр халықтың өз дәстүрі мен өмірге деген көзқарасынан 0:08:01.000,0:08:03.000 немесе орта ғасырдағы мұсылмандардың 0:08:03.000,0:08:05.000 Құраннан қате мағына шығаруынан туындаған. 0:08:05.000,0:08:07.000 Мысалы Құран 0:08:07.000,0:08:09.000 таспен ұруды бұйырмайды. 0:08:09.000,0:08:11.000 Оның ішінде адасқандарды олай жазалауға болатыны айтылмаған. 0:08:11.000,0:08:14.000 Адамдардың жеке өміріне қатысты, мысалға маскүнемдерді жазалау туралы айтылмаған. 0:08:14.000,0:08:18.000 Міне, осы жазалар Ислам заңдарын 0:08:18.000,0:08:21.000 шындықтан алшақтатып, адамдар 0:08:21.000,0:08:24.000 Құранды өз түсінігі бойынша тәпсірлеуінен туындаған. 0:08:24.000,0:08:26.000 Бүгін әр мұсылман осы 0:08:26.000,0:08:28.000 проблемаларға қарап, 0:08:28.000,0:08:30.000 "Діннің негізі - мынау, және 0:08:30.000,0:08:32.000 біз соған сәйкес өмір сүруіміз керек, 0:08:32.000,0:08:34.000 бұл біздің наным және біз оған адал боламыз" дей алады. 0:08:34.000,0:08:36.000 Біз бұл қате түсініктерді өзгерте аламыз. 0:08:36.000,0:08:39.000 Себебі Құраннан қате мағына шығару орта ғасыр уақытында және ортасында болған. 0:08:39.000,0:08:41.000 Кәзір біз басқа заманда, басқа құндылықтар мен 0:08:41.000,0:08:43.000 басқа саяси жүйелер заманында өмір сүріп жатырмыз. 0:08:43.000,0:08:46.000 Бұрынғы қате түсініктерді түзетуге мүмкіндігіміз бар. 0:08:47.000,0:08:50.000 Егер оны тек мен қаласам, 0:08:50.000,0:08:53.000 онда біз бәлеге ұшырағанымыз. 0:08:53.000,0:08:55.000 Бірақ басты мәселе бұл емес. 0:08:55.000,0:08:58.000 Іс жүзінде 19 ғасырдан бері Ислам түсінігінде 0:08:58.000,0:09:01.000 бір қатар ревизионисттік немесе реформисттік 0:09:01.000,0:09:03.000 (қалай атасаңыз да өз еркіңіз), 0:09:03.000,0:09:05.000 дәстүр 0:09:05.000,0:09:07.000 тенденция алып жатыр. 0:09:07.000,0:09:09.000 19 ғасырда ислам зиялылары немесе мемлекет қайраткерлері болған, 0:09:09.000,0:09:12.000 кейінірек 20 ғасырда олар 0:09:12.000,0:09:14.000 Еуропаға қарап, 0:09:14.000,0:09:16.000 Еуропаның таңданып қарайтын жетістіктері көп екенін түсінді, 0:09:16.000,0:09:18.000 мысалы: ғылым мен технология. 0:09:18.000,0:09:20.000 Тек бұл жетістіктер емес, сонымен қатар, демократия, парламент, 0:09:20.000,0:09:22.000 және өмірге деген көзқарас, 0:09:22.000,0:09:24.000 азаматтардың теңдігі идеясы. 0:09:24.000,0:09:27.000 19 ғасырдың бұл мұсылман ойшылдары мен қайраткерлері 0:09:27.000,0:09:30.000 бұл жетістіктерді көріп, өздеріне: 0:09:30.000,0:09:32.000 "Неге біз бұл табыстарға жетпедік?" деген сұрақ қойды. 0:09:32.000,0:09:34.000 Олар Ислам дәстүрлеріне көз жүгіртіп, 0:09:34.000,0:09:37.000 Исламға жатпайтын салттардың мәселе 0:09:37.000,0:09:40.000 туғызып отырғанын және оларды қайта зерттеп, 0:09:40.000,0:09:42.000 орта ғасыр түсініктерінен айырып, Құранды 0:09:42.000,0:09:44.000 қайта оқытудың маңызын түсінді. 0:09:44.000,0:09:46.000 Бұл беталыс 0:09:46.000,0:09:49.000 негізінен Ислам модернизациясы деп аталды, 0:09:49.000,0:09:52.000 және мемлекет қайраткерлері мен зиялылары 0:09:52.000,0:09:54.000 Исламды жаңалауды тек интеллектуалдық идеямен емес, 0:09:54.000,0:09:56.000 сонымен қатар саяси бағдарламалармен дамытты. 0:09:56.000,0:09:58.000 Осы себептен 19 ғасырда 0:09:58.000,0:10:01.000 Таяу Шығысты толығымен басып алған, Осман Империясы 0:10:01.000,0:10:04.000 өте маңызды реформалар жасады. 0:10:04.000,0:10:06.000 Реформалардың арқасында христиандар мен яһудилер 0:10:06.000,0:10:08.000 мұсылмандармен тең құқылы болды. 0:10:08.000,0:10:10.000 Конституция мен 0:10:10.000,0:10:12.000 өкілді парламентте 0:10:12.000,0:10:15.000 дінді таңдау бостандығына қатысты реформалар жасалды. 0:10:15.000,0:10:18.000 Дәл осы себептен Осман Империясы өзінің соңғы он жылдықтарында 0:10:18.000,0:10:20.000 прото-демократиялық, 0:10:20.000,0:10:22.000 конституциялық монархияға айналды. 0:10:22.000,0:10:25.000 Бостандық өте маңызды саяси құндылыққа айналды. 0:10:25.000,0:10:27.000 Осы кезде Араб әлеміндегідей, 0:10:27.000,0:10:30.000 ұлы араб тарихшысы Алберт Хурани атаған 0:10:30.000,0:10:32.000 Либералдық кезең орын алды. 0:10:32.000,0:10:34.000 Хуранидің "Либералдық кезеңдегі араб көзқарасы" атты кітабы бар. 0:10:34.000,0:10:36.000 Ол либералдық кезеңді 0:10:36.000,0:10:39.000 19 ғ. - 20 ғ. басы деп белгіледі. 0:10:39.000,0:10:42.000 20 ғасырдың басында ислам ойшылдары, 0:10:42.000,0:10:44.000 мемлекет қайраткерлері және діндарлар арасында 0:10:44.000,0:10:48.000 бұл беталыс үстемділік танытты. 0:10:48.000,0:10:50.000 Бірақ 20 ғасырдың қалған уақытында 0:10:50.000,0:10:52.000 өте қызық көрініс болды, 0:10:52.000,0:10:54.000 оған себеп, Исламды модернизациялау 0:10:54.000,0:10:56.000 қарқынының түсіп кетуі. 0:10:56.000,0:10:58.000 Оның орнына 0:10:58.000,0:11:01.000 біз Исламизмнің идеология ретінді 0:11:01.000,0:11:04.000 әмірлі идеология ретінде өскенін көріп отырмыз, 0:11:04.000,0:11:06.000 бұл идеология өте ұшқыр, 0:11:06.000,0:11:08.000 батысқа қарсы, 0:11:08.000,0:11:10.000 қияли көзқарасқа негізделген 0:11:10.000,0:11:12.000 қоғамды орнатқысы келеді. 0:11:12.000,0:11:15.000 Сонымен, Исламизм 20 ғасырда 0:11:15.000,0:11:17.000 Ислам әлемінде 0:11:17.000,0:11:20.000 көптеген мәселелерді туғызды. 0:11:20.000,0:11:23.000 Исламизмнің экстримді түрлері 0:11:23.000,0:11:26.000 Исламның атын жамылып, терроризмді дүниеге әкелді, 0:11:26.000,0:11:29.000 Терроризм негізінен дінді бұрмалағаннан шықты, ал Ислам дінге өзгертулер енгізуге қарсы, 0:11:29.000,0:11:32.000 бірақ кейбір экстримисттер олай ойламайды әлбетте. 0:11:32.000,0:11:34.000 Осы жерден қызық сұрақ туады: 0:11:34.000,0:11:37.000 Егер 19 ғ. - 20 ғ. басында Ислам 0:11:37.000,0:11:39.000 модернизациясы қарқынды дамыса, 0:11:39.000,0:11:41.000 неге 20 ғасырдың қалған уақытында 0:11:41.000,0:11:43.000 Исламизм үстем болды? 0:11:43.000,0:11:45.000 Менің ойымша, бұл сұрақты 0:11:45.000,0:11:47.000 жете талқылау қажет. 0:11:47.000,0:11:49.000 Менің кітабымда осы сұрақтарға толық жауаптар бар. 0:11:49.000,0:11:53.000 Және сол жауаптарға қол жеткізу үшін сіздің аса дарынды ғалым болуыңыз шарт емес. 0:11:53.000,0:11:55.000 20 ғасырдың саяси тарихына көз жүгіртсеңіз болғаны, 0:11:55.000,0:11:57.000 нәтижесінде сіз көп өзгеріс болғанын байқайсыз. 0:11:57.000,0:11:59.000 Өмірдің 0:11:59.000,0:12:01.000 19 ғасырда 0:12:01.000,0:12:03.000 мұсылмандар Еуропаға қарап еліктегенде, 0:12:03.000,0:12:06.000 еуропалықтар азат болған және өз күштеріне көбірек сенетін еді. 0:12:06.000,0:12:09.000 20 ғ. басында Осман Империясының құлдырау нәтижесінде 0:12:09.000,0:12:12.000 бүкіл Таяу Шығыс отарланды. 0:12:12.000,0:12:14.000 Отарлау кезінде не пайда болушы еді? 0:12:14.000,0:12:16.000 Отарлауға қарсы күш. 0:12:16.000,0:12:19.000 Енді кәзір мұсылмандар Еуропаға еліктемейді, 0:12:19.000,0:12:22.000 себебі кәзір ол соғысатын, қарсыласатын жау. 0:12:22.000,0:12:24.000 Мұсылман әлемінде 0:12:24.000,0:12:26.000 либералдық идея қарқыны төмендеп, 0:12:26.000,0:12:29.000 мықты, жауап қайтара алатын 0:12:29.000,0:12:32.000 күш пайда болды. 0:12:32.000,0:12:34.000 ол араб социализміне, араб ұлтшылдығына, 0:12:34.000,0:12:37.000 ақырында Исламисттік идеологияға әкелді. 0:12:37.000,0:12:40.000 Отарлау кезеңі аяқталған кезде, 0:12:40.000,0:12:42.000 оның орнына 0:12:42.000,0:12:44.000 ақсүйек диктаторлар келіп, 0:12:44.000,0:12:46.000 өздерінің мемлекет болғандығын, 0:12:46.000,0:12:48.000 бірақ мемлекет тәуелсіз болмайтындығын, 0:12:48.000,0:12:50.000 және сол мемлекетті билейтін өкімет орнатқандығын жариялады. 0:12:50.000,0:12:53.000 Менің ойымша кейбір Батыс билеушілері, 0:12:53.000,0:12:55.000 негізінен АҚШ 0:12:55.000,0:12:58.000 осы зайырлы диктаторларды өздерінің пайдасы үшін 0:12:58.000,0:13:01.000 қолдағанда қателік жасады. 0:13:01.000,0:13:03.000 Нәтижесінде бұл диктаторлар 0:13:03.000,0:13:05.000 елдерінде демократия мен 0:13:05.000,0:13:07.000 ислам топтарын басып, 0:13:07.000,0:13:09.000 жалған исламисттердің күшеюіне себепші болды. 0:13:09.000,0:13:11.000 Сөйтіп біз 20 ғасырда 0:13:11.000,0:13:13.000 Араб әлемінде шырғалаң шеңберді көреміз, 0:13:13.000,0:13:16.000 ол жерде диктаторлық өкімет өз халқын, 0:13:16.000,0:13:18.000 діндарларды қоса езіп отырды, 0:13:18.000,0:13:21.000 ал халық қолдарынан келгенше жауап қайтарып отырды. 0:13:21.000,0:13:23.000 Осы шырғалаң шеңберден 0:13:23.000,0:13:26.000 құтыла алған 0:13:26.000,0:13:28.000 бір ел ғана. 0:13:28.000,0:13:31.000 Ол ел менің елім -Түркия. 0:13:31.000,0:13:33.000 Түркия ешкімнің отарында болмаған, 0:13:33.000,0:13:36.000 Осман Империясының құлдырауынан кейін тәуелсіз ұлт болып сақталды. 0:13:36.000,0:13:38.000 Осыны ескеру қажет. 0:13:38.000,0:13:41.000 Түркиямен көршілес елдерде отарлауға қарсы болған 0:13:41.000,0:13:44.000 жалған іс-әрекеттер Түркияда болған жоқ. 0:13:44.000,0:13:46.000 Екіншіден, ең маңыздысы 0:13:46.000,0:13:48.000 Түркия біз айтқан елдердің ішінде 0:13:48.000,0:13:50.000 демократияға қол жеткізген бірінші ел. 0:13:50.000,0:13:52.000 1950 жылы Түркияда ең бірінші ашық, әділ сайлау өтті, 0:13:52.000,0:13:55.000 сайлаудан кейін озбыр зайырлы режим тоқтатылды. 0:13:55.000,0:13:57.000 Түркия ел ретінде алғашқы қадамын жасады. 0:13:57.000,0:13:59.000 Және Түркияның діншіл адамдары 0:13:59.000,0:14:03.000 сайлау арқылы саяси жүйені өзгерте алатынын түсінді. 0:14:03.000,0:14:06.000 Олар тәуелсіздіктің Исламмен 0:14:06.000,0:14:08.000 олардың құндылықтарымен бірге жүретінін түсінді, 0:14:08.000,0:14:10.000 олар демократияны қолдады. 0:14:10.000,0:14:12.000 Бұл жетістіктерге 0:14:12.000,0:14:14.000 күні бүгінге дейін Таяу Шығыс мұсылман ұлттарының 0:14:14.000,0:14:16.000 ішінде жетпегендері әлі бар. 0:14:16.000,0:14:18.000 Екіншіден, соңғы 20 жылда 0:14:18.000,0:14:21.000 жаһандану нәтижесінде, нарықтық экономика арқасында, 0:14:21.000,0:14:23.000 табысы орташа топтағы адамдардың жағдайы жақсаруы арқасында 0:14:23.000,0:14:25.000 біз Түркияда 0:14:25.000,0:14:29.000 Ислам модернизациясының қайта жанданғанын көрдік. 0:14:29.000,0:14:32.000 Табысы орташа топтағы қаланың иманды мұсылмандары 0:14:32.000,0:14:34.000 әдет - ғұрыптарының ішінде, 0:14:34.000,0:14:37.000 дінге қайшы келетін әдет-ғұрыптардың бар екенін көріп отыр. 0:14:37.000,0:14:40.000 Олардан күмәнданып, өзгертіп, қайта жасау керектігін түсінеді. 0:14:40.000,0:14:42.000 Еуропаға қарап, оның 0:14:42.000,0:14:45.000 еліктеуге тұрарлық үлгі екенін тағы біледі. 0:14:45.000,0:14:47.000 Кемінде шабыт алуға болатын үлгі екенін түсінеді. 0:14:47.000,0:14:49.000 Сол себептен Түркия 0:14:49.000,0:14:51.000 Еуропа Одағына мүше болуға талпынып жүр, 0:14:51.000,0:14:53.000 Түркиядағы ислам діндарлары 0:14:53.000,0:14:55.000 бұл шешімді қолдайды, 0:14:55.000,0:14:58.000 басқа зайырлы мемлекеттер болса қарсы болды. 0:14:58.000,0:15:00.000 Бұл процесті кейбір 0:15:00.000,0:15:02.000 Еуропалықтар қолдамады, 0:15:02.000,0:15:05.000 бірақ бұл басқа әңгіме. 0:15:05.000,0:15:08.000 Бірақ өткен он жылдықта Түркияның Еуропа Одағына 0:15:08.000,0:15:10.000 мүше болуын қалауы діни себепке негізделді, 0:15:10.000,0:15:12.000 және қолдаушылар Ислам және 0:15:12.000,0:15:15.000 ақсүйек либералдары болды. 0:15:15.000,0:15:17.000 Соның арқасында 0:15:17.000,0:15:20.000 Түркия парасатпен табысқа жетті, 0:15:20.000,0:15:25.000 Ислам және ислам көзқарастары 0:15:25.000,0:15:27.000 демократияның бір бөлшегіне айналды. 0:15:27.000,0:15:29.000 ол өз кезегінде елдің демократиялық және экономикалық 0:15:29.000,0:15:31.000 дамуына септігін тигізді. 0:15:31.000,0:15:34.000 Түркияның осы жетістіктері кейбір 0:15:34.000,0:15:36.000 Ислам елдеріне немесе Арабия құрамындағы 0:15:36.000,0:15:39.000 кейбір елдерге жігерлендіретін үлгі болып отыр. 0:15:39.000,0:15:41.000 Сіздер бәріңіз Тунис пен Египетте басталған 0:15:41.000,0:15:44.000 арабтардың көтерілісін көрген боларсыздар. 0:15:44.000,0:15:46.000 Араб бұқарасы 0:15:46.000,0:15:48.000 диктаторларына қарсы көтерілді. 0:15:48.000,0:15:51.000 Олар демократияны талап етті; олар еркіндікті қалады. 0:15:51.000,0:15:54.000 Олар диктаторлардың өздерінің 0:15:54.000,0:15:56.000 режимін іске асыру үшін қолданатын 0:15:56.000,0:15:59.000 қуыршағы болғысы келмеді. 0:15:59.000,0:16:02.000 Олар: "Біз бостандықты қалаймыз, біз тәуелсіздікті қалаймыз. 0:16:02.000,0:16:04.000 Біз мұсылманбыз, 0:16:04.000,0:16:07.000 бірақ біз азат адамдар сияқты тәуелсіз қоғамда өмір сүргіміз келеді",-деді 0:16:07.000,0:16:09.000 Әрине бұл ұзақ жол. 0:16:09.000,0:16:11.000 Демократияға бір күнде жету мүмкін емес, 0:16:11.000,0:16:13.000 бұл ұзақ процесс. 0:16:13.000,0:16:15.000 Бірақ бұл дәуір мұсылмандар үшін 0:16:15.000,0:16:17.000 үлкен үміт күттіретін дәуір. 0:16:17.000,0:16:19.000 Мен 19 ғасырда басталған, бірақ 20 ғасырда 0:16:19.000,0:16:21.000 саяси жағдайға байланысты 0:16:21.000,0:16:23.000 сәтсіздікке ұшыраған, 0:16:23.000,0:16:25.000 Ислам модернизмі жаңадан 0:16:25.000,0:16:27.000 туатынына сенемін. 0:16:27.000,0:16:30.000 Осы айтылғандарды қорытындыласақ, 0:16:30.000,0:16:32.000 кейбір батыс 0:16:32.000,0:16:35.000 күмәнданушылардың пікіріне қарамастан, 0:16:35.000,0:16:37.000 Ислам демократияға, 0:16:37.000,0:16:40.000 либерализмге, азаттыққа жетелейтін 0:16:40.000,0:16:42.000 бірден бір жол екені хақ. 0:16:42.000,0:16:44.000 Тек оған кедергі болмау керек. 0:16:44.000,0:16:46.000 Көп рахмет. 0:16:46.000,0:16:50.000 (Ду қол шапалақ)