Return to Video

Соғыста көргендерім

  • 0:01 - 0:04
    Бұл - соғыс туралы оқиға.
  • 0:04 - 0:07
    Сіз күнделікті өміріңізбен өмір сүріп жатырсыз:
  • 0:07 - 0:09
    қонаққа баруды жоспарлап қойдыңыз,
  • 0:09 - 0:12
    балаларыңызды мектепке апарасыз,
  • 0:12 - 0:14
    тіс дәрігеріне жазылып қойдыңыз.
  • 0:14 - 0:18
    Сонан кейін телефоныңыз, теледидарыңыз істемей қалды,
  • 0:18 - 0:22
    көше толған әскери адамдар,
  • 0:22 - 0:24
    жолдар жабылып қалған.
  • 0:24 - 0:29
    Cіздің өміріңіз тоқтап қалғандай.
  • 0:29 - 0:31
    Тоқтап тұр.
  • 0:31 - 0:34
    Мен досымның оқиғасын ұрлап алғым кеп отыр,
  • 0:34 - 0:36
    Босниялық досым, оның басынан өткен оқиғасы,
  • 0:36 - 0:41
    өйткені бұл сіздерге оның не сезінгенін көрсете алады деп ойлаймын.
  • 0:41 - 0:45
    1992 жылдың сәуір айында ол жұмысқа бара жатқан еді,
  • 0:45 - 0:48
    қысқа белдемшесі мен биік өкшелі аяқкиімі бар. Ол банкте жұмыс істейтін.
  • 0:48 - 0:52
    Ол жас ана еді. Ол қонаққа барғанды жақсы көретін еді.
  • 0:52 - 0:53
    Тамаша адам.
  • 0:53 - 0:57
    Күтпеген жерден ол танкті көреді,
  • 0:57 - 1:00
    танк Сараевоның негізгі көшелерінің бірімен төмен қарай
  • 1:00 - 1:04
    жолында кездескеннің бәрін жайпап келе жатты.
  • 1:04 - 1:08
    Ол «түсім шығар» деп ойлады, бірақ олай болмады.
  • 1:08 - 1:10
    Ол қаша жөнелді, сол жерде болсақ әрбіреуіміз солай істер едік.
  • 1:10 - 1:14
    Ол қоқыс жәшігінің артына барып тығылды,
  • 1:14 - 1:17
    өзінің қысқа белдемшесі мен биік өкшелі аяқкиімімен.
  • 1:17 - 1:21
    Сол жерде тығылып отырып ол өзін күлкілі сезінді,
  • 1:21 - 1:24
    бірақ ол әскерилер отырған танк пен
  • 1:24 - 1:26
    айналадағы адамдарды, хаосты көріп
  • 1:26 - 1:31
    былай деп ойлады «Мен өзімді қиял ғажайып еліндегі
  • 1:31 - 1:33
    қоянмен қоса төмен қарай
  • 1:33 - 1:36
    хаосқа түсіп бара жатқан Алиса сияқты сезіндім
  • 1:36 - 1:42
    және менің өмірім бұрынғыдай болмайтын еді.»
  • 1:42 - 1:45
    Бір-екі аптадан кейін менің досым құжынаған халықтың ішінде
  • 1:45 - 1:50
    кішкентай ұлымен бірге жүрді
  • 1:50 - 1:53
    ол автобустағы танымайтын адамға ұлын берді,
  • 1:53 - 1:56
    бұл балаларды аман сақтап қалу үшін Сараеводан
  • 1:56 - 1:59
    кетіп бара жатқан соңғы автобус еді.
  • 1:59 - 2:03
    Оның есінде ол анасымен бірге таласып
  • 2:03 - 2:07
    «Менің баламды ал! Менің баламды ал!» деген толған адамның ішінде
  • 2:07 - 2:13
    ол да баласын терезе арқылы біреуге ұстатты.
  • 2:13 - 2:16
    Және ол баласын бірнеше жыл бойы көрмеді.
  • 2:16 - 2:19
    Қоршау үш жарым жылға созылды,
  • 2:19 - 2:22
    бұл қоршау сусыз, тамақсыз,
  • 2:22 - 2:27
    электр шамынсыз, жылусыз өтті,
  • 2:27 - 2:32
    Еуропаның қақ ортасында, 20 ғасырдың соңында.
  • 2:32 - 2:36
    Мен сол жерде болған журналистердің бірімін,
  • 2:36 - 2:38
    қоршауды көрген және
  • 2:38 - 2:41
    мен сол жерде болғанымның артықшылығы
  • 2:41 - 2:44
    ол маған бәрін үйретті,
  • 2:44 - 2:48
    тек қана репортер болуды емес, адам болуды.
  • 2:48 - 2:50
    Мен қайғыға ортақтасудың не екенін білдім.
  • 2:50 - 2:54
    Мен қарапайым адамдарды, қаһарман болуға лайық адамдарды көрдім.
  • 2:54 - 2:58
    Мен бөлісу туралы білдім. Мен жолдастықтың не екенін үйрендім.
  • 2:58 - 3:01
    Бәрінен бұрын мен жақсы көрудің, махаббаттың не екенін үйрендім.
  • 3:01 - 3:07
    Тіпті ең қорқынышты қираулар мен өлім,
  • 3:07 - 3:10
    хаостың өзінде де қарапайым адамдар өз көршілеріне көмектескенін көрдім,
  • 3:10 - 3:12
    олар тамақтарымен бөлісті, балаларын тәрбиеледі,
  • 3:12 - 3:16
    өз өміріне қауіп төнсе де жолда оқ тиіп
  • 3:16 - 3:18
    жатқандарды сүйреп апаруға тырысты,
  • 3:18 - 3:22
    жараланғандарды таксиге отырғызып
  • 3:22 - 3:24
    ауруханаға апарысты.
  • 3:24 - 3:27
    Мен өзім туралы көп нәрсе білдім.
  • 3:27 - 3:31
    Қаһармандарымның бірі - Марта Геллхорн:
  • 3:31 - 3:36
    "Сіз тек қана бір соғысты жақсы көре аласыз. Қалғанының бәрі жауапкершілік".
  • 3:36 - 3:39
    Бұдан кейін де мен өте көп соғысты көрдім,
  • 3:39 - 3:42
    тіпті санынан да шатастым,
  • 3:42 - 3:45
    бірақ еш жерде дәл Сараеводағыдай болған жоқ.
  • 3:45 - 3:49
    Былтыр сәуір айында мен бір қызық кезге қайтқандай болдым -
  • 3:49 - 3:53
    мен оны сыныптастардың ессіз кездесуі деп атар едім.
  • 3:53 - 3:57
    Бұл не болып еді, бұл қамаудың 20 жылдығы еді,
  • 3:57 - 4:00
    Сараевоның қоршауда қалғанының басталған күні,
  • 4:00 - 4:04
    мен "жылдығы" деген сөзді жақсы көрмеймін, өйткені бұл сөз мейрам, қонақтық сияқты,
  • 4:04 - 4:05
    бірақ бұл мейрам емес еді.
  • 4:05 - 4:09
    Бұл соғыс кезінде сол жерде жұмыс істеген журналистердің көңілсіз жиыны еді,
  • 4:09 - 4:13
    сонымен бірге гуманитарлық көмек көрсеткендермен,
  • 4:13 - 4:17
    әрине, Сараевоның батыр, батыл азаматтары болды.
  • 4:17 - 4:20
    Мені ең таңқалдырғаны,
  • 4:20 - 4:21
    менің жүрегімді жаралағаны
  • 4:21 - 4:24
    Cараевоның басты көшесімен төмен қарай келе жатып көрген көрініс,
  • 4:24 - 4:28
    осы көшеде 20 жыл бұрын менің досым Аида танкті көрген еді,
  • 4:28 - 4:34
    осы көшенің бойында 12.000 қызыл орындық тұрды,
  • 4:34 - 4:36
    бос орындық
  • 4:36 - 4:38
    оның әрбіреуі қамау кезінде
  • 4:38 - 4:42
    қайтыс болған бір адамды бейнелеп тұрды,
  • 4:42 - 4:46
    тек Сараевода қайтыс болған адамдарды, бүкіл Боснияда емес,
  • 4:46 - 4:49
    бұл көрініс қаланың бір шетінен
  • 4:49 - 4:51
    екінші шетіне дейін жалғасып жатты,
  • 4:51 - 4:55
    әсіресе ең өкініштісі, көңіліме кірбің түсіргені
  • 4:55 - 4:57
    балаларға арналған кішкентай орындықтар еді.
  • 4:57 - 5:01
    Мен қазір Сирия туралы хабар таратамын,
  • 5:01 - 5:04
    мен бұл туралы жаза бастадым,
  • 5:04 - 5:06
    өйткені бұл істелуі тиіс.
  • 5:06 - 5:09
    Ол жерде болып жатқан оқиғалар туралы айтуымыз керек деп ойлаймын.
  • 5:09 - 5:13
    Мен Боснияда болған соғыстың үлгісін осы жерде де көріп отырмын.
  • 5:13 - 5:15
    Мен Дамаскіге бірінші рет келген кезде,
  • 5:15 - 5:18
    ақылға қонбайтын мынадай сәтті көрдім,
  • 5:18 - 5:21
    адамдар соғыстың болатынына сенбейтін сияқты
  • 5:21 - 5:23
    және бұл Босниядағыдай болды,
  • 5:23 - 5:26
    мен көрген басқа да соғыс болып жатқан елдердегі сияқты.
  • 5:26 - 5:28
    Адамдар бұған сенгісі келмейді,
  • 5:28 - 5:32
    сондықтан олар кетпейді, кетулеріне мүмкіндік болған кезде де кетпейді.
  • 5:32 - 5:34
    Олар ақшаларын алмайды.
  • 5:34 - 5:37
    Олар үйлерінде қалғысы келгендіктен еш жаққа кетпейді.
  • 5:37 - 5:42
    Содан кейін соғыс пен хоас келеді.
  • 5:42 - 5:45
    Руанда - менің жиі баратын жерлерімнің бірі.
  • 5:45 - 5:51
    1994 жылы мен аз уақытқа Сараевоны тастап Руандаға кеттім, сол жақтағы геноцид туралы хабарлап тұру үшін.
  • 5:51 - 5:56
    1994 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында
  • 5:56 - 6:01
    бір миллион адам өлтірілді.
  • 6:01 - 6:06
    Егер мені 12 мың орындық
  • 6:06 - 6:08
    қаншалықты күйзелтсе,
  • 6:08 - 6:11
    бір сәт ойланып көріңіздерші, бір миллион адам.
  • 6:11 - 6:14
    Кішкене мысал келтірейін, есімде
  • 6:14 - 6:19
    мен жолдың бойында төмен қарап тұрмын, көзімнің жеткен жеріне дейін,
  • 6:19 - 6:25
    шамамен жарты шақырым болар, адамдардың өлі денелері менің бойымнан екі еседей болып
  • 6:25 - 6:27
    үйіліп жатыр еді.
  • 6:27 - 6:30
    Және де бұл өлген адамдардың шағын ғана пайызы еді.
  • 6:30 - 6:32
    Ол жерде соңғы демі таусылып жатқан кезде балаларын
  • 6:32 - 6:36
    ұстаған аналар да болды.
  • 6:36 - 6:39
    Сонымен біз соғыстан көп нәрсені үйрендік,
  • 6:39 - 6:41
    мен Руанданы атап өткенім,
  • 6:41 - 6:45
    ол Оңтүстік Африка сияқты бір жер,
  • 6:45 - 6:49
    онда 20 жыл бойы айығу жүріп жатыр.
  • 6:49 - 6:53
    Парламенттегілердің елу алты пайызы әйелдер,
  • 6:53 - 6:55
    бұл таңғажайып нәрсе,
  • 6:55 - 6:59
    сонымен қатар ол жерде ұлттық конституция
  • 6:59 - 7:02
    бойынша Хуту немесе Тутси деп айтуыңызға тиым салынған.
  • 7:02 - 7:06
    Сізге этникалық нышандары арқылы ешкімді теңдестіруге рұқсат етілмейді,
  • 7:06 - 7:11
    бұл қырғынның басталуына итермелеген себептердің бірі болғандықтан.
  • 7:11 - 7:14
    Менің досымның айтып берген әдемі оқиғасы бар,
  • 7:14 - 7:15
    мен оны тамаша оқиға деп есептеймін.
  • 7:15 - 7:20
    Бір топ балалар, хуту мен тутси балалары араласқан топ еді,
  • 7:20 - 7:23
    сонымен бірге осы балаларды асырап алған бір топ әйел,
  • 7:23 - 7:27
    олар бір қатарға тізіліп тұрып бір-бірін алды.
  • 7:27 - 7:30
    Ешқандай өтемақы болған жоқ, сен хутусың, сен тутсисің,
  • 7:30 - 7:33
    сіз мүмкін менің анамды,
  • 7:33 - 7:35
    бәлкім әкемді өлтірдіңіз деген жоқ.
  • 7:35 - 7:40
    Олар ымыраға келді, татуласты,
  • 7:40 - 7:44
    мен бұл әрекетті керемет деп есептеймін.
  • 7:44 - 7:47
    Адамдар менен сіз неге соғыс болып жатқан жерге
  • 7:47 - 7:49
    баруды жалғастырасыз деп сұрағанда,
  • 7:49 - 7:50
    менің айтарым осы.
  • 7:50 - 7:54
    Мен Сирияға қайтып келгеннен кейінгі аптада
  • 7:54 - 7:58
    көргенім адам сенбейтіндей батыр азаматтар,
  • 7:58 - 8:00
    олардың кейбіреуі демократия үшін, біз күнделікті өмірде
  • 8:00 - 8:04
    сөзсіз болуға тиіс дейтін нәрселер үшін күресіп жүр.
  • 8:04 - 8:07
    Осы үшін де мен жұмысымды істеймін.
  • 8:07 - 8:12
    2004 жылы менің кішкентай ұлым дүниеге келді,
  • 8:12 - 8:15
    мен оны ғажап бала деймін,
  • 8:15 - 8:18
    өйткені қаншама өлім,
  • 8:18 - 8:22
    бүліншілік, қирау, хаос пен қараңғылықты көргеннен кейін
  • 8:22 - 8:26
    менің өмірімде үміт сәулесі дүниеге келді.
  • 8:26 - 8:30
    Мен оны Лука деп атадым, яғни " жарық әкелуші",
  • 8:30 - 8:35
    өйткені ол менің өміріме сәулесін төкті.
  • 8:35 - 8:39
    Менің ол туралы айтып отырғанымның себебі, ол төрт айлық болған кезде
  • 8:39 - 8:43
    менің редакторым маған Бағдатқа баруың керек деді,
  • 8:43 - 8:47
    мен ол жерде Саддам режимі туралы жазуым керек еді,
  • 8:47 - 8:49
    Бағдат құлағаннан кейін де сонда болдым,
  • 8:49 - 8:53
    көзіме жас үйіріліп ұшақта отырғаным,
  • 8:53 - 8:55
    баламнан жыраққа кеткеніме еңіреп жылап отырғаным есімде.
  • 8:55 - 8:58
    Мен сол жерде болған кезде
  • 8:58 - 9:00
    менің танысым ирақтың танымал саясаткері
  • 9:00 - 9:03
    маған былай деді: «Сіз мұнда не істеп жүрсіз?
  • 9:03 - 9:05
    Сіз неге үйде, Лукамен бірге емессіз?»
  • 9:05 - 9:09
    Мен оған «Мен мұны көруім керек» деп жауап бердім. Бұл 2004 жыл еді,
  • 9:09 - 9:13
    Ирақтағы ең қанды кезең еді,
  • 9:13 - 9:16
    «мен мұны көруім керек, не болып жатқанын,
  • 9:16 - 9:17
    мен бұл туралы хабарлап тұруым керек».
  • 9:17 - 9:21
    Ол маған: "Үйіңізге қайтыңыз,
  • 9:21 - 9:24
    егер сіз оның бірінші тісін,
  • 9:24 - 9:27
    оның бірінші қадамын көрмей қалсаңыз, сіз өзіңізді ешқашан кешірмейсіз.
  • 9:27 - 9:31
    Соғыс, басқа да соғыстар тағы болады» деді.
  • 9:31 - 9:35
    Өкінішке қарай, соғыс бола береді.
  • 9:35 - 9:39
    Мен өзімді алдап келемін, мен журналист,
  • 9:39 - 9:41
    репортер, жазушы ретінде
  • 9:41 - 9:46
    оны тоқтатуға не істей аламын. Мен тоқтата алмаймын.
  • 9:46 - 9:48
    Мен Кофи Аннан емеспін. Ол да соғысты тоқтата алмайды.
  • 9:48 - 9:51
    Ол Сириямен келіссөздер жүргізуге тырысты, дегенмен ешнәрсе істей алмады.
  • 9:51 - 9:55
    Мен БҰҰ резолюциясына қарсы шығатын адам емеспін.
  • 9:55 - 9:57
    Мен тіпті гуманитарлық көмек көрсететін дәрігер де емеспін,
  • 9:57 - 10:00
    мен көмек беретін уақытты да айта алмаймын,
  • 10:00 - 10:03
    менің көз алдымда адамдар өліп жатты, мен оларды құтқара алмадым.
  • 10:03 - 10:07
    Мен тек қана куәгермін.
  • 10:07 - 10:12
    Менің рөлім болған нәрсені адамдарға айтып беру.
  • 10:12 - 10:16
    Менің әріптесім мұны әлемнің қараңғылық басқан бөліктеріне
  • 10:16 - 10:18
    сәуле шашу деп сипаттады.
  • 10:18 - 10:21
    Мен осыны істеуге тырысып жүрмін.
  • 10:21 - 10:24
    Менің жолым ылғи бола бермейді,
  • 10:24 - 10:27
    кейде бұл өте қиын,
  • 10:27 - 10:29
    өйткені сіз тұңғиыққа жазып жатқаныңызды сезесіз,
  • 10:29 - 10:31
    немесе мұның бәрі ешкімді қызықтырмайды, мазаламайды.
  • 10:31 - 10:33
    Сирияны кім уайымдап жатыр? Кім Боснияның қамын ойлап жатыр?
  • 10:33 - 10:35
    Конго,
  • 10:35 - 10:38
    Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне
  • 10:38 - 10:40
    туралы кім уайымдайды?
  • 10:40 - 10:44
    Бұл - мен өмір бойы ұмытпайтын жердің атаулары.
  • 10:44 - 10:47
    Бұл - менің кәсібім, куәгер болу,
  • 10:47 - 10:50
    осыны істеп жүрген репортерлердің
  • 10:50 - 10:53
    жұмысының мәні осы.
  • 10:53 - 10:56
    Менің қолымнан келетіні тек қана үміттену,
  • 10:56 - 10:59
    саясаткерлер мен саясатты жасаушылар үшін емес,
  • 10:59 - 11:01
    олар менің сөзімді оқи отырып
  • 11:01 - 11:04
    бірнәрсе істейтін болар деген үміт,
  • 11:04 - 11:07
    мен өзімді алдап отырған жоқпын.
  • 11:07 - 11:11
    Бірақ маған үміт беретіні, егер сіздер менің айтқандарымды
  • 11:11 - 11:15
    немесе соның ішіндегі бір оқиғаны таңертеңгілік ас ішіп отырып естеріңізге түсірсеңіздер,
  • 11:15 - 11:17
    егер сіздер Сараевода болған жағдайды
  • 11:17 - 11:21
    немесе Руанда туралы еске алсаңыздар
  • 11:21 - 11:23
    мен жұмысымды жақсы атқарғаным деп ойлаймын.
  • 11:23 - 11:25
    Көп рақмет.
  • 11:25 - 11:33
    (Қол шапалақтау)
Title:
Соғыста көргендерім
Speaker:
Жанин ди Гиованни
Description:

Репортер Жанин ди Гиованни әлемнің жан түршіктірер жерлерінде болып, Боснияда, Сиерра Леонда және Сирияда болған оқиғаларды сипаттады. Ол үлкен қақтығыс кезіндегі адамшылық сәттері туралы айтып берді және таныс көшелердің бомбалағаннан кейінгі адам шошытарлық түрін зерттеді.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
11:53
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for What I saw in the war
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for What I saw in the war
Asqat Yerkimbay commented on Kazakh subtitles for What I saw in the war
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for What I saw in the war
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for What I saw in the war
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for What I saw in the war
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for What I saw in the war
  • Керемет тақырыпты таңдапсың. Украинадағы жағдай тұсында біздікілердің көбісі ойланатын шығар.

Kazakh subtitles

Revisions